Дипломная работа: XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы жорықтар


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
История
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
58

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ. 3

 I   ТАРАУ. XV ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫР. 9

ӨҢІРЛЕРІ ҮШІН ЖҮРГІЗІЛГЕН КҮРЕСТЕРІ 9

1.1 Сыр өңірі үшін күрестің себептері 9

1.2 Сыр өңірі үшін жүгізілген күрестің барысы, нәтижелері 22

 

II ТАРАУ XVI ҒАСЫРДЫҢ МУХАММЕД ШАЙБАНИ ХАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ҚАРСЫ ЖОРЫҒЫ.. 34

2.1 Қасым ханның биліке келуі 34

2.2 Қасым ханның Батыстағы жүргізіген саясаты.. 47

 ҚОРЫТЫНДЫ.. 55

 

I   ТАРАУ. XV ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫР ӨҢІРЛЕРІ ҮШІН ЖҮРГІЗІЛГЕН КҮРЕСТЕРІ

1.2 Сыр өңірі үшін жүгізілген күрестің барысы, нәтижелері

 

... XVI ғасырдың бірінші ширегінде Қазақ хандығының күшеюі Қазақ хандығы мен қазақ халқының атауларына байланысты бұрыңғы ұғымдарға өзгерістер енгізеді. «Көшпелі өзбектер», «Өзбек-қазақ» этнонимдерінің орнына бір ортақ этникалық атау – «қазақ» қолданыла бастайды.

 

Географиялық мәдениеті «Дешті Қыпшақ» ғұмырына қоса, этногеографиялық «Қазақстан» атауы қатар қолданыла бастайды. «Қазақстан» термині алған реет XVI ғасырдың бірінші жартысында ортағасырлық дерек мәліметтерінде кездеседі. [34.180] Кейбір зерттеушілер бұл терминнің Мұхаммед Талибтің «Матлаб ад-талибин» атты еңбегінде 1512 жылғы оқиғаларда кездесетіндігін айтады.                       [25.76] 

 

Жалпы алғанда, Қазақ хандығы XVI ғасырдың бірінші ширегінде Мауреннахрмен саяси қарым-қатынастардың барысында өмірлік маңызы ерекше Сыр бойын Қазақ хандығына қосады. Бұл жағдай хандықтың күшеюі мен нығаюына, тікелей әсер етеді. Ал, сол кездегі хандықты басқарған Қасым хан есімі аңызға айналады. Замандастарының бәрі Қасым ханның беделіг мойындайды, оның атақ-даңқы туралы мәліметтер қалдыралы.

 

Ең басты, Қазақ хандығының XVI ғасырдың соңына дейін Сыр бойы үшін жүргізілген күрестің бірінші кезеңі – XV ғасырдың 70 жылдары XVI бірінші ширегіндегәі жеңіспен аяқталады. Бұл жеңіс Қазақ тайпаларының этникалық территориясын біріктірудегі алғашқы сәтті қадам болды және аймақтың Қазақ хандығы құрамына түпкілікті қосылуына жағдайдал жасады.  ...

 

II ТАРАУ XVI ҒАСЫРДЫҢ МУХАММЕД ШАЙБАНИ ХАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ҚАРСЫ ЖОРЫҒЫ

2.2 Қасым ханның Батыстағы жүргізіген саясаты

 

... «Хан жарлығының мәні бар еді, өзбек мемлекетіне келген  Қазақтар оның күш-қуатын зерттеп алып, сонан соң құлшына күреске түсер еді. Сол кезде оларға қарсы жүру қиын болар еді. Бүгінде олар өзбектердің қалай тұрып, рақатқа батып отырғанын білмейді. Сөйтіп, өздерінің мешеу өміріне өте жақсы деп санайды, ал егер оларға жақсы және әдемі өнімдер жетсе, олар басқаша ойлай бастаған болар еді. Қазір олар білмейді. Осы ойлар негізінде олармен қарым-қатынас және сауда жасауға тыйым салынды, осындай шаралар арқылы Қазақ халқының жолын бөгегісі келді ». Шайбани хан сонымен бірге Қазақ жеріне  бірнеше реет  тонаушылық жорық жасап, талан-таражға салады.

Қорыта келе Шайбани ханның үшінші жорығы алғашқы екі жорыққа қарағанда анағұрлым жемісті аяқталады. Оның бірнеше себептері де болады.

Бірінші, Шайбани хан бұл жорыққа діни сипат бере отырып, өзіне бағнышты аймақтардың бар күшін пайдаланады.

Екінші, Шайбани хан шебер және шұғыл қимылдап, қазақ ұлыстарына тосынан жасау себеп болды.

Үшінші, жау әскерінің жеңісіне қыс айындағы қазақ ұлыстарының шаруашылық ерекшелігіне байланысты шашырайды, бір-бірінен алыс, және хабарсыз орналасуы көп көмек көрсетеді.

Тарауымызды қорыта келе XVI ғасыр басындағы Қазақ хандығының Түркістан аймағы үшін Мауреннахрмен жүргізген күресі өте ауыр болды. оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, XV ғасырдың соңында Шайбани хан мен жасалған шарт бойынша Қазақ хандығы аймақтың солтүстік өңірлеріне ие бола отырып, экономикалық негізгі көшплі мал шаруашылығы болғанықтан Сығанақ, Сауран және Созақ секілді қалаларға мықтап бекінеді. Екіншіден,  XVI ғасыр басында Түркістан аймағы үшін Қазақ хандығына қарсы күрескен Мауреннахр XV ғасырдың соңында саяси бытыраңқылықтан айрылып бір орталыққа бағындырылады. Үшіншіден, Қазақ хандығына  XVI ғасыр басында Мауреннахр мен қарым-қатынастың ауыр болуы, осы уақыт ішіндегі Қазақ хандығының билеуші топтар арасындағы қайшылықтар әсер етті деп санаймыз.

 

Жоғарыда айтылған қиын жағдайларға қарамастан Қазақ хандығы Қасым ханның Шайбани ханды жеңуі арқасында Түркістан аймағындағы иеліктерін сақтап қана қоймай, оны оңтүстікке қарай ұлғайта түседі. ...