Реферат: ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы сараптау (эксперименттік) психологиясының дамуы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Психология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
9

Жоспар

1 Ресейдегі ХVІІІ ғасырдағы психологиялық ойлар: М.В. Ломоносовтың психологиялық көзқарасы.. 3

2 И.М.Сеченовтің еңбегі және Ресей психологиясының  дамуындағы ролі 4

3 И.П.Павловтың еңбегінің Ресей психологиясындағы ойлардың дамуындағы ролі 5

4 А.Ф.  Лазурский, Н.Н. Ланге, Г.И. Челпанов еңбектері 7

 

2 И.М.Сеченовтің еңбегі және Ресей психологиясының  дамуындағы ролі

 

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы психологиялық көзқарастар мәнді деңгейде психологиялық құбылыстар жайлы діни көзқарастарға қарсылықта болады.

 

Сол кезендегі айқын жұмыстардың бірі И.М. Сеченовтың “Бас ми рефлекстері”(1863) атты еңбегі болды. Бұл жұмыс психофизиялогиялық ,нейропсихологиялық,жоғары  жүйке жүйесінің физиологиясының дамуына үлкен үлес қосты.  Осы еңбегінде  Сеченов рефлекторлық принципті адамның бас миы қызметіне ,одан әрі барша психикалық іс-әрекетіне жая қолданды.Ол “адамның бүкіл саналы да санасыз (астарлы) өмірдегі әрекеттері өзінің туындауы жағынан рефлекстерге байланысты,немесе рефлекстік әдіс”, - деп жазған. Бұл психиканы объективті түсінудегі алғашқы қадам еді.Бас миы рефлекстерін шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бірлігін анықтады: бастапқы бірлік жүйке қозуы процесінде миға берілетін сыртқы тітіркендіргіштер;ортаңғы бірлік мидағы қозу және тежелу процестері және солардың нәтижесінде психикалық қалыптардың (түйсік,ой,сезім,т.б.) пайда болуы; ақырғы бірлік  сыртқы қозғалыстар. Бұл тізбектегі ортаңғы бірліктің психикалық элементтері қалған екі шеткі (сыртқы тітіркендіргіштер мен жауапты әрекеттер бірліктерсіз жасамайды. Сондықтан да барша психикалық құбылыстар бүкіл рефлекторлық процестің бөлінбес құрамы.

 

Сеченовтың рефлекс  бірліктерінің ажыралмас байланысты жөніндегі тұжырымы психикалық іс-әрекетті ғылыми тұрғыдан түсінуде үлкен маңызға ие болды. Психикалық қызметті сыртқы ықпалдардан да, адам қылық- әрекеттерінен де бөліп қарауға болмайды. Психикалық құбылыс субъектінің жалғыз толғанысымен шектеліп қалмайды,егер олай болғанда, психикалық дүние (ой,ес,қиял т.б.) нақты өмірлік маңызға ие болмас еді.

 

Психикалық іс-әрекеттің рефлекторлық принципіне орай Сеченов – адам іс-әрекеті мен қылығы сыртқы әсерлердің себебінен туындайтыны жөнінде ғылыми психология үшін өте маңызды қорытынды жасады. Ол “Бастыпқыда қандай да әрекеттің себебі әрдайым тысқы сезімдік қозуда, онсыз ешқандай ой өрістеуі мүмкін емес”, - деп жазды.

 

Сонымен бірге ғылым сыртқы жағдайлар әсерін үстірт түсінбеу қажеттігін ескерткен.Бұл арада әңгіме тек көрініп тұрған нақты тыс әсер жөнінде ғана емес,сыртқы жағдай әсерлері тобына адамның өткенде кезіккен әсерлері,барша өмір тәжиребесі қамтылды.

 

Осылайша И.М.Сеченов рефлекстің миға байланысты бірлігін оның табиғи бастауынан (сезім мүшелеріне әсер) және ақырынан (жауап қозғалыс-қимылдар) бөліп,оқшаулау орынсыз екенін көрсетіп берді.

 

И.М.Сеченов тек қана физиолог емес, сонымен бірге оның еңбектері қазіргі психологияның жаратылыс тану ғылыми негізін салды. Сеченов ерте жастық кезеңінен бастап психологияға әуес болды және С.Л.Рубинштейннің пікірінше, сол кезеңдегі ең ірі орыс психологтарының бірі болды.

 

Сеченов-психолог тек қана психологияның зерттеу пәні-психикалық құбылыс екенін анықтайтын психологиялық концепцияны емес, сонымен бірге Ресейдегі эксперименталды психологиялық құрылуына үлкен әсер етті. Оның ғылыми іс-әрекетінің ең негізгі мәні, ол В.М.Бехтеров және И.П.Павловтың зерттеулеріне әсерін тигізді.

 

4 А.Ф.  Лазурский, Н.Н. Ланге, Г.И. Челпанов еңбектері

 

Кейінірек, ғасырлар аралығында, эксперименталды зерттеулер А.Ф. Лазурский, Н.Н. Ланге, Г.И. Челпанов сияқты ғалымдардың жұмыстарында жалғасын тапты.

 

А.Ф.Лазурский тұлға мәселелерімен көп айналысты,әсіресе адам мінезін   зерттеді. Сонымен бірге, ол өзінің эксперименталды жұмыстарымен танымал , соның ішінде  табиғи эксперимент әдісін ұсынған. Ресейдегі дифференциалды психолгияның негізін салушы.

 

Эксперимент жайлы айта бастағанда, Н.Н.Лангенің есімін атамауға болмайды. Н.Н.Ланге түйсік, қабылдау, зейінді зерттеумен ғана айналысқан жоқ, сонымен бірге Одесса университетінде ең алғашқы  Ресейдегі эксперименталды психологиялық лабораторияны ашты.

 

Ланге психикаға генетикалық көзқарасты дамытады, яғни организмнің өмір сүруі үшін өмірлік қалыптастырушы, мәнді факторы ретіндегі өмірлік даму өнімін көрді. Ланге психиканың эволюциясы мен жетілуін оның биологиялық пайдалылығынан табады.

 

Адамның психикалық дүниесі-тірі жанның эволюциясының біршама стадиясы. Адам “қоғамдық және тарихи мән-”психикалық дамудың  жоғары сатысына ие, ол деңгейге дейін оны “қоғамдық тұрмыс пен тарихи прогресс” көтерді.

 

Жануарлардың психикалық дүниесі тек физиологиялық тұқымқуалаудың органикалық типі мен шартталған,ал тарихи,қоғамдық адамның сабақтастық факторы мүлде басқа-бір ұрпақтан екінші ұрпаққа бүкіл жетілген мәдениеттің жиынтығын тіл арқылы,еліктеу, оқыту арқылы т.б. арқылы жеткізіледі. Ланге пікірінше: “Адам тұлғасының жаны 99% тарих және қоғамның өнімі.”

 

Егер Ресейде ХІХ ғасырдың аяғында эксперименталды психология,біршама лабораториялардың (В.М.Бехтерев, В.Ф.Чижов, П.И.Ковалевский  және   т.б.) қалыптасуына қарамастан, өз алды ғылыми іспен айналуысына идеалистік психология университеті жағынан қатты өз құқықтарын қорғады. Оның себебі психикалық өмірді табысты зерттеу және оны материалистік түсіну емес,сонымен бірге материализмның қарсыластарының эксперементалдық психологияны күйреткесі келеуіменде байланысты. ...