Жоспар
1 XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың бірінші жартысындағы неміс классикалық философиясының психиологиялық идеялары.. 3
2 XIX ғасырдың бірінші жартысындағы неміс эмпирикалық психологиясы.. 7
2 XIX ғасырдың бірінші жартысындағы неміс эмпирикалық психологиясы
Ерекше танымалдылыққа Гербарттың үш оқушысы ие болды – Т. Вайтц (1821-1864), М. Лацарус (1824-1903) және Г. Штейнталь (1823-1899).
Вайтц алғашқы қауымдық халықтардың рухани өмірін зертеу жайлы идеясын айтты және жалпы психикалық өмірдің тарихи дамуын қадағалуды усынды.
«Алғашқы қауымдық халықтар антропологиясы» еңбегінде әртүрлі халықтардың олардың мәдениетіне, жанұялық өмірі, мінезі, адамгершілігі, саяси өмірі, дініне қатысты материалдар жинауға талпынып, психиканы зертеудің обьективті мүмкіндіктері туралы сұрақ қойды.
Лацарус және Штейнтальды тарихшылар этникалық психологияның негізін салушылар сапасында бағалады. Штейнталь өзінің тілді тану жұмыстарымен, сонымен бірге грамматика, логика және тілдің психиологиалық мәнін зерттеу жұмыстарымен танымал.
Лацарус және Штейнталь 1859 жылы «Журнал психологии народов и языкознания» журналының негізін салды. Редакторлардың «Халықтар психологиясы жайлы» бағдармалық мақаласында ең негізгі міндет болып әр халықтың рухын зерттеу көзделді. Халықтар рухының элементтері ретінде тіл, дін, практикалық өмір жатты.
Халықтар психиологисын зертуді В.Вундт жалғастыруға талпынды.
Неміс эмпирикалық психологиясының XIX ғ. тағы да бір өкілі Г.Г. Лотце (1817-1881). Бірақ ол Гербартқа қарағанда психологияға өз әсерін тигізді, бірақ оның ізбасарлары белгілі психологтер К. Штумф, Г.Э. Мюллер есті зерттеу аймағындағы ірі ғалымдар.
«Медициналық психология немесе рух психологиясы» (1852) еңбегінде Лотце кеңістікті қабылдау (жергілікті және локалды белгілер) теориясын дамытты. Ол В. Вундт және Гельмгольцке әсерін тигізді. Лотце пікірінше, кеңістікті қабылдау тек көру мен иіс сезу арқылы жүзеге асады.
Тәжірибеде кеңістікті қабылдау қабілеті келесідей жүзеге асады - көру және иіс сезу түйсігі сапа және белгілі қарқындылықпен сипатталады және өздерінде ешқандай кеңістік белгілерін сақтамйды. Онда заттың кеңістік қасиеттерін қалай қабылдау мүмкін?
Анатомиялық көрсеткіштерге сүйене отырып, тордың әр нүктесі және тері беті бір-бірінен саналық өзгешеліктерге ие және сондықтан сыртқы әсерге спецификалық түрде түйсінеді.
Ол жергілікті локалды белгіге ие. Заттардың кеңістікте локализациясы жергілікті саналық сипатына негізінде түйсініледі. Бұл процесс ішкі жағдайдың санасу механикасының өнімі.
Сонымен, XVIII ғасырдың аяғы XIX ғ. бірінші жартысындағы неміс классикалық философиясының психологиялық идеяларының өкілдері И.Кант, Л.Фейербах болып табылады.
XIX ғ. бірінші жартысындағы неміс эмпирикалық психиологиясының қурылуына И.Ф. Гербарт, М.И. Дробиш, В.Ф. Фольман, Г. Вайтц, М. Лоцарус, Г. Штейнталь, Р.Г. Лотце, К. Штумпф, Г.Э. Мюллер үлкен үлес қосты.