Жоспар
1 Психоанализ бағыты. З.Фрейд, А.Адлер, К.Г.Юнг, Э.Фромм, К.Хорни еңбектері 3
2 Бихевиоризм бағыты. Дж.Уотсон, Б.Скиннер еңбектері 3
3 Гештальтпсихологиясы. М.Вертгеймер, К.Коффка, В.Келлер еңбектері 4
4 Когнетивті психология. 5
2 Бихевиоризм бағыты. Дж.Уотсон, Б.Скиннер еңбектері
ХХ ғасырдың екінші жартысында тағы да бір психологиялық мектеп – бихевиоризм – мінез –құлық психологиясы қалыптасты.
Мектептің негізін салушы Джон Уотсон бақылау және эксперимент арқылы мінез-құлық заңдылықтарын ашу мақсатын қойды. Адамның мінез-құлқы толығымен сыртқы ортамен басқарылады деген постулат қойылды. Адамның неге талпынатынын және неден қашқақтайтынын - осы сыртқы орта белгілейді. Адам мінез-құлқының құрылымы белгілі мөлшерде сыртқы орта құрылымының көшірмесі болып табылады.
Қазіргі бихевиоризм өкілі Беррис Скинердің ойынша, адам мінез-құлқы генетикалық қаныққандық, физикалық орта және әлеуметтік ортамен байланысты. Адамның ішкі жағдайы терістелмейді және мінез-құлықты талдау үшін қажет екендігі ескеріледі.
Беррис Скинердің тұжырымдамасы: «Адам қоршаған басқарылады, бірақ.... орта толығымен адаммен қалыптасады», яғни, мінез-құлық өзінің нәтижесімен қалыптасады және тұрақталады.
Егер әрекет нәтижесі адам үшін маңызды болса, ол адамның мінез-құлқын басқарады. Әрекет нәтижесінің келесі мінез-құлқына әсер етуі, «нығайту» деп аталады. Адамға әлеуметтік орта әсер етсе, әлеуметтік ортаны өзгерте отырып, адамға әсер етуге болады. Қоршаған ортада адамға әсер ететін оң бағыттау көп болуы қажет.
3 Гештальтпсихологиясы. М.Вертгеймер, К.Коффка, В.Келлер еңбектері
Гештальтпсихология ХХ ғасырдың бас кезеңінде Германияда пайда болған идеалистік психологияның бір бағыты. Басты өкілдері: М.Вертгеймер, В. Келлер, К. Кофман, К. Левин. Гештальтпсихология механикалық жаратысылытану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды.
Гештальтшылар «элементтер психологиясына» қарсы әрбір психологиялық процестің біртұтастығымен өзіндік сапасын жақтады. Олар тұтастықты элементтерден тіпті өзгеше жаңа, өзінің ішкі заңдылығынан туып, өзгеріп отыратын, түсіндіріп болмайтын, тек баяндауға ғана келетін құбылыс деп пайымдады.
Гештальтпсихологияның тұтастық идеясы динамикалық жағдаймен оның формалды құоылымының бірбүтіндігі негізінде іс жүзіне асырылды. Гештальт ұғымын алғаш енгізген Эренфельд
4 Когнетивті психология
ХХ ғасырдың ортасында психологияның үшінші мектебі когнетивті психология қалыптасты. Когнетивті психология психиканы танымдық операциялар жүйесі ретінде, ал адамды - ақпаратты өңдеуші субъект ретінде қарастырды.
Когнетивті психологияның негізін салушылар Фриц Хайдер – танымдық тепе-теңдік теориясы, Леон Фестигнер- когнетивті диссонанс теориясы, Джордж Брунер - әлеуметтік қабылдаудың перцептивті болжамдар теориясы, Джордж Келли – тұлғалық конструкттар концепциясы, Герман Виткин – тұлғаның когнетивті стилін зерттеу теорияларын ұсынды.
Біздің кезімізде әр түрлі психологиялық мектептер арасында жақындасу тенденциялары байқалады. Мектептер арасында қарама –қайшылықтар шыдамдылыққа ауысып, кейбір идеялар мен концепцияларға қатысты ортақ көзқарастар туындауда.
Жалпы психология психологияға қатысты және оның салаларына қатысты теориялар негізін қарастырады. Бұл оның психология ғылымындағы орыны мен ролін айқындайды. Жалпы психология бұл жүйенің жалпы теориялық, методологиялық бөлімі.
Психологияда кез келген ғылымдағы сияқты өзінің пәні мен объектісі бар. Психологияның объектісі – психикаға ие адамдар мен жануарлар. Жекелеп тек зерттеушімен әрекеттесуі немесе бір-бірімен өзара әрекеттесуші, яғни әртүрлі мөлшердегі құралған топтар қарастырылады. aa
Адамның психологияның объектісі ретіндегі ажырамайтын бөлігі іс-әрекет немесе өмірлік белсенділіктің басқа формалары. Жануарларды психологияның объектісі немесе адам психикасымен салыстыратын модель ретінде зерттейді. ...