МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
1. ЕҢБЕК АҚЫ – БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ 6
1.1 Еңбек ақының мәні мен ерекшеліктері 6
1.2 Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы.. 9
1.3 Кәсіпорынның есеп саясаты.. 12
2. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБІ 16
2.1. Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелері 16
2.2 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі 25
2.3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі 42
2.4 Қызметкерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі 57
3. ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТАЛДАУЫ.. 69
3.1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің. 69
мақсаттары мен ақпараттық көздері 69
3.2 Еңбек ақының дұрыс есептелуі және олардан ұсталатын ұсталымдар мен аударымдардың аудиті 78
3.3 Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау. 85
ҚОРЫТЫНДЫ.. 92
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 95
2. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБІ
2.2 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі
... Немесе меррзімдік еңбек ақы бойынша жұмыс істейтін 9-шы және 11-ші разрядтағы жұмыскерлер 21 сағаттан күндізгі 2 дейін, 8 мамырда жұмыс істеді делік, ал 9-мамырда таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 8-ге дейін жұмыс істеген. Ұйым аптасына 5 күнді жұмыс күні етіп белгілеген және 1-разрядқа 15000тг. деңгейінде мөлшерлемесін бекіткен.
Кәсіпорынның ұжымдық келісім-шартында, түнгі уақыттық тарифтік мөлшерлемесін, нормадан артық орындаған әрбір сағат үшін сағаттық тарифтік мөлшерлемесінің жартысын, ал демалыс пен мереке күндері үшін сағаттық тарифтік мөлшерлемесінің екі еселенген мөлшерін алуды қарастырған.
9-разряд үшін сағаттық тарифтік мөлшерлемесі = 15000х1,78/168=159тг.
11-разряд үшін сағаттық тарифтік мөлшерлемесі = 15000х2,05/168=183тг.
Түнгі уақытта жұмыс істегені үшін (8-мамырда жұмыс істеген уақытының 50% түнгі уақытқа келетіндіктен) жұмыскерлерге келесі мөлшерде еңбек ақы есептелінген:
9-разрядтағы жұмыскерлер үшін = 1590(159х2х5);
11-разрядтағы жұмыскерлер үшін = 1830(183х2х5).
Мереке күндері үшін:
9-разрядтағы жұмыскерлер үшін:
мейрам күндері жұмыс істеген уақыты үшін: = 159х2х8 = 1544тг;
нормадан артық істеген күндері үшін: = 159х2х2 = 636 тг.
11-разрядтағы жұмыскерлер үшін:
мейрам күндері жұмыс істеген уақыты үшін = 183х2х8 = 2928тг;
нормадан артық істеген күндері үшін: = 183х2х2 = 732 тг. ...
2.4 Қызметкерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі
... Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар сот шешімдеріне, нотариалдық органдардың жазбаларына сондай-ақ дауыс түрде өндіріп алу туралы әкімшілік органдары қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де оның ішінде сыйлықтардан, зейнет ақылардан жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша берілетін жәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқарушы құжаттары арнайы тізімге тіркелуі тиіс.
Тапсырма – міндеттемелер негізінде еңбек төлемінен алынатын шегерімдерге – сауда ұйымдарынан несиеге тауар алуларына байланысты қызметкерлерге берілетін тапсырма – міндеттемелер негізінде еңбек төлемінен алынатын шегерімдер айдың 2 жартысы үшін еңбек төлемі төленгеннен кейін 3 күннен әрі асырмай айына 1 рет жасалады. Жеке өзін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарының шегерімдері өзін және мүліктерін ерікті түрде сақтандыру туралы шарттар бойынша банк мекемелеріндегі сақтандыру жарналарын аудару жөніндегі жазбаша тапсырмасы бойынша жасалады. ...
3. ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТАЛДАУЫ
3.1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің мақсаттары мен ақпараттық көздері
... Соңғы кездері көптеген кәсіпорындар қатарлы келісім шарттар анықталған жұмыстармен анықталған шарттарды орындауға еңбек келісімдері сияқты жұмыскерлермен еңбек қатынастарын рәсімдеу формасын қолданады. Мұндай жұмыскерлер кәсіпорынның штатты жұмыскерлері болып саналмайды. Бұл туралы әрбір аудитор жақсы білуі керек. Осы сұрақтарды тексере отырып аудитор тексеру кезінде осындай еңбек келісімдерінің қортындыларының заңдылығы мен мәнділігін талдау керек, нақты орындалған жұмыс көлеміне және еңбек ақы қоры мен саны бойынша есеп көрсеткіштерінде көрсетілуін тексеру қажет.
Ақпарат көздері: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар мен тәртіптер, азаматтық құқықтық штаттағы келісім шарттар (қайтарымды және қайтарымсыз келісім шарттар, қатарлы келісім шарт басқа да еңбек келісім шарттарының формалары) еңбек ақыны төлеуді есептеумен еңбек уақытын пайдалану есебінің табельдері (№ Т-49 немесе Т-51 , №Т-53 ) жұмыскерлердің жеке карточкалары (№ Т-2 форма) және басқа да құжаттар. Мінекей осы заңдылықтарды аудитор қатаң тәртіпке алып тексеру жүргізу керек, өйткені еңбек ақы шығындары өнімнің өзіндік құнына тікелей жататын болғандықтан бұл заңдылықтарды қатаң тәртіпке алу қажет. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" 2005-жылдың 24-ші маусымындағы Қазақстан Республикасының Заңы.,
2. “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" 1998-жылғы 20-қараша Заң күші бар №20 жарлығы (2001 ж. 15 қарашадағы өзгертулер мен толықтырулармен)., ...