Дипломная работа: Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, Құқық, криминалистика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
52

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ. 3

 

I БӨЛІМ. БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. 7

1.1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы. 7

1.2 Босқындар режимін беру қағидалары. 14

1.3 Халықаралық – құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері 20

 

II БӨЛІМ. БОСҚЫНДАР МӘРТЕБЕСІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ. 24

2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық нормалар. 24

2.2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша әріптестігі. 27

 

III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОСҚЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ . 33

3.1 ҚР-ғы босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері. 33

3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының құқықтық аспектілері. 42

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 47

 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 49

 

I БӨЛІМ. БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

1.3 Халықаралық – құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері

... Босқындар басқа халықаралық келісімдердің кең шеңберінде қарастырылған қорғануды (тікелей немесе жанама) қолдана алады. Кейбір жағдайларда босқындар мен баспана іздеуші тұлғаларды қорғау үшін аз қолданылды; екінші жағдайларда, мемлекеттер адам құқығы саласындағы  міндеттеме шарттардың мемлекет ішіндегі құқыққа инкорпорациялануы бойынша нақты шаралар талап ете алатынын қазір ғана мойындайды; үшіншіден – адам құқығын қорғауға арналған ережелер баспана іздеуші тұлғаларды қорғауға сәйкес келмейтін болып табылды.

 

Шарттардың орындалуын қадағалайтын және бақылайтын механизмді құратын, әмбебап немесе әлуетті әмбебап сипатты құжаттар ерекше маңызға ие, мысалы 1966 жылғы Пактілер – Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакт[1] және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пакт[2].

 

1984 ж. Азаптауға қарсы  конвенция ; 1989 ж.  Баланың құқықтары туралы конвенция; 1949 ж.  Соғыс кезіндегі азаматтық халықты  қорғау туралы Женева конвенциясы және оның 1 Хаттамасы; Теңіздегі қауіпсіздік туралы Конвенциялар; Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенциялары, оның ішінде  № 118 Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы елдің азаматтарының және шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың тең құқықтығы туралы конвенция(1962) және  № 97 Еңбек етуші – мигранттар туралы конвенция (1949).

 

Босқындар проблемасының нақты аспектілері 1957 ж. Босқын – теңізшілер туралы келісім және оның 1973 ж. хаттамасы сияқты құжаттардың және келісім хаттамаларының, мысалы авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенцияны қайта қарау туралы 1971 ж. хаттаманың объектісі болды; мұндай хаттамалар  1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы Конвенция үшін және Апатридтер мәртебесі туралы 1954ж.  Конвенцияға ортақ болып табылатын 14 бапқа негізделген; осыған ұқсас хаттама, өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы 1883 ж. Париж конвенциясын қайта қарау бойынша Дипломатиялық конференцияның қарауына  ұсынылған еді. ...

 

II БӨЛІМ. БОСҚЫНДАР МӘРТЕБЕСІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ.

2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық нормалар.

 

... Істің жағдайын дәлелдеу ауыртпалығы өтініш берушіге жүктеледі , бірақ адамның қашу кезінде басынан кешкен оқиғалары мен психикалық жарақаттары өтініш білдірушінің хабарлаған мәліметтерінің сәйкес фактілері мен сенімділігін тексеруші және бағалаушы кез-келген адам үшін сәйкес міндеттеме туғызады. Босқындарға «қорғау» беру — Конвенция мақсаттарының бірі болғандықтан, критерийлердің либералдық түсіндірмелері қажет. Қудалау алдындағы қорқыныш үрейдің негізділігі немесе негізсіздігі туралы шешім — бұл іс мәніне қарай, егер оны шыққан еліне қайта қайтарса, өтініш білдірушімен келешекте не болуы мүмкін екендігі жайлы гипотеза тұрғызу. Сондықтан дәлелдемелердің дұрыс стандартын қолдану кезінде ерекше абай болу қажет.

 

Дәлелдеу стандарты туралы даулар болжап білуге негізделген қорғау жүйесінің кейбір ішкі кемшіліктерін айқындайды. Босқындар мәртебесін анықтау — оңай мәселе емес: шешім қабылдаушы тұлғалар өтініш білдірушінің қандай сенімге ие бола алатынын және оның беталысын бағалауы керек.  Көп жағдайда туған елі туралы ақпарат болмайды немесе жеткіліксіз болады, сондықтан барлық уақытта ұсынылуы мүмкін емес дәлелдер талап етілуі мүмкін. Өтініш білдірушінің сөздерінде өзін-өзі ақтаудың артықшылығын байқауға болады, дегенмен оның атынан айтатын өзінен өзге адамның болмауынан бұл жағдайдың басқаша болуы мүмкін де емес. Толық негізделген қудалаудан қауіптенудің жағдайын дәлелдеу ауырпалығы өтініш білдірушіге жүктеледі, одан өзге, кейбір объективті дәлелдемелер талап етіледі; дегенмен ресми дәлелдемелер көбінесе болмайды немесе барынша жалпылама болады, сондықтан әрбір нақты жағдайларда қорытынды жасауға негіз бола алмайды.

 

Қауіптің шын мәнінде бар екендігін анықтау проблема болып қала береді, бірақ болжап білу сипаты мен қорғау мақсаты салдарды, сонымен қатар, ықтималдықты таразылаудан алшақ сенімділік дәрежесін ескеруге мәжбүр етеді.  ...

 

III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОСҚЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ .

3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының құқықтық аспектілері.

 

... Жобаға сәйкес  Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына қоныс аударғысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары немесе  Қазақстан Республикасынан  Ресей Федерациясына қоныс аударғысы келетін  Ресей Федерациясының азаматтары Келісімде анықталған шарттарға  сай белгіленген нысанда  өтініш береді:

 

а) Қазақстан Республикасының азаматтары - Ресей Федерациясындағы  Қазақстан Республикасының Елшілігіне немесе Қазақстан Республикасының  көші-қоны мен демография бойынша Агенттігіне;

 

б) Ресей Федерациясының азаматтары - Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Елшілігіне немесе Ресей Федерациясының Ішкі Істер Министрлігіне.

 

Уәкілетті орган немесе қабылдаушы мемлекеттердің елшілері тіркеу жүргізеді, өтініштің Келісім шарттарына сәйкестігін тексереді және жөнелтуші мемлекеттің уәкілетті органына жібереді.

 

Қабылдаушы  мемлекеттің уәкілетті органы өтінішті қарайды, онда шығуға кедергі келтіретін жағдайдың бары немесе жоғы туралы белгі соғады және  қабылдаушы мемлекеттің уәкілетті органына немесе мемлекет елшілігіне жібереді. Шығуға кедергі келтіретін жағдай болмаған жағдайда  қабылдаушы мемлекеттің уәкілетті органы  немесе  елшілігі өтініш берген тұлғаға  қоныс аударуға (келуге) белгіленген үлгідегі рұқсатты береді.  Қоныс аударуға (көшіп келуге) рұқсат беруден бас тартылған тұлға    шығуға кедергі келтіретін жағдай жойылған  кезде  екінші рет қоныс аударуға (көшуге) өтініш бере алады.  (3 бап).

 

Уәкілетті органдар  әрбір жарты жылдықта қоныс аударуға (көшуге) рұқсат алған тұлғалар туралы ақпараттармен алмасады  (4 бап). ...

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 Халықаралық құқықтық актілер.

 

1. Босқындардың мәртебесі туралы Конвенция (Женева, 28 шілде 1951 ж.). Қазақстан Республикасы аталған Конвенцияға  15 желтоқсан 1998 жылғы Заңға сәйкес қосылды.

 

2. Геноцидтік қылмыстың алдын алу және сол үшін жаза туралы Конвенция ( 9 желтоқсан 1948 ж.) «Геноцидтік қылмыстың алдын алу және сол үшін жаза туралы Конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» ҚР Заңы  29 маусым 1998 жыл №244-1 .

3. Апартеидтің алдын алу және сол үшін жаза туралы Конвенция (30 қазан 1973 ж. ).  ...