... Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады.Жапонияның ішкерірек селоларын, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын парктерді, князь қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе есік үйлерін көруге болады.
Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде Европаға ұқсамайтын өзіндік салт мол сақталған.Жапон үйлерінде мебель аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш төселеді.Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаң аяқ жүреді.Тамақтанатын әрі ұйықтайтайтын жері-еден.Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды.
Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме (сурет) өнері мен қуыршақтеатры өзіндік ерекшеліктерге бай.
Жапондар-сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық.Олардың ұлттық спортының бір түрі-дзю-до күресі бүкіл дүние жүзіне белгілі.
Жапония жерінде пайдалы қазбалар мен табиғи қорлар өте тапшы, сондықтан оның шарушылығы сыртқы саудаға өте тәуелді.Ол басқа елдерге машиналар, аппаратура, мата және басқа өнеркәсіп товарларын шығарады, ал шеттен мұнай, руда, ағаш, астық тағы басқа шикізаттар алады.
Жапонияда императордың билігі конститутция арқылы шектелген.іс жүзінде елді император емес, ірі биржуазия мүддесін жақтайтын министрлер кабинеті басқарады.
Жапоняи жұмысшы табы мен коммунистік партиясы өз мүдделері мен өмір сүру праволарын қорғап, капиталистермен үздіксіз күрес жүргізіп келеді. ...