... Тіс қатарында өздерінің аттарына қарай 8 тіс орна-ласады, олардың 2-і –күрек тіс, 1-і-сүйір тіс, 2-і кіші азу тіс, 3-і-үлкен азу тіс деп аталады.Оның формуласы мынандай болады:
Тұрақты 32 тістердің тізбегі деп жазылады.
Оларды тұтас қарағанда 8 күрек тістер, 4 сүйір тістер, 8 кіші азу тістер, 12 үлкен азу тістер деп оқу қажет.
Үлкен азу тістің үшіншісін «ақыл тіс» (dens serotinus) дейді. Ол басқа тістердің ең соңында ғана 12-26 жас аралығында шығады. Соңғы азу тістер өте тез жетіліп кетеді. Кейде «ақыл тістің» мүлде шықпай қалуы да мүмкін. Бұл адам тісінің біртіндеп азайып бара жатқандығын аңғартады. Шындығында да солай. Өйткені адам өз өмірінде алдын-ала ұқсатылып, майдаланған, пісірілген тамақтарды пайдаланады ғой. Бала тіссіз туады. Бала 6 айға толғанда тіс жара бастайды. Ал 2 жасқа толғанда тістер толық шығып бітеді. Сүт тістерінің жарып шығу мерзімдері көрсетілген. Бірінші шыққан 26 тіс сүт тістер деп аталады. Оның 2-і күрек тіс, 1-і сүйір тіс және 2-і азу тіс болады. Сонда сүт тістің тізбегі болып шығады. Бұл тізбектен сүт тстерінде кіші азу тіс және ақыл тістердің жоқтығын байқаймыз. Баланың 6 жастан 12-13 жас аралығында сүт тістері біртіндеп түседі де, олардың орнына тұрақты тістері өсіп шығады. ...
... Тістің түбірі. Тіс ұясына қазықша сүйірленіп қадалып орналасқан. Тіс түбірі 1-ден 3-ке дейін болады. Түбірдің ұшы, оның ұшында тесігі болатыны жоғарыда айтылған. Тіс түбірі тіс ұясындағы тамырлы сүйек қабығымен бірігіп кетеді. Тістердің әрқайсысында қуыс бар, оның тіс сауыты бөлігіндегісін сауыт қуысы, ал түбіріне қарай кеткен қуысты түбір өзегі дейді. Ол қуыстар жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпаға толы.
Эмаль-тіс сауыты бөлігін қаптап жатады. Ол ақ немесе ақшыл-сары реңді. Онда органикалық зат -3,5%, анорганикалық зат 96,5% . Ол призмадан құралған. Эмаль-энимелобластан түзілетін қатты тірі зат. Эмальдың сыртқы кутикула қаптаған жіңішке ретикуларлы талшықтардан түзіледі. Эмальда желініп, ыстық-суықтан бұзылатын зат болады. ...