Реферат: Протопласт туындылары. Ядроның және клетканың бөлінуі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Биология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
8

... Диктиосомада полисахаридтер синтезделіп иналады және сыртқа шығарып отырады. Гольджи көпіршігі оларды сол күйінде тамысалдап плазмалеммаға жеткізеді. Көпіршіктердің мембраналары плазмалеммаға сыртында қалып отырады және олар клетканың қабықшасына қосыла алады. Гольджи көпіршігі сондай-ақ тонопластқа да қосыла алады.

 

Сферосомалар. Дөңгелек сырты жылтыр диаметірі 0,5-1 мкм. болатын денешік, ол өсімдік майларының синтезделетін және жиналатын орталығы. Олар эндоплазматикалық тордың шеттерінен бөлініп шығады. Сферосомалардың сыртында орналасқан мембраналары май тамшыларының жиналуына байланысты редукцияға ұшырайды, сөйтіп одан тек сыртқы қабат ған қалады.

 

Лизосомалар. Размері 0,5-2 мкм. Болаттын, сыртында бір қабат мембранасы бар көпіршіктер. Олардың белоктарды, липидтерді полисахаридтерді және басқада органикалық қосылыстарды ыдырататын ферменттері болады. сферосомалар секілді оларода эндоплазматикалық тордың жепшелерінен (тяждарынан) пайда болады. олардың атқаратын қызметі – жекелеген органелдерді немесе цитоплазманың келетканы жаңартуға қажетті бөліктерін (локальный автолиз) ыдыратып бұзу болып табылады.

 

Митохондриялар. Митозхондрияның формасы алуан түрлі болады, дөңгелек, сопақша, целиндр тәрізді, гантель тәрізді, бұтақтанып тармақталған және т.б. олардың ұзындығы 2-5 мкм. (цилиндр тәрізді формаларының ұзындығы 7 мкм.) болады, ал көлденеңі 0,3-1 мкм.-ден аспайды. Митохондриялардың сфртфнда 2 қабат мембранасы болады. Ішкі қабатынан тарақ тәрізді немесе түтік тәрізді митохондрияның қуысына өтетін өскінді пайда болады. Оларды кристалар деп атайды.

 

Пластидтер. Тек өсімдіктерде ғана болады. Бұл органойдтардың сыртында 2 қабат мембранасы болады.Түсіне қарай пластидтерді 3-ке бөледі: көк түсті – хлоропластар; сары – қызғыш, қызыл түсті – хломопластар; түссіз – лейкопластар.

 

Хлопластарда жасыл пигмент хлорофилл, сонымен қатар каратиноидтар тобына жататын пигменттерден каротин (қызғыш түсті) және ксантофилл (сары түсті) болады. Хлоропластардың негізгі қызметі тікелей хлорофиллмен байланысты. Дәлірек айтқанда органикалық емес заттардан күннің энергиясының қатысуымен органикалық заттарды синтездеу (фотосинтез) болып табылады. Сондықтанда хлоропластар өсімдіктің тек күннің жарығы түсетін, жер бетіндегі органдарының клеткаларында ғана болады. Өсімдіктердің түсінің жасыл болуы хлоропластарға тікелей байланысты болады.

 

Лейкопластар. Лейкопластарда пигменттер болмайды. Мөлшері жағынан олар хлоропластардан кіші және белгілі формалары болмайды. Лейкопластар көпшілігінде өсімдіктің, күннің жарығы түспейтін ұлпаларының және огандарының клеткаларында – тамырларында, түйнектерінде, дәндерінде және басқаларда кездеседі.

 

Лейкопластардың ішкі мембрамалық системасы хлоропластарға қарағанда нашар жетілген. Стромасында ДНК – ның, рибосомалардың, пластоглобулдердің молекулалары болады.

 

Ядро

 

Ядро тек цитоплазмалық ортада өмір сүре алады. Ол тұқым қуалаушылық мәліметтерін сақтайтын және түзетін орын болып саналады. Ядро осы клетканың және осы организмнің белгілерін бүтіндей дерлік айқындайды. Сонымен бірге зат алмасу процесін басқаратын және цитоплазманың органелдерінің қызметін бақылайтын орталық. Егер клеткадан ядроны алып тастар болсақ, онда ол клетка көп кешікпей өледі.

 

Әдетте клеткада 1 ядро болады, бірақ балдырлардың кейбір түрлерінде және саңырауқұлақтарда көп ядролы клеткалар болдады. Бактериямен көк-жасыл балдырлардың толық қалыптасқан ядросы болмайды, бәрақ оның құрамына кіретін заттар олардың цитоплазмасында болады. Яғни ядро шашыраңқы жағдайда болады.

 

Ядро қабықшасы. Ядроның ішіндегі заттарды цитоплазмадан бөліп тұрады. Ядроның қабықшасы екі қабат мембранадан тұрады, олардың арасында перинуклеарлық кеңістік деп аталатын қуыс болады.

 

Мембрананың қалыңдығы 10 нм, ал перинуклеарлық кеңістіктің қалыңдығы тұрақты болмайды (өзгеріп отырдады). Қабықшаның жалпы қалыңдығы 60-80 нм тең. Қабықшаның ішкі мембранасы агранулялы болып келеді, ал сыртқы мембранасына рибосомалар бекінеді. Құрылысы және химиялық құрамы жағынан ядро қабықшасы эндоплазматикалық торға (ретикулум) жақын, оның сыртқы мембранасынан, тіптен цитоплазманың торына өтетін өсінділер түзіледі. ...