Курсовая работа: Балдырлар


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Биология
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
38

М А 3 М Ұ Н Ы

  КIРIСПЕ. 3

 

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.. 5

1.1 Балдырлар ортасының өсу ерекшеліктері 5

1.2 Балдырлар ортасында  органикальіқ еритін заттардың топталуы.. 7

1.3. Мутагенез және оның өзгергіштігі 11

1.4  Мутацияны топтастыру. 12

 

2. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЗЕРТТЕУ ЗЕРЗАТТАРЫ.. 15

2.1 Балдырлар экзометаболиттерiнiң активтiлiгiн байқау. 15

 

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ.. 17

3.1 Балдырлардың жеке және аралас өсуіндегі өсу процестері 17

3.1.1. Культураның өсу динамикасы.. 17

3.1.2. Балдырлардың тiршiлiкке бейiмдiлiк деңгейi 23

3.2 Балдырлар экзометаеолмттерiнiң биологиялық активтілігі 27

3.2.1. Балдырлар метаболиттерінің мутагенді және антимутагенді әсерін зерттеу  32

 

ҚОРЫТЫНДЫ  36

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  37

 

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1 Балдырлар ортасының өсу ерекшеліктері

 

 

... Табиғи жағдайда әртүрлі күрделілікпея заттардың бөлінуінен балдырлар гидробионттармен аллелопатиялық қарым-қатынасқа түседі. Балдырлардың микроорганизмдерге әсері туралы мәліметтер бар (олар саңырауқұлақтар, су есімдіктері, зоопланктом және ихтиофауна). Өсу кезеңінде балдырлардьщ өсуі биотоптағы басқа организмдердің әсеріне байланысты.

 

Экзометаболиттердің физиологиялық ролі алуан түрлі.  Олар альгицидтік,  альгостатикалық жене альгодинамикалық қызмет көрсете алады /10/.

 

Ортаның қалыпты өсу барысында клеткалардың өсуі зкзометаболиттердің концепциясының артуына әсер етпеген. Сондай-ақ, бұл кезеңде олардың концентрациясы әдетте төмендейді /11/.

 Көк-жасыл балдырлар бөлетін органикалық заттардың, бір сөткедегі мөлшерінің өзгеруі әртүрлі тербеліске үшырайды. А. И. Сакевич өзінің қызметкерлерімен бірге жасаған тәжірибесінен,  клеткадан  тыс  органикалық  заттардың  мөлшері Mikrosistik қоректік ортасында 16,96-130,73 мг/л есептеген, экспоненциалды өсу фазасында 258,60-325,21 мг/л өзгертіледі деп көрсетілген.  Сонымен бөліну және сіңіру функциясының сөткелік өзгеруіне физиологиялық өзгерістер - өсу, даму, фотосинтез әсерін тигізеді. ...

 

2. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЗЕРТТЕУ ЗЕРЗАТТАРЫ

 

... Зкзометаболиттердің биологиялық активтілігі балдырларға байқалып көрілді. Индикаторлық штамм ретінде Сһlогеllа руrеnоіdosa және Місгосуstis аеruginosa бірклеткалы балдырлары алынды. Сұйық қоректік ортаға сүзіндінің белгілі мөлшерін қосып, балдырларды өсірді.  Бақылауға дистильденген  судың белгілі мөлшері алынды. Клеткалардың санын Горяевтің камерасыңда есептедік. Тәжірибені үш рет қайталау керек. Бақылау варианттарында клеткалардың концентрациясы 100 % деп алынды.

 

Балдырлар экзометаболиттерінің мутагендік әсерін зерттеу үшін арпаның "Черниговский - s" сорты алынды. Тұқым - балдырлардың культуралды сұйықтығында 3 сағат бойы ұсталды. Осы кезде бақылау тұқымында дистильденген суға малып қойды. Тұқымды өңдеген соң, ағын судың астында жуып, кептіріп және Петри табақшасына сүзгі қағазын төсеп, сәл ылғалдау керек. 25 градуста термостатта өсірілді. Тұқымды фиксацияламастан бұрын, оларды а -бромнафталиннің ерітіндісінде 2 сағат сақталды. Фиксациялау үшін 6-7 мм-ге жеткен корешоктар алынды. ...

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ

3.1.1. Культураның өсу динамикасы

 

 ... Көк-жасыл балдырлардың қарқынды өсу фазасына етуі клеткалардың көбеюіне байланысты, биомассаның құрғақ салмағы артады да, өлі клеткалармен қатар жаңа клеткалар көбейіп отырады /33/.

 

Он бесінші күнге қарай СҺІ. балдырларының клеткаларының концентрациясы қайтадан жоғарылайды.

 

Енді, аралас өсіру барысындагы Scen.971 ортасына келсек, мұнда бес күндік өсіруде Scenadesmus және Сһlorella-ның клеткалары бірдей кебейген, 10-күндік мерзімде Scen.-тің клеткаларының өсуі жоғарылап, керісінше Сһlorella клеткаларының концентрациясы төмендеп кетеді. Он бес күндік бақылаудан. Scen және СҺІ. балдырларының қоректік ортадағы өсуі бір қарқынды жүрген. Демек, Scen. және СҺІ. балдырын қоректік ортада бірге өсіргенде, олардан бөлінген метаболиттердің бір-біріне тежегіштік қасиеті болмайтынын байқауға болады. ...

 

 

3.2.1. Балдырлар метаболиттерінің мутагенді және антимутагенді әсерін зерттеу

 

... Кестеден балдырлар сүзіндісімен алдынала өңделген тұқымдарда хромосомалар өзгергіштігінің жиілігін төмендеткен.

 

Демек, осцилляторияның экзометаболитімен әсер еткенде мутагенез жиілігі, 2,06 есе төмендеген. Егер НММ әсерінен 6,31% + 0,55% қайтақұрылымдар болған болса онда осцилляторяның сүзіндісі олардың жиілігін 3,06% + 0,48% есе төмендетеді.

 

Мутагеннің әсерімен салыстырганда Місг. х Scеn. қос культурасының сүзіндісімен әсер еткенде хромосомалық аберрация жиілігі екі есе төмендеген. Бұл вариантта 3,15% + 0,87% құрылымдардың қайтақұрылулары көрсетілген.

 

N3 кеетеде балдырлар экзометаболиттерінің антимутагендік әсерін зерттеу нәтижесі келтірілген. Мутагеннің әсерінен кейін, балдырлар сүзінділерімен қосымша әсер ету хромосомалар аберрациясының жиілігін азайтады, Осцилляторияның сүзіндісімен әсер еткенде аберрациялық метафаздардың, жиілігі 3,63% + 0,52% төмендеген. ...