Дипломная работа: Дебиторлық борыштар есебi


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Бухгалтерский учет, Бухгалтерлік есеп
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
66

Мазмұны

КІРІСПЕ. 3

 

1 ТАРАУ. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБI 5

1.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты.. 5

1.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi 6

1.3 Күмәндi дебиторлық борыштар. 31

 

2 ТАРАУ. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР  АУДИТI 42

2.1 Дебиторлық борыштар  аудитiнің мақсаты.. 42

2.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті 44

2.3 Күмәнді борыштар резервтерінің есебінің аудиті 47

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 62

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 65

 

2 ТАРАУ. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР  АУДИТI

2.1 Дебиторлық борыштар  аудитiнің мақсаты

 

 ... Сатып алушылармен есеп беруге тиісті тұлғалармен, жұмыскерлермен және басқа да дебиторлармен есеп айырысуларды түгендеу, тиісті құжаттар бойынша шоттарында көрсетілген сомаларының негізделген мұқият тексеріп анықтауды талап етеді. Аудитор және түгендеу комиссиясының мүшелері дебиторлық борыштардың пайда болу мерзімін, себебін және оған кінәлі тұлғаларды, нақты алынатынын (яғни, дебиторлар өздерінің борыштарын мойынына алған есеп ауысуларды актілерінің немесе хаттамаларының бар екендігін талап кту мерзімінің өтіп кетпегендігін (3 жыл); қарыздарды өндіру үшін қандай шаралар қолданылғандығын анықтайды. Қарама-қарсы тексеру жүргізу мәселелерін шешеіп, қарама-қарсы тексеру негізінен сауда және жабдықтау ұйымдарына жүргізілетіндігі ескерілуі тиіс.

Есеп айырысулардың түгендеудің нәтижесінде акт толдырылады. Актыда түгендеу жүргізілген шоттардың аттарын, дебиторлық борыштардың сомасын талап ету мерзімі біткен дебиторлық борыштарын өндіру мүмкін емес, үмітін үзген қарыздарын көрсетеді. Мұндай борыштарды түгендеу түрлері бойынша есеп айырысуларды түгендеу актілеріне дебиторлардың аталуы, мекен-жайы, қарыз сомасы, не үшін қарыз болғандығы, қай уақыттан бері, қандай құжаттардың негізінде көрсетіліп анықтвмв тіркелуге тиісті. Анықтамада талап ету мерзімін өткізіп алған дебиторлық борыштарды бойынша есеп айырысуларды түгендеудің материалдарына талдау жасау немесе түгендеуді аудитордың өзі жүргізгенде анықталған ауытқуларды, сәйкессіздіктер, түсініксіздіктер бойынша, аудиторға есеп айырысуларды өте мұқият тексеруге, ойын жинақтап бағыттауға мүмкіндік береді. ...

 

2.3 Күмәнді борыштар резервтерінің есебінің аудиті

... Дебиторлық борыштардың пайда болуы есеп айырысу тәртібін  бұзудың нәтижесінде туындайтын және шаруашылықтың қаржылық жағдайын төмендететін, толық сомасымен айналымнан шығарылған меншіктік қаржы деп санауға болмайды. Өйткені, оның бөлігі банк несиесінің объектісінің қызметін атқарып, шаруашылықтың төлем қабілеттеріне әсер етпейді.

Дебиторлық борыштарды қалыпты және сенімді ақтамаған деп бөледі. Сенімді ақтамаған дебиторлық борыштарға, есеп айырысу құжаттарындағы төлеу мерзімі біткен шағым-талап, материалды шеккен зиянды өндіру бойынша (кем шыққан, ұрланған, бүлінген құндылықтар) борыштар жатады. Сенімді ақтамаған дебиторлық борыштар айналым құралдарының  заңсыз алшақтату және қаржылық тәртіптің бұзылу фактісі болып табылады. Сондықтан, аудитор сенімді ақтамаған борыштардың  себептерін анықтауға ұмтылуы тиіс.

Аудитор дебиторлық борыштардың құрамымен және құрылымымен жалпы танысқаннан кейін, оның нақтылығы, құны жөнінде баға беруі қажет. Өйткені барлық дебиторлық борыштардың түгелдей өндіріле бермеуі мүмкін. Оның қайтымдылығы бұрынғы тәжірибенің және ағымдағы жағдайдың негізінде анықталады. Бухгалтерлік есептегі тәуекелдік, бұрынғы тәжірибе болашақтағы зиянды есептеуге әлсіз болуы немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескеріле бермеуі мүмкін. Нәтижесінде күткендегіден шеккен зиян едәуір жоғары болуы да ықтимал. ...