Реферат: “Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Менеджмент
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
21

Мазмұны   

 

 

1 бөлім. “Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамы.. 3

 

1.1 Компания тарихы.. 4

 

1.2 Компания стратегиясы.. 6

 

1.3 Мамандар тобы.. 8

 

1.4 Компания ұсынатын қызметтер. 9

 

1.5 Сапа жүйесі 10

 

1.6 Бизнес-процестерін басқару бөлімі 11

 

2 бөлім. Дипломалды іс-тәжірибе жөніндегі есеп. 14

 

 

 

1.3 Мамандар тобы

 

 

 

Компания қызметкерлері тек сақтандыру саласының жоғарғы класс мамандары ғана емес. Компания мақсаты – Клиент үшін тек кәсіби кеңесші ғана болмай, сонымен бірге іскерлік ынтымақтастықта достық қатынасты сақтау. Топты қалыптастыру кезінде Компания персоналдың Клиенттермен жұмыс істеудің психологиялық мәселеріне ерекше көңіл бөледі. Әрбір сақтандырушыға жеке менеджер бекітіледі, ол кез-келген уақытта осы Клиентке қатысты барлық жағдайлармен таныс болады және  сақтандырушылық қорғауды алғашқы келіссөздерден бастап, келісім-шартты жаңа уақытқа ұзартуына дейін барлық процесті ұйымдастырады.

 

Сақтандыру компаниясы қызметінің нәтижелілігіне сақтандыруға ұсынатын тәукелдерді талдайтын андеррайтерлердің кәсіби дәрежесі зор әсер етеді. Олар сақтандыру объектісіне тән тәуекел деңгейін көрсетуші және сақтандыру жағдайынынң орын алуына елеулі ықпал ете алатын кез-келген детальдар немесе ерекшеліктерді бағалайды. Осындай талдаудың нәтижесінде андеррайтер тариф көрсеткіштерінің деңгейін реттейді, тәуекелді сақтауға қабылдау немесе тәуекелді сақтауға қабылдамау туралы мәселені көтереді.

 

Сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығы қабылданған тариф саясатымен және сақтандыру резервтерінің жеткілікті деңгейімен анықталады. Ол үшін уақытылы және нақты актуарлық есептемелер, олардың адекваттылығы жөніндегі қорытындылар, Қоғам қол қоятын ірі келісімдер туралы қорытындылар қажет. Сонымен қатар, бизнес-жоспарларды құрастырғанда және Қоғам қызметін жоспарлауды, қаржылық жағдайы туралы сараптамалық қорытындылар ұсынуда актуарийдің ролі маңызды. ...

2 бөлім. Дипломалды іс-тәжірибе жөніндегі есеп

 

... Содан кейін аталған мақсатты топтардың матрицасын құру басталды. Мұнда олардың мақсаттары, олармен коммуникацияға шығуға болатын негізгі құралдар және тиімді каналдар анықталды. Осы матрицаға сүйеніп, біз кез – келген уақытта белгілі бір мақсатты аудиторияға PR – қызметі арқылы нәтижелі байланыс орнатып, немесе осы байланысқа шыға аламыз.

 

Жоғарыда айтылғандай, мен үшін, яғни сырттан келген адам үшін ақпараттың барлығын алу мүмкін емес болды. Яғни, мен “Евразия” Сақтандыру  компаниясы алдағы уақытта қандай шараларды іске асыратынын біле алмадым. Сол себепті мен дайындаған PR – стратегияда тек мақсатты аудиторияларға қатысты қандай шараларды жүзеге асыру керек, оларды қай уақытта жүзеге асыру тиімді екені көрсетіледі. Сөйтіп, PR – стратегия шеңберінде мақсатты топтармен жұмыс істеудің құралдары мен әдістері анықталды.

 

Соңында PR – стратегияны жүзеге асырудан қандай салдар бола алатыны және алдағы уақытта қандай тәукелдер болатыны аталынды.

 

PR – стратегияның жоба мәтіні PR – менеджерге тапсырылды. Ол оны қарастырып тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуі керек, соңында PR – стратегия Компания Басқармасына таныстырылады. ...