Мазмұны
КІРІСПЕ. 3
1 ТАРАУ. «ҚОС ҚАНАТ» ЖШС-НЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.. 5
1.1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру. 5
1.2 «Қос қанат» ЖШС-нiң есеп саясаты.. 9
2 ТАРАУ. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБI 12
2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты.. 12
2.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi 13
2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар. 37
3 ТАРАУ. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР АУДИТI 48
3.1. Дебиторлық борыштар аудитiнің мақсаты.. 48
3.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті 50
3.3 Күмәнді борыштар резервтерінің есебінің аудиті 53
ҚОРЫТЫНДЫ.. 68
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 71
1 ТАРАУ. «ҚОС ҚАНАТ» ЖШС-НЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.2 «Қос қанат» ЖШС-нiң есеп саясаты
... Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша тозуын есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Есеп саясатының техникалық жағдайы бухгалтерлік есепті жүргізу үлгілерін, бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру шараларын, олардың басқару жүйесіндегі орнын, басқадай элементтермен өзара байланысын т.б. қарастырады.
Есеп саясатының ұйымдастырушылық жағы бухгалтерлік есептің негізгі ережелерін, заңдылықтарын, ғылыми жағдайларын, жүйелерін қарастырады.
«Қос қанат» ЖШС-нің есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытынла дайындалған. Оны дайындаумен «Қос қанат» ЖШС-тің бас бухгалтері айналысқан. Дайындалған есеп саясатын «Қос қанат» ЖШС-тің басшысы өзінің бұйрығымен бекіткен. ...
2 ТАРАУ. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБI
2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты
... Дебиторлық борыштардың ішінде субъектінің шаруашылық қызметінде жиі кездесетінін – дайын өнімдерді (жұмыс, қызмет) және тауарларды сату операциялары. Баланста көрсетілген дебиторлық борыштар баптарының ішіндегі үлесі жағынан ең қомақтысы. Сондықтан сатып алу және тапсырыс берушілермен есеп айырысуды тексерген кезде бағдарламада келтірілген сұрақты жан-жақты қамтып, ауқымын кеңейте түсу үшін мынандай мәселелерді анықтап алу қажет: өнім сатуға сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарт жасалғандығын; түгендеу (салыстыру) актілерімен есеп айырысу құжаттарымен расталған сатып алушылардың борыштарының нақтылығын; сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің борыштарын; бөлімшесінің шоттары бойынша жүргізілген синтетикалық (жіктеу) есептің дұрыстығын. ...
3 ТАРАУ. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР АУДИТI
3.3 Күмәнді борыштар резервтерінің есебінің аудиті
... Дебиторлық борыштардың пайда болуы есеп айырысу тәртібін бұзудың нәтижесінде туындайтын және шаруашылықтың қаржылық жағдайын төмендететін, толық сомасымен айналымнан шығарылған меншіктік қаржы деп санауға болмайды. Өйткені, оның бөлігі банк несиесінің объектісінің қызметін атқарып, шаруашылықтың төлем қабілеттеріне әсер етпейді.
Дебиторлық борыштарды қалыпты және сенімді ақтамаған деп бөледі. Сенімді ақтамаған дебиторлық борыштарға, есеп айырысу құжаттарындағы төлеу мерзімі біткен шағым-талап, материалды шеккен зиянды өндіру бойынша (кем шыққан, ұрланған, бүлінген құндылықтар) борыштар жатады. Сенімді ақтамаған дебиторлық борыштар айналым құралдарының заңсыз алшақтату және қаржылық тәртіптің бұзылу фактісі болып табылады. Сондықтан, аудитор сенімді ақтамаған борыштардың себептерін анықтауға ұмтылуы тиіс. ...
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
1. «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы » 2002жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының № 309-11заңы.
2. ҚР ның Қаржы министрлігінің 18.09.2002 жылғы № 438 бұйрығымен (ҚР министрлігінің өзгертулер енгізілген 21.10.2003 жылғы № 372 бұйрығымен) бекітілген Бухгалтерлік есеп типтік шот жоспары.