МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
I ТАРАУ. АҚША ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ. 5
1.1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен. 5
мақсаты. 5
1.2 Есеп айырысу шоты операцияларының есебі. 6
ІІ ТАРАУ.КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ. 12
2.1 Банктердегі арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі 15
2.2 Төлем карточкаларының есебі. 21
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі. 24
ҚОРЫТЫНДЫ.. 27
ӘДЕБИЕТТЕР. 29
I ТАРАУ. АҚША ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ.
1.1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты.
... Ал осы стандарттың екінші бабында:«Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.
Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық қүндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге эртүрлі төлемдерді түлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет күрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар мен материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. ...
ІІ ТАРАУ.КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ.
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі.
... Инвестициялық қызмет - үзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату.
Қаржылық қызмет – нәтижесінде меншіктік капитал мен заемдық қаражат құрамы мен мөлшерінің өзгеруі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі.
Операционды қызметтен түскен ақша қаражаттардың қозғалысын кәсіпорында тікелей және жанама әдістерді қолдану арқылы көрсетеді.
Тікелей әдіс ақша қаражаттардың келіп түсуі мен төлемдердің негізгі түрлерін ашып қарастыруды және олар қызметтің қай түріне жататынын анықтауды күздейді. Бұл әдіс бойынша қаржы шаруашылық қызметі нәтижесі туралы есеп берудің әр бір бабына түзету жасалынады. Мысалы, өнімді сатудан түскен түсімнен материалдарды сатып алу бойынша төлем ақыларын, тасымалдау шығындарын, материалды сатып алуға алынған несие үшін пайыздарды төлемін, бюджетке төлемдер сомасын азайтып тастайды.
Тікелей әдісті қолданған кезде операционды қызмет нәтижесінде ақша қаражаттардың келіп түсуі мен шығысы өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен түсімнен, алынған аванстан, проценттен, дивидендтен, роялти және басқа да табыстардан; жабдықтаушы мен мердігерлер алдындағы қарызды үтеуден, берілген аванстардан, еңбек ақы, бюджеттік мекемелерге және бюджеттен тыс қорларға төлемдерінен тұрады.
Жанама әдіс - бұл тәсілді қолданған кезде таза табыс немесе зиян ағымдағы активтер мен міндеттемелер, қаржылық емес операциялар, сонымен қатар алдыңғы есеп беру мерзімімен салыстырғандағы табыстар мен шығыстар өзгерісіне түзетіледі. ...