Реферат: Тірі адамдардың сот-медицина сараптамасы (жәбірленуші, сезікті, айыпталушы)


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, криминалистика, Сот медицинасы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
22

Жоспар

 

Кіріспе. 3

1. Дене жарақаты кезіндегі жалпы ережелер мен зерттеу әдістері 4

2. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін анықтау Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің баптары.. 11

3. Азаптау мен соққыларды келтіру. Соққылар. 20

Қорытынды.. 22

 

1. Дене жарақаты кезіндегі жалпы ережелер мен зерттеу әдістері

 

Дене жарақаты, негізінен денсаулыққа зиян келтіру, сот-медициналық сараптама өндірісіне жіберуге себептердің бірі болып келетін, дене жарақатының сипатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізу міндетті болып табылады. Жарақаты бойынша жәбірленушілерді, сезікті және басқа да тұлғаларды қарап-тексеру, әдетте, сот-медициналық сараптама Бюросының амбулаториясында жүргізіледі. Егер жәбірленуші стационарлық емдеуде болса, онда ол ауруханада қаралады.

 

Жарақат туралы сараптамалық қорытынды медициналық құжаттардың түпнұсқасын тексеру мен қарау кезінде алынған объективті деректерге (ауру тарихы, медициналық карта) негізделеді. Емдеу кезінде әртүрлі клиникалық тұрғында қолданылған құрал-жабдықтар мен зертханалық зерттеулер, жарақаттың жазылу барысы, жедел араласулар нәтижесі, рентгенге түсіру, зертханалық талдаулар және басқа да зерттеулер нәтижесі назарға алынады.

 

Тек медициналық құжаттары бойынша, яғни ауруды тексерусіз (ауру тарихы, аурудың медициналық картасы және т.б.) тірі адамдарға сырттай сараптама жүргізуге ерекше жағдайларда жол беріледі. Мысалы, тергеу немесе анықтау органдарына тез арада сараптама қорытындысы қажет болған жағдайда, алайда, сезіктіні не жәбірленушіні қарау қиынға соққан немесе медициналық көрсетулер уақытша мүмкін емес болған жағдайда (науқастың ауыр жағдайы, жақында жүргізілген операция және т.б. байланысты) жүргізілуі мүмкін. ...

 

2. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін анықтау Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің баптары

 

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚР ҚК, 103-бап).

 

Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден қандай да болсын мүшеден айрылуға немесе мүше қызметін жоғалтуға немесе бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ, әмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру - үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ...

 

 

3. Азаптау мен соққыларды келтіру Соққылар

 

Соққылар денсаулыққа зиян келтірудің ерекше түрін құрамайды. Олар көптеген үру әрекеттерімен сипатталады. Егер соққылардан кейін жәбірленушінің денесінде зақымданулар болса, олардың денсаулыққа зиян келтіру дәрежесін жалпы белгілер бойынша бағалайды. Егер соққылар өзінен кейін ешқандай объективті іздер қалдырмаса, онда сот-медициналық сараптама өз қорытындысында жәбірленушінің шағымдарын және денсаулыққа зиян келтірудің объективті белгілері табылмағанын және денсаулыққа зиян келтірудің ауырлық дәрежесін анықтамайтынын нұсқайды. Мұндай жағдайларда соққылар фактісін бекіту тергеу және сот орындарының қарауына беріледі.

 

Азаптау (ҚР ҚК, 107-бап).

 

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шегу, егер бұл осы Кодекстің 103-ші және 104-баптарында көзделген зардаптарға әкеп соқпаса - елу айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ...

 

Қорытынды

 Жәбірленуші, сезікті және басқа да тірі адамдардың денсаулығына зиян келтіруге байланысты жалпы денесіндегі жарақаттардың себебі бойынша жарақат кезінде сараптаманың осы түрін тағайындау үшін тергеу, айыптау, сот қызметкерлері міндетті түрде білуі тиіс, сот-медициналық сараптама жүргізу барысының жалпы ережелері дәрісімізде қарастырылды.  ...