Реферат: Сот медицинасының теориялық және процессуалдық негіздері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, криминалистика, Сот медицинасы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
16

Жоспар

 

Кіріспе. 3

1. Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері, әдістері және объектілері 4

2. Сот медицинасының дамуының қысқаша тарихи дерегі 5

3. ҚР-да сот-медицина сараптамасының қүрылуы.. 6

4. Сот-медициналық сараптаманың процессуалдық негіздері 9

Қорытынды.. 16

 

 

1. Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері, әдістері және объектілері

 

... Сонымен қатар, сот медицинасы патологиялық анатомия, биология, криминалистика, криминология, физика, химиядағы зерттеу әдістерімен анықталады және олармен тығыз байланысты.

 

Қазіргі таңда сот медицинасында онын мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтетін электронды микроскопия, сұйық газды хроматография, эксперименталды-компьютерлі модельдеу және т.б. зерттеудің осы заманғы әдістері кеңінен қолданылуда.

 

Сот медицинасында тірі тұлғалар, мәйіттер, заттық дәлелдемелер, қылмыстық және азаматтық істердің материалдары зерттеу объектілері болып табылады. Сот-тергеу тәжірибесі бұрын және болашақта заңгерлердің сот медицинасы негіздерін оқып, білу қажеттілігін дәлелдейді. Олар жиі апат болған жерді және мәйітті қарауды жүргізу, шығу тегінің биологиялық-заттық дәлелдемелерін дер кезінде анықтап, алып және сараптамаға жіберу, өлімнің туу уақытын анықтау, сот-медицина сарапшысына сұрақтарды дұрыс қою, сот-медицина қорытындысының сапалығын және толықтығын бағалау үшін қажет. ...

 

2. Сот медицинасының дамуының қысқаша тарихи дерегі

 

... Сот медицинасының дамуы үшін көп көлемде монографиялардың, оқулықтардың, сот медицинасының бөлек сұрақтары жөніндегі, сот медицинасының зерттеу түрлері женіндегі оқу кұралдарының басылып шығуы зор үлесін қосты.

 

Олар: «Первоначальный наружный осмотр трупа при милицейском и розыскном дознании» (1929 ж.), «Судебная медицина для медиков и юристов» (1930 ж.), авторы - профессор Н.С. Бакариус. Болашақ заңгерлерге арналған оқулықтар: Н.В. Поповтың «Основы судебной медицины» (1950 ж.), И.И. Авдеева «Курс лекций по судебной медицине» (1950 ж.), М.И. Райскийдің, В.И.Смальяниновтың, т. б. авторлардың оқулықтары.

 

Бірқатар нұсқаулар мен оқу құралдары жарық көрді, олар: мәйітті табылған жерде қарау, мәйітті сот-медициналық зерттеу, тірі тұлғаларды сараптау, киімдерді және заттай дәлелдемелерді зерттеу; жарақаттардың бір қатар түрлері жөніндегі (шабатын және шаншып-кесетін қарулармен, белгілі оқтық қарумен, автокөліктік және теміржол көлігімен болған жарақаттар) монографиялар, механикалық асфиксия, улану, алкогольді масаюдың сараптамасы және тағы басқа бірқатар монографиялар жарық көрді. ...

 

4. Сот-медициналық сараптаманың процессуалдық негіздері

 

... Сарапшының қорытындысы нақты не жобалау нысанында баяндалады. Нақты қорытынды оң не теріске шығарылуы мүмкін. Сот-медицина сарапшысы қойылған сұрақтарды шеше алмағанда үшінші нұсқа да болуы мүмкін (мысалы, біраз уақыт өткен шіріген өлік табылған кезде, өлімнің себебін анықтау жөнінде).

 

Нақты қорытынды, сарапшы олардың жеткіліктілігіне нық сенімді болған кезде және бұл сенімділік объективті ақпараттарға негізделген жағдайда болуы мүмкін. Мұндай қорытындылардың (тергеу және сот оларды бағалағаннан кейін) дәлелдемелік маңызы жоғары.

 

Өкінішке қарай, сот-медициналық сараптаманы жүргізу кезінде (әсіресе, өлікті тексеру барысында) сарапшыда өзінің алдына қойылған сұрақтарға нақты нысанда жауап беру мүмкіндігі үнемі бола бермейді. Сондықтан да ол материал бойынша қорытынды беру үшін, өзіне берілген қылмыстық іс материалдарымен танысу, басқа да қажетті материалдарды ұсыну туралы өтініш білдіру құқығын пайдалану қажет.

 

Қылмыстық іс қозғалмай тұрған жағдайда, яғни өлікті сот-медициналық зерттеу үшін сот-медициналық сараптама өндірісі туралы қаулы шығару мүмкін емес немесе жеке адамды куәландыру прокурордың, тергеушінің, анықтаушының не соттың жазбаша нысанда негізделген тапсырмасы бойынша жүргізілуі мүмкін. Осындай жүргізілген зерттеулер сарапшының сот-медициналық қорытындысында емес, сот-медициналық куәландыру актісінде баяндалады. ...