Жоспар
Кіріспе. 3
1. Жарақаттану туралы жалпы түсінік. 4
2. Механикалық жарақаттардың сипаты.. 7
3. Оқ тигендегі жарақаттар. 11
4. Жарақат негізіндегі өлім себептері 16
Қорытынды.. 18
1. Жарақаттану туралы жалпы түсінік
Сот медицинасында сараптама бойынша бағалауға әр түрлі жарақаттарды алған адамдар және жекелеген адамдардың денесіндегі жарақаттар, сыртқы тік немесе қиғаш эсерлерден болған жағдайларда жиі қарастырылады. Сот медицинасында бұл жарақаттарды дене жарақаты деп атайды. Мұнда анатомиялық бүтіндігі немесе физиологиялық ағзалардың қызметі, не әр түрлі сыртқы фактор эсерінен (механикалық, температуралық, химиялық, физикалық және т.б.) денсаулықтың бұзылуы немесе өлім болған жағдайлар жатады. Осы жайттарды механикалық жарақаттарда нақтырақ қарастырамыз. Жарақаттар әр түрлі заттардың адаммен әсерлесу нәтижесінде пайда болады. Жарақат адам денесі немесе зақымдалған объектінің қозғалысы мен статистикасына теңеледі. Сот-медициналық сараптамада зақымдалудың морфологиялық ерекшелігін, қай затпен тигізу механизмінің пайда болуы, денсаулық жайы және жапа шегушінің өмірін анықтайды.
Заңгерлер механикалық жарақаттың жіктелуін клиникалық көріністері динамикасының жойылуын, осыдан жарақатты бақылау және жүйелеуін, жарақаттың пайда болу уақытын және қай затпен жарақатты тигізгендігін қарастырады. Жара, сызат, қанталау, ішкі ағзалардың зақымдануы және жарақат ұғымдарының мағынасын қарастырайық.
Сызат - адам денесінде тері үстінен доғалданған затпен қысым түсірсе немесе осы заттың үстінен адам сырғанаса пайда болады. Сызат заттың пішінінің ұзындығына және оның қорғанысының бағытына байланысты әр түрлі болады. ...
3. Оқ тигендегі жарақаттар
Мұнда оқты қарудан немесе жарылатын заттан алынған механикалық жарақаттар қарастырылады. Оқ тиген кездегі жарақаттар механикалық, химиялық, термиялық эсерден пайда болады.
Оқ тигендегі жарақаттардың пайда болуы: оқ энергиясына, зақымданған дененің анатомиялық ерекшеліктері (жұмсақ ұлпалар, сүйек, шеміршек) мен жәбірленушінің киімінің қалыңдығына байланысты.
Бұл жарақаттардың механизмі мынандай: оқ үлкен жылдамдықпен денеге тигенде ауыр соққы береді және өзінің жанындағы мүше мен тіндерге зақым келтіреді. Оқ сүйекке түскенде сынықтар пайда болып, жақын жатқан тіндерді зақымдайды.
Оқ тигендегі жарақаттар: тұйық, жанап өтетін, тесіп өтетін болады. Олардың негізгі элементтері - кіру тесігі, жарақат жолы, шығу тесігі.
Кіру тесігі - оқтың денеге кіру жері. Оқ денеге кірген кездегі пайда болатын зақымдалулар сипаты:
а) тері және ұлпадағы ақаулардың пайда болуы.
Оқ перпендикулярлы түрде және үлкен энергиямен кірген болса, теріні тесіп өтеді, мұнда жара шеті тегіс, ішке кіргізілген, сол уақытта тері бөлшектері жарақат жолының ішіне тартылған, тері тесігі дөңгелек тәрізді және жарақат жолына қарағанда 1-2 мм-ге кіші болады.
Оқ кинетикалық энергия бойынша теріні теспей, жыртады, сонда тері созылып жыртылады.
б) шегінді белдеу. Оқ перпендикулярлы түрде кіргенде 1-3
мм алқызыл-сары түсті сақина тәрізді болады. Шөгінді белдеу
сыртқы тесікте пайда болуы мүмкін, себебі оқтың денеден шығу
аумағы терінің беткі қабатының аршылуына әкеліп соғады.
в) дақты белдеу. Ол қарудың металынан, ыс бөлігінен туындайды. Оның ұзындығы 0,5-2,5 мм және де денеде шөгінді белгіге
ұқсас болып келеді. Дақты белдеуде металдың бөліктерінің жиналуын спектральді талдау арқылы білуге болады. Бұл қарудың
және қосымша заттардың идентификациясы үшін қажет. ...
4. Жарақат негізіндегі өлім себептері
Өлімге алып келетін жарақаттардың дәлелі болып, «пергаментті дақтар» деп аталатын, өлікте тері деңгейінен төмен орналасқан, коңырқай-сары мәйіт дақтары. Өлімге алып келетін өмірлік зақымдарды анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалады. Жарақат аумағындағы ағзалар мен ұлпалардың бөлшектерін микроскоптық зерттеу арқылы, ағзаның жарақатқа қатысты реакциясының алғашқы белгілерін және тамырдың өмірлік патологиялық өзгерістерін нақтылауға болады. ...