Реферат: Жедел оттегі жетіспеушілігінен болатын денсаулықтың бұзылуы және өлім. Механикалық асфиксия


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, криминалистика, Сот медицинасы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
13

Жоспар

 

 Кіріспе. 3

1. Механикалық асфиксия кезіндегі ағзадағы патологиялық өзгерістер. 4

2. Асылу. Тұзақпен буындыру. 5

3. Суға батып кету. Компрессиялық асфиксия. 10

Қорытынды.. 13

 

2. Асылу. Тұзақпен буындыру

 

... Сол сияқты жұмсақ заттармен (киімдер, қолғаптар т.б.) қылқындырғанда мойын терісінде зақымданулар аз немесе жоқ болуы мүмкін екенін заңгерлер ұмытпау қажет. Бұл жағдайда есін тез жоғалтуға және жоғарғы бөлік бұлшық етінің босаңсуына байланысты өзін-өзі өлтіру мүмкін емес, өлім жүректің рефлекторлы тоқтауынан болуы мүмкін екенін естен шығармау керек.

 

Қолмен қылқындыру кезінде күрес іздері немесе өзін-өзі қорғау іздері (артынан кездейсоқтан келіп шабуыл жасау және көмексіз, ес-түссіз жатқан жағдайлардан басқа) қалуы мүмкін. Бірақ, сонымен бірге басқа да тұншықтыру түрлері болуы мүмкін (тыныс алу тесіктерін жабу, кеуде жасушасын қысу және ішін тіземен басу).

 

Ауызды және мұрынды жабу. Тұншықтырудың бұл түрінде өлім миға оттегі жетіспеуінен 5-7 минутта туындайды.

 

Мұрын мен ауызды жапқанда және қарсылық көрсеткен жағдайда тұншықтырып өлтіргенде сот дәрігері мынадай белгілерге тән ерекшеліктері қатарын білуі қажет:

-   бетте сызаттар, қанталау, әсіресе, мұрын, ерін, шырышты ерін және қызыл иектің аясында болады;

-  мұрын мен ауызды жұмсақ затпен жапқанда (жастық, киім) және көмексіз жағдайда жатқанда зақымдану болмауы мүмкін;

-  тыныс алу жолдарын зерттегенде (жұмсақ затпен тұншықтырғанда) тамақта, өңеште және үлкен бронхтарда терінің, матаның түктерін табуға болады. ...

 

3. Суға батып кету. Компрессиялық асфиксия

...

Суға батқан мәйітті зертханалық әдіспен тексеру, адамның суға батқандығын үнемі нақты, жеткілікті анықтау мүмкін еместігін заңгерлер білуі керек. Суға батып өлгенде тыныс алу жолдарының бітелуінің басқа да себептерінің бірі судың адам денесіне кенеттен түсуі болуы мүмкін. Ол кезде өлім тыныс пен жүректің рефлекторлы тоқтауынан болуы мүмкін.

Өлікті сот-медициналық зерттеу үшін ашқанда тексереді:

- омыртқаның мойын бөлігінің жарақаты (омыртқаның сынуы және жұлын сұйықтығының зақымдалуы) олар көбінесе суға секіргенде болады;

- өлімнің себебі (мұнда сарапшы-дәрігер өлік су көліктерімен бе, әлде ағыспен тасқа соғылды ма, суда тіршілік ететін жәндіктердеп, ағаштан, немесе судан шығарған кезде жарақаттанған ба соны анықтайды);

- өлтіру (өлікке ауыр жүк байлап өзі өлгендей түрге келтіреді);

-  өзін-өзі өлтіру (ауыр жүк өліктің қолы жететін жерде тұрады, қарсылық көрсетпеуі, сондай-ақ, су шұңқырына құлаған кезде туындауы мүмкін - сыну, шайқалу, жаралану сынды зақымдардың болмауы). ...