Дипломная работа: Қазақтардың неке және отбасы құқықтарының негізгі институттары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
48

ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ. 3

 

І-ТАРАУ. «ҚАЗАҚТАРДЫҢ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫСЫ». 7

1.1. Қазақтардың неке және отбасы құқықтарының қалыптасу кезеңдері 7

1.2. Неке және отбасы құқықтарының дәстүрлі бастаулары мен қайнар көздері. 15

 

ІІ-ТАРАУ. «ҚАЗАҚТАРДЫҢ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТТАРЫ.. 22

2.1. Неке құру түрлері. 22

2.2. Неке және отбасы құқықтарының негізгі институттары. 24

 

ІІІ-ТАРАУ. «ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР»  31

3.1 Тәуелсіздігімізге дейінгі неке және отбасы. 31

3.2 Қазіргі кездегі неке және отбасын нығайтудағы дәстүрлік неке және отбасы заңдарының ролі. 37

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 44

 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 47

 

І-ТАРАУ. «ҚАЗАҚТАРДЫҢ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫСЫ»

1.2. Неке және отбасы құқықтарының дәстүрлі бастаулары мен қайнар көздері.

 

... Қазақ халқы сүттің қаймағындай ұйып, ел болып жатқан дәуірлердегі болған хандардың жарлықтары мен билердің билік шешімдері, қайнар көз болып табылады. Олардың қатарына хан жарлықтары, (Хақназар), «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» және патшалық өкімет тұсында қазақ билері шығарған «Кіші ережелер».

 

Хандар шығарған жарлықтар құқықтық күшке ие болып, оның жүзеге асырылуы тиіс болған. Бұл кездерде хан мен сұлтандар тек Шыңғыс әулеттері болып, олардың жарлықтары негізінен алым-салық салу, ордасын жайғастыру, әскери істер, көші-қон мәселелерінен тұрып, соларды реттеуге арналған. Сол секілді хандар биле сьезін, халық мәжілісінде шақыру, мезгілін анықтау, мекенін белгілеу, қаралатын мәселелерді нақтау, т.б. хан жарлықтары арқылы жүзеге асырылды.

 

Алайда, қазақ қоғамындағы құқықтық мәселелердің көбісін билер қарап, солар жүзеге асырып отырды. Билер басты нысана етіп,қоғамдағы талас тартыстарды, дау-дамайларды, былайша айтқанда адам мен адамдар арасындағы қатынастардың бұзылуын, әлеуметтік байланыстарды, қоғамдық қатынастарды, жүйелі түрде реттеуді мақсат етіп, қылмыстадың алдын алуға, оларды болдыртпауға тырысты. ...

 

ІІ-ТАРАУ. «ҚАЗАҚТАРДЫҢ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТТАРЫ

2.1. Неке құру түрлері.

 

... Құда түсіп, сөз байланысқаннан кейін екі арада құқықтық міндеттер де жүзе шығады. «Қалыңмал», «жасау» институттарын айтпағанның өзінде, қанша әдет-ғұрыптық салт-дәстүрлер, кәде-қауметтер бар. Бұлардың бәрі екі арадағы желісті үзбей, қайта ширата түсетін дәстүрлер. Бұл дәстүрлердің құқықтық мәндері де бар.

 

Екі жақ «құйрық-бауыр жеп, баталасқаннан» соң күшіне енеді. Бірақ, осы дәстүр-салттардың негізгі обьектілері қыз бен жігіттің бас қсқанда бақытты болып, ұрпақ өсіруі басты нысанаға алынады. Сондықтан да олардың келісімі, жас шамасы алшақ болмауы, ақыл есінің бүтін болуы,  денсаулығы жақсы болуы, 7 атаға дейін туыс болмауы көзде тұтылады. Егер де осы айтылғандарды біріне кереғар болса, онда құда түсіп, баталаспайды.

 

Қалыңмал мөлшері әр дәуірде, экономикалық жағдайларға орай әртүрлі болған. Құдалар арасында киіт кигізу жолы әріде қалыптасып, өзінің жолы мен кәделері жүзеге асырылған. Қызға қалыңмал төлеуге бүкіл руластары араласқан. Қалыңмал алынған жерде жасаусыз аттандырмаған. Киіт-мініт, жол-кәделер қалыңмалға кірмеген. Қыз жағы «жасау» беруі міндеттелген. Берілген жасау қыз иелігінде болып, басқалардың иеленуге құқығы болмаған. Қалыңмал түгел төленген соң қыз жасауымен тұрмысқа берілген. ...

 

ІІІ-ТАРАУ. «ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР»

3.1 Тәуелсіздігімізге дейінгі неке және отбасы.

 

... Кеңес өкіметі де құқықтық қатынастарды социалистік тәртіпке ауыстыру қажеттілігін бетке тұтып, қазақ әдет-ғұрып заң нормаларына мүлдем мән бермеді.

 

1917 жылғы 18 желтоқсанда «Азаматтық неке, балалар және оларды тіркейтін кітаптар енгізу жайында», 19 желтоқсанда «Некеден ажырасу туралы» қабылданған декреттерге В.И.Лениннің өзі қол қойды. Бұл декреттерде әйел мен еркектің отбасындағы теңдігі, неке құру мен ажырсу кезіндегі еріктілік, балалар тәрбиесі және бұл мәселелерді дін ықпалынан мүлдем азат ету сияқты шаралар қарастырылды. Келесі жылы бұл мәселеге нүкте қойылып, «Отбасы, неке және бала тәрбиесі жайындағы заңдар кодексі», «Ождан бостандығы мен шіркеу және діни әдеттер» жайлы декреттер қабылданды. Құда түсу, қалыңмал, әмеңгерлік, көпәйел алу, қыз алып қашу, құн, т.б. институттар ескілкітің сарқыншақтары ретінде қаалып, оларға тыйым салынды. Мұны бұзушылыр қылмыскерлер қатарына жатқызылып, аяусыз жазаланды. Некені мешітте қиюға үзілді-кесілді қарсы болды. Мұндай шаралар саяси сипатқа ие болып, әйелдер арасында қызу үгіт-насихат өрбітілді. ...

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. Абрамзон М.С. Страничка из истории Киргизской семьи Ф., 1945 320-б.

2. Абрамзон С.М. К вопросу о патриархальной семьи у кочевников Средней Азии М., 1950

3. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке А, 1973 326-б.

4. Ақселеу Т. Көшпенділер тарихы А., 1995 92-б. ...