Дипломная работа: Халықаралық ұйымдар шегіндегі адам құқықтарының халықаралық-құқықтық негізінің құрылуы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, Құқық, криминалистика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
71

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ. 3

 

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР \\ БҰҰ, ЕҚЫҰ\\ АУҚЫМЫНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ   8

1.1. БҰҰ, мүше мемлекеттер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары саласындағы құқықтық негіздері 8

1.2. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948) – БҰҰ мүшелерінің орасан-зор күш-жігерінің нәтижесі 22

 

2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТЫРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ. 35

2.1. Адам кұқықгары және мемлекеттердiң сыртқы саясаты.. 35

2.2. Адам  құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың жұмысы.. 40

2.3. Адам құқықтары туралы  халықаралық Билль. 45

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ АДАМ ҚҰҚЫ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ 50

3.1 Адам құқы жөніндегі халықаралық –құқықтық негізге Қазақстан Республикасының қосылуы.. 50

3.2. БҰҰ, ЕҚЫҰ және Қазақстан: адам құқы мен еркіндіктері саласындағы ынтымақтастығы.. 55

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 62

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 70

 

 

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР \\ БҰҰ, ЕҚЫҰ\\ АУҚЫМЫНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

 

1.1. БҰҰ, мүше мемлекеттер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары саласындағы құқықтық негіздері

 

... Үкіметтік емес ұйымдарға арналған БҰҰ-ның 47-ші конференциясында БҰҰ-ның Бас Хатшысы өз сөзінде үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық статусының өсіп отырғанын атап өтті.

 

1994 жылғы 20-22 қыркүйекте БҰҰ-ның штаб пәтерінде өткен конференцияда БҰҰ-ның Бас Хатшысы үкіметтік емес ұйымдардың 1400-ден астам өкілдеріне арнап сөйлеген сөзінде: «Осы ғимаратты сіздер де өз айтылған жағдайда, көпшіліктің түсінбеушілігін туғызатын еді, өйткені БҰҰ тек қана егеменді мемлекеттердің форумы ретінде қабылданылып келді. Ал енді қазір үкіметтік емес ұйымдар халықаралық өмірдің толыққанды қатысушылары болып есептеледі».

 

Іс жүзінде бүгінгі қабылданған адам құқықтары жөніндегі барлық конвенциялар үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуымен дайындалып, қабылданған болатын. Солардың ішінде 1959 жылы қабылданған «Балалар құқықтары Декларациясын», 1989 жылы қабылданған «Балалар құқықтары Конвенциясын» дайындауға ынталандырушы болған да үкіметтік емес ұйымдар еді. Балалар құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық үлгінің негізгі бес парқын қарауға сонау Ұлттар Лигасының балалар үкіметтік емес ұйымы-Балаларды қорғау қорының халықаралық одағы ұсынған болатын.

 

Бірнеше үкіметтік емес ұйымдардың, нақтылы айтқанда, Нобель сыйлығының жүлдегері, атақты құқық қорғау ұйымы – Халықаралық амнистияның тұтқын-қамаудағыларды қинап-азаптауға қарсы науқаны осы салада «Қинап-азаптауға және басқада аяусыз, адамкөргісіз немесе ар-намысын қорлап жазалауға қарсы Конвенциясын» қабылдаумен аяқталады.

 

135 үкіметтік емес ұйымдар тұрғылықты халықтардың құқықтарын қорғауға байланысты халықаралық құжаттарды дайындауда қандайда бір мөлшерде оң ықпал жасайды. ...

 

 

2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТЫРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ.

 

2.3. Адам құқықтары туралы  халықаралық Билль.

 

... Адам құқықтарының Казақстанда іске асырылуына Казақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы адам кұқықтарының Комиссиясы көмектеседі. Бұл комиссия мәртебесі жағынан мемлекет басшысының қарамағындағы консультативті кеңесші орган болып табылады. Комиссия жұмысының үйлестірілуі Казақстан Республикасының мемлекеттік  кеңесшісіне берілген. Комиссия Кдзақстан Республикасы Президенте, оның адам құқықтары мен бостандықтарын кепілдікпен камтамасыз етуге байланысты  конституциялык міндетін орындауға көмектесуі керек, сонымен Қатар ол адам кұқықтары мен бостандықтарын камтамасыз ету  және    қорғау тетіктерін жандандыруға күш салысуы керек.

 

Комиссия жұмысына Адам құқықтары мең бостандықтарының сақталуы жөнінде жыл сайын және арнайы баяндама жасау; ұсыныс жасау және адам құқықтарын қорғау тетігін жандандыру; талдау материалдарын дайындау Казақстан Республикасының мүддесін қорғайтын адам құқықтары туралы құқықтық халықаралық құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды жасау; адам құқықтары жөнінде арнайы халықаралық ұйымдардың жұмысына Қатысу кіреді. Комиссия өкілеттік емес құқық қорғаушы ұйымдар   мен адам құқықтары жөніндегі кеңестер мен отырыстар жүргізеді.  Комиссия 1998 ж. 9 желтоқсанында адам кұқықтарының    Жалпыға бірдей декларациясының 50 жылдығына  арналған.   "Дөңгелек үстелдің" отырысын өткізді, бұл қоғам    iшiнде   белгiлi бiр   пiкiр туғызды.   Сонымен катар, комиссия адамкұқықтарының бұзылуы жөніңце Казақстан Республиксының Президентіне арналған және комиссияның өзіне ар­налған шағымдар мен өтініштерді қарастырады. Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға арналған үкіметтік емес ұйымдар да бар.  ...

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ АДАМ ҚҰҚЫ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

3.2. БҰҰ, ЕҚЫҰ және Қазақстан: адам құқы мен еркіндіктері саласындағы ынтымақтастығы

 

... Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның ынтымақтасуына көптеген саяси бағыттар ашық деп айтуға болады. Соңғы кездері біздің қатынасымыздың елеулі жүйелі дамыған бағыты, Аз ұлтты халықтар ісі жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғарғы комиссары Макс ван дер Стулмен бірлесе отырып, 1996 жылдың желтоқсанында «Қазақстан : 21-ғасыр табалдырығында бірыңғай көпұлтты қоғам орнату» тақырыбында саяси дөңгелек стол өткізілді.

 

ЕҚЫҰ-ның басқа да құрылымдармен, яғни адам құқықтары мен демократиялық институттар жөніндегі Бюросы (АҚДИБ) арасындағы түсіністік жөнінде меморандум дайындалып, онда АҚДИБ  көлемінде Қазақстандық сот, құқыққорғау, сайлау жүйелері мен халықаралық құқықтық және заңдық үлгілерімен, демократиялық мемлекеттердегі сайлау жүйелері саласында көмек көрсетілгені белгілі.

 

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты Президенті етіп сайлағаны баршамызға аян.

 

1995 жылдың 29-сәуір айында жалпы мемлекеттік референдум өткізіліп, оның нәтижесі бойынша Назарбаев мырзаның Президент қызметінде болу мерзімі 2006 жылға дейін ұзартылды.Сонымен бірге, Конституцияға түзету енгізу жолымен оның өкілдіктері кеңейтілді.

 

Кіндік Азияның басқа барлық мемлекеттеріндегі сияқты, тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясында Президентке саяси жүйеде басты орын берілгендігі айқын. 1995 жылғы Конституцияда Конституциялық сотты жеке адамдар қозғаған істерді қарау құқы жоқ Конституциялық кеңеспен алмастыру көзделген. Бұдан басқа, Үкіметтің бастамасымен 1996 жылдың аяғында басталған теледидар және радио хабарын таратуды ұйымдастыруға арналған радиотолқындарын бөлуге тендерлік сауда-саттық жариялау үрдісі бірқатар жеке меншік станцияларының жабылып қалуына әкеп соқтырды. Мұндай өзгерістердің өзі сайлау науқанына теріс әсерін тигізбей қоймайды. ...

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Антология культрологической мысли. – М., 1996.

2. Устав ООН и Статус Международного Суда. Нью-Йорк: ООН, 1994.

3. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.- Алматы:Өнер, 1996.

4. Заключительный акт СБСЕ. – Хельсинки, 1975.

5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан,1995. ...