Дипломная работа: Германиядағы әлеуметтiк педагогтарды жоғары оқу орнында дайындау жүйесiнiң ерекшелiктерi


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
129

 Мазмұны

 

КIРIСПЕ………..3

 

1.ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ        ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ  

1.1 Жоғары мектепте әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерге білім беру  мәні..............8                                            

1.2 Әлеуметтiк педагогика  мен  әлеуметтiк  жұмыс саласындағы  мамандарға білім берудің салыстырмалы  тәжiрибесi .......24

 

1.3  Қазақстан мен Германияда  әлеуметтiк  педагогтар мен әлеуметтiк  қызметкерлерге жоғары білім беру жүйесі мен оның  дамуы …44

 

2. ГЕРМАНИЯДАҒЫ  ӘЛЕУМЕТТIК  ПЕДАГОГТАРДЫ  ЖОҒАРЫ  ОҚУ ОРНЫНДА ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI......55

 

2.1Германиядағы  әлеуметтiк мамандықтардың  мамандарын  дайындау  жүйесiнiң  қалыптасуының  тарихы ………..55

 

2.2 Германиядағы  әлеуметтiк  қызметкерлер  мен  әлеуметтiк  педагогтарды дайындаудың кәсiби-бiлiм беру  бағдарламасы…69

 

2.3            Германия  мен  Қазақстанның   жоғары  оқу  орындарындағы  әлеуметтiк  педагогтарды  дайындау  жүйесiнiң  салыстырмалы талдауы.....102

 

ТҰЖЫРЫМ….....117

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТIЗIМI ….....…...118

 

ҚОСЫМШАЛАР......................................................124

 

1. ӘЛЕУМЕТТIК  ПЕДАГОГТАР  МЕН  ӘЛЕУМЕТТIК  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ  БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖIРИБЕСI

1.2 Әлеуметтiк  педагогика  мен  әлеуметтiк  жұмыс саласындағы  мамандарға білім берудің салыстырмалы  тәжiрибесi

 

 ... КСРО-ның  бұрынғы  республикаларындағы елдерде  мүлде басқа  жағдайда  байқауға  болады.  Бұл  жерде  әлеуметтiк  педагогика  мен  әлеуметтiк  жұмыс  факультеттерiнiң талапкерлерi  өте  жас – 18-20 жаста. Бұл  мамандыққа  бiрден  емес,  тәжiрибе жинақтай   келген қайта  дайындау  факультеттерi  мен  мектептерiнiң  тыңдаушылары оларға  қарағанда  ересектеу.

Әлеуметтiк  жұмыс  пен  педагогиканың  мектептерiнiң  оқытушылар құрамы  да  бiркелкi  емес.  Оқытушылардың  арасында  екi  негiзгi топты  бөлiп  көрсетуге болады.

 

 Бұл,  бiрiншiден,  ғалым-теоретиктер,  әлеуметтiк  және басқа  да ғылымдар  саласындағы  мамандар;  екiншiден,  кәсiби  әлеуметтiк  қызметкерлер  мен  педагогтар,  яғни  тәжiрибешiлер.  Әлеуметтiк  жұмыс ғылым  ретiнде   қазiргi  уақытқа  дейiн  барлық  жерде   мойындала   бермейтiндiктен,  ал  әлеуметтiк  жұмыс  саласындағы  оқу   әлi  жалпы академиялық  мойындауды  таппағандықтан,  әлеуметтiк  қызметкерлердiң  оқытушылар  ретiндегi  мәртебесi  төмен,   сондықтан   олардың  ақысы  да төмен.  Бiрқатар  елдерде,  мысалы,  Финляндия,  Ирландия,  Швеция  және  Англия, бұл  мәселе  әлдеқашан  шешiлген, әрi  мұндай  елдердiң  саны  күннен күнге   ұлғайып  келедi.  Әдетте,  әлеуметтiк  жұмыс  мектептерiнiң  оқытушылар  тобы  тұрақты,  штаттық  оқытушылар  мен  қосымша  жұмыс  iстейтiн  оқытушылар – адъюнктерден  тұрады.  Әлеуметтiк  жұмыс  саласындағы бiлiм  беру  университеттiң  бiлiм беруге  кiрмейтiн  елдерде  шттатан  тыс   оқытушылар  медицина,  философия,  психотерапия,  психология секiлдi  пәндердi жүргiзедi,  ал  бұл  белгiлi  бiр қиыншылықтарды  туғызады.  Оқытушылардың  көп  бөлiгi,  әсiресе  арнайы  пәндердiң  оқытушылары  - әйелдер.  Алайда, 1971 жылдан  бастап  әлеуметтiк   жұмыс  саласындағы  бiлiм  берудiң  академизациялануына  байланысты,  ер оқытушылардың  саны   жылдан жылға  ұлғайып  келе  жатыр.  Оқытушылар мен студенттердiң   ара  қатынасы  елге  және  оқу  орнының  түрiне  байланысты:  университет,  институт,   орта   кәсiптiк  оқу  орны.  Ең  жағымды  ара  қатынас  Ирландия мен  Англияның  үлесiне  тиедi.   Бұл елдерде 10 студентке 1 оқытушыдан келедi.  ...

 

 

2.  ГЕРМАНИЯДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТIК ПЕДАГОГТАРДЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

2.1.Германиядағы әлеуметтiк мамандарды дайындау жүйесiнiң қалыптасу тарихы

 

... Алайда үкiмет жағынан реформа бiрте-бiрте жойыла бастады, көптеген  еңбек нарығын зерттеушiлер дипломы бар әлеуметтiк педагогтар және басқа саладағы педагогтар талап етiлмейдi, себебi дайындықтары жеткiлiксiз деп сендiре бастады. Педагогикалық ЖОО және университеттер өздерiнiң зерттеулерiн жүргiзiп, еңбек нарығында дипломы бар әлеуметтiк педагогтардың  мүмкiндiктерiэкономитер мен әлеуметтанушыларға қарағанда жоғары екендiгiн дәлелдедi. Алайда жұмыс берушiлер жалдаған кезде негiзiнен дипломды емес, тәжiрибелiк тәжiрибенi есепке алды. Сондықтан педагогикалық ЖОО бiтiрушiлердiң екiден үш бөлiгi мамандығы бойынша, олардың бiлiктiлiгiне сәйкес емес жұмысты iстеуi қажет болды. Мамандығы бойынша жұмыс тапқан дипломы бар әлеуметтiк педагогтар өздерiнiң түсiнiстiктерiн бiлдiрдi және кәсiби мақсаттарын орындады. Бiздiң ГФР-ы пединституттардаәлеуметтiк педагогтарды дайындауға бекер тоқталған жоқпыз, бұл тәжiрибе  әлеуметтiк педагогтарды оқытуда дәл осы жолдан өткен Қазақстан үшiн де қызық деп ойлаймыз.

 

Факультеттер құру мен әлеуметтiк педагогиканың бөлiмшелерiн құрумен бiрге Германияның пединститутары мен университеттерiн бiрiктiру процесi жүргiзiлдi, яғни педагогикалық институттар университеттердiң құрамына кiрдi. Сондықтан университеттерде педагогикадан сабақ беру қолданбалы, әлеуметтiк бағдарланған сипат алды. Бұрын  университеттерде педагогтарды оқыту “Педагогика ғылымдарының магистрi” Атағын алумен аяқталса, ендi ғылым саласында   да, тәжiрибеде  де  жұмыс iстеуге педагог дипломын алу мүмкiндiгi

 

пайда болды. Дипломы бар әлеуметтiк педагогтарды дайындау әлеуметтiк  қызметтi кәсiбилендiру үшiн және бұрын университеттiк бiлiмi бар заңгерлер, әлеуметтанушылар, психологтар атқарған жұмыстарды жоспарлау мен жетекшiлiк ету үшiн үлкен маңызға ие болды.

 

Сөйтiп, сексенiншi жылдардың ортасында әлеуметтiк педагогтар мен әлеуметтiк қызметкерлердi дайындау орта және жоғары оқу орындарының әр түрлi типтерiнде жүргiзiлдi. Осы айтылғандардан дайындаудың неғұрлым жан-жақты болғандығын және  арнайы жоғары мектептерде, шоғырландырылған жоғары мектептерде, педагогикалық академияларда, педагогикалық институттарда, университеттерде жүргiзiлгендiгiн байқаймыз. ...

 

 

         2.3. Германия  мен  Қазақстан  жоғары  оқу  орындарындағы  әлеуметтiк педагогтарды  дайындау  жүйелерiнiң   салыстырмалы талдауы

 

... Қазақстандағы  жағдай  аздап  өзгешелеу:  бұл  мамандықтар  әлi танымал  емес.  Сонымен  қатар,  студенттердiң  бiр  бөлiгi   осы  мамандықпен  қатар басқа  да  мамандық  алады.

 

Сонымен   қатар студенттер  жұмыс  iстеудi  жобалап  отырған  тұрғындардың  тобын да  салыстырған  маңызды.  Қазақстандық  және  немiс  студенттерiнiң  көбiсi  балалармен  және  жастармен,  сәйкесiнше, 28% және 52%, отбасымен - 5% және  5%,  1% және 8% сәйкесiнше  қарттармен, 4% немiс  студенттерi  және 1% студенттерi  ересектерге бiлiм  беру  саласында  жұмыс iстеудi  ойластырады. ГФР-ғы  әлеуметтiк көмектiң  жақсы   әзiрленгенiне,  тұрғындардың  кең  ауқымын  қамтығандықтан,  сондай-ақ немiс  студенттерiнiң  жақсы  хабардар  болуына  байланысты шығар, олар  жобалы  қызметтiң  сан  алуан   өрiсiн  атап  өттi.  Бұл  ретте  олардың  көбiсi  бiрнеше бағытты  бiр уақытта  атағанына  да  назар  аудару  керек.  Немiс  студенттерiнiң 3% психикалық  және  физикалық  кемiстiктерi  бар  адамдармен, 8%  әйелдермен  жұмыс  iстеудi өзi  үшiн маңызды   деп  санайды.  Жобалы қызмет  аялары  ретiнде,  сондай-ақ,  иммигранттармен,  бас бостандығынан  айыру  орындарындағы адамдармен,  жұмыссыздармен,  педагогтармен  жұмыс  iстеу,  сондай-ақ  медиенпедагогика,  кеңес  беру,  коммуналдық  жоспарлау,  ұйымдарға кеңес  беру,  жанжал   жағдайлар, кәсiпорындағы  жұмыс аталды.

 

Сондай-ақ,  немiс  студенттерiнiң  әлеуметтiк мәселелердiң  өзара  байланысын  тереңiрек  түсiнуi  туралы  қорытынды  жасауға  болады.  Ұсынған  әлеуметтiк  мәселелердiң  iшiнде  олар жұмыссыздықты бiрiншi  орынға қойды,  әрi  бiрқатар студенттер  ол  нашақорлықтың,  маскүнемдiктiң,  балалардың  қаңғыбастығының,  қылмыстардың   бастапқы  себебi  болып  табылатынын  түсiндiрдi.  Шынымен-ақ,  мұндай  өзара  тәуелдiлiк  көзге бiрден  түседi және социологиялық  зерттеулермен  расталған.  Осыған  байланысты  қазақстандық  студенттерде  пiкiрталастардың,  семинарлардағы   әңгiмелесулердiң,  әлеуметтiк  саясат,  социология,  әлеуметтiк  педагогика   бойынша  рефераттар  жазу барысында кәсiби  ойлау  қабiлетiн  қалыптастыру  қажет  болып  табылады. ...

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Бурганова Р.И. Научные основы подготовки социальных педагогов к работе со студенческой молодежью в сфере досуга: дисс. ... канд. пед. наук: 13.00.08. Алматы, АГУ им. Абая, 2001. -148 с. 

 

2 Батталханов Е.З. Формирование гуманистического мировоззрения учащейся молодежи как социально-педагогическая проблема. //Дисс. к.п.н.13.00.01, Алматы. 2002. -160 с.

 

3  Менлибекова Г.Ж.Система подготовки будущих учителей к социально-педагогической работе: дисс. … канд. пед. наук: 13.00.08. Алматы, АГУ им. Абая, 2002. -  30 с. ...