Мазмұны
Кіріспе .................... 1 Қазақ жеріндегі ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. саяси және әлеуметтік-мәдени өзгерістер және М.Х. Дулатидың ойшыл ретінде қалыптасуы ................. 1.1 М.Х.Дулати дүниетанымы және оның эволюциялық кезеңдері………… 1.2 Сопылық ағым – ойшылдың моральдық-этикалық және діни көзқарасының қалыптасуының бірден-бір қайнар көзі ……………….... 2 Адам өмірінің мәні - М.Х. Дулати шығармасының философиялық өзегі ........................................................................................... 2.1 Ортағасырлық түркі ойшылдарының адам мәселесін талдаудағы үндестігі…………………………………...... 2.2 М.Х. Дулати шығармаларындағы адамның рухани болмысы және оның философиялық мәні…….…………….............................................. 2.3 М.Х. Дулатидың жас ұрпақты тәрбиелеудегі әлеуметтік- адамгершілік үлгілері туралы ойлары ..................................….......................... Қорытынды.............................................................................….......................... Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................…......................... Қосымша А «Тарих-и Рашиди» (өлең үзінділері).........................…............ Қосымша Б «Тарих-и Рашиди» (қара сөз үзінділері).........................…...... Қосымша В Философиялық сөздер ................................................................
|
3
12 12
32
58
58
68
86 108 112 115 125 129
3
|
1 ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ХҮ-ХҮІ ғ. САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ М.Х. ДУЛАТИДЫҢ ОЙШЫЛ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.2 Сопылық ағым – ойшылдың моральдық-этикалық және діни көзқарасының қалыптасуының бірден-бір қайнар көзі
... Адамның мәселесі жайында көптеген ой-пікірлерге толы. Бұл жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати адамның мәселесін, адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын, өз тағдырын жасау мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты. Мен кіммін? Мен дүниеге неге келдім? Менің өмірімнің мәні неде, менің міндетім не? Менің өмірім адамгершілік талаптарға сай келе ме әлде жоқ па?- деген ойлар мазалап, соған жауап іздеуге тырысады. Өмірдегі өз орнын дұрыс түсінген адам ғана мақсатқа сай саналы түрде әрекет етіп, өзінің тұлғалық мәнін көрсете алады.
Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарих-и Рашиди» шығармасында адамдарды екі топқа бөле отырып, бірінші топ адамдары қолдаған даналық, екінші топ адамдары үшін жаза болып табылады дей отырып, Құдай өзі қалаған адамына есепсіз жарылқайды, ал егер адам қатал жауыздыққа бет алса, онда ол адамдарың пешенесіне қарғыс таңбасы салынады, бұл іс-әрекеттердің бәрі иманға байланысты. Оның пікірінше иман жүректің мақұлдауы, ғайыпқа иман келтіру болып табылады. Бұл жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати: «Құдіретті әмірші, Жаратушы иеміз (әлемді) жаратпас бұрын, жанды (рухты) жаратады және оларға (мына аятқа сай): <Ал енді мені құдай емессің деші> деді. Өзі бақыт сыйлаған адамдарына: <Қалаған адамын Құдай есепсіз мол ризықпен жарылқайды> деп, мақұлдауға мүмкіндік береді. Ал бір топ жауыздыққа бет алғанда, мына аятқа орай: <Алла жүректерін жібімейтін қатал, құлақтарын естімейтін керең етіп, көздерін көлегейлеп тастаған, олардың алдында үлкен азап күтуде>. Пешенесіне қарғыс таңбасы салынған адамдар тобы мына аятқа сай олар: <…cаңыраулар, мылқаулар> деп көрсетілді.
Бірінші топ адамдары қолдаған даналық, екінші топ адамдары үшін жаза болып табылады. Бұл шындық, себептің жоқтығына қарамастан ақылға бағынбайды. Бұған мойынұсыну иманға байланысты. Иман жүректің мақұлдауы, құптауы және ауызға алуы бола тұра бірақ шын мәнінде, шынайы иман ғайыпқа иман келтіріп, іштей сезіну болмақ. Бұл бақытқа ақыл жолымен жету мүмкін емес» Өлең:
Әуре болма бекерге ақыл-ойға елеңдеп,
Құдайдан басқа түк те жоқ, ештеңе жоқ әлемде! [14, 43 б.].
Әу баста (тура жолға) жетелеу Алланың ілтипаты болып табылады. ...
2 АДАМ ӨМІРІНІҢ МӘНІ – М.Х. ДУЛАТИ ШЫҒАРМАСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ӨЗЕГІ
2.1 Орта ғасырлық түркі ойшылдарының адам мәселесін талдаудағы үндестігі
... Дәулетке ие болу әрбір жанның мақсаты. Ол үшін өз күшіңе сен, дәулетті сұрап ала алмайсың, өз талабыңа сенің қажет дейді. Мақсатыңа жету жолында ерінбей еңбек етсең, сол еңбегіңнің жемісін жейсің деген пікірге келеді.
Мұхаммед Хайдар Дулати татулықты, мейірімділікті, батырлықты көксейді. Адамның артықшылығы жомарт, жайдары мінезінде, ақылы мен білімінде деп көрсетеді. Ер-азамат, сұлтандар, байлар мен кедейлердің бәрі бір бақытты болса екен деп армандайды. халық арасындағы қайшылықты ағайыншылықпен шешуге үндейді.
Бауыры мен бауыры тіл табысқан тәуірі,
Онда сені ешбір жау ала алмайды бауырым! [14, 365 б.].
Тек бауырлар ғана тіл табысып қоймай, патшаларда бірін-бірі сүйемелдеп қолдаса, ешбір жау жеңе алмайды деген қорытындыға келеді. Өлең:
Екі патша бірін-бірі сүйемелдеп қолдаса,
Жеңем деген оларды басқанікі далбаса! [14, 364 б.].
Ол әділетті болу адамның өзіне байланысты екендігін әсерлі жеткізе білді. Әділеттілік орнатудың негізгі әлеуметтік келелі тіршілік мүдделеріне қарай иландыру, икемдеу, оның өрісін кеңейту, кеңістікті пайдалану, уақытты бос өткізбеу болып табылады.
Әділ болсаң, халықтың көңілінен шығасың,
Пайғамбарлар есігін қысылмай –ақ қағасың! [14, 88 б.].
Адам мейірімсіз, қатыгез, безбүйрек болмау керектігін, керісінше ақылды, парасатты, әділ болуын ескертеді. Бұл идеялары мына өлең жолдарында жақсы келтірген:
Парасатты, тектінің, ақылдының, әділдің,
Бүкіл байлық солардың қалтасынан табылды.
Деген күннің өзінде тамшы қанға татымас,
Болмау керек безбүйрек, болмау керек қатыбас [14, 134 б.].
Мұхаммед Хайдар Дулати хан мен халықты бірігіп қимылдауға, бірігіп әрекеттенуге шақырды. Ол халықтың талап-тілегін орындаушы, сол тілектердің орындалуына жол ашқан саяси тұлға еді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың шығармаларын философиялық тұрғыдан талдау барысында, ұрпаққа айтарымыз, адам мәнді өмір сүру үшін күресуі, еңбектенуі, тығырықтан шығатын жолды іздеуі керек. ...
2.3. М.Х. Дулатидың жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік – адамгершілік үлгілері туралы ойлары
... Ол әр азаматтың өз қара басын ғана емес, еліне, жұртына, азаматтық борышты адалдықпен атқаруды көздеген адам. Халық алдындағы борыш-парызды адалдықпен орындау – адамның рухани жетілгендігінің, ерлік кемеліне келгендігінің белгісі деген ойлар кездеседі шығармаларында. Сондай-ақ Мұхаммед Хайдар Дулати халық қойған талап-тілектерді қасиет тұтып, оны өз мүддесінен жоғары ұстайды, халық қажетін өтеуге қамқоршы болады, елдің қолы жеткен табыстарын қорғайды, озбырлыққа, қиянатқа жол бермейді. Халықтың рухани құндылықтардың бірі – ар-намыс екенін жақсы ұққан Мұхаммед Хайдар Дулати, өз іс-әрекеті үшін өзінің моральдік жауапкершілігін түсініп, сезініп, әділетті болуға ұмтылады. Жалпы ойшыл, өз шығармасында адамның адами қадір-қасиетін, бітімін, оның жеке тұлға ретіндегі рухани-мінезділік бағасын, адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуын қарастырады. Мұхаммед Хайдар Дулати шығармасындағы тіршілік философиясының күре тамыры адам мәселесі қойылып, оның гуманистік мәні жоғары көтеріліп, адам ғұмырын қызықты да бақытты, салмақты да баянды етуге әрекет жасалады. Ал өмірдің өзінде адамға лайықты етіп, ұйымдастыру принципін қояды. Бұл принцип достық-жолдастық, ағайын-туыстық, сыйластық-ынтымақтастық, басқа да ұғымдар шеңберінде қарастырды. Мұхаммед Хайдар Дулати шығармаларының айқындайтын тағы бір тұстары – ол тұтастық пен бірлікті, ішкі ынтымақтастық пен азаматтық татулықты, адалдық пен әділдікті дәріптейтін қуаты. Сондықтан да татулық, бірлік, ынтымақ, адалдық, әділдік, - Мұхаммед Хайдар Дулати шығармаларының басты мәселелерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, адамның қандай адам екендігі оның жасаған іс-әрекетінен байқауға болатындығы айтады. Дулати қарапайым халықпен тең дәрежеде сөйлесіп, мұң-мұқтаждығын жазған ұлы тұлға.
Бұдан шығатын тұжырым – жаңа қалыптасып келе жатқан жас мемлекеттің болашақ азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеуде, М.Х. Дулати шығармаларын зерттеп, негізгі ұғымдарын қарастыруымыздың қажеттігі туып отыр. ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. –320 б.
2 Омарбеков Т. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашидиі» //Ақиқат. -1999. -№ 2. – 41 б.
3 Албани Б.Қ. Мұхаммед Хайдар Дулати. – Алматы: Ататек, 2000. –27 б.
4 Молдабеков Ж.Ж. Заманның келбеттенуі және оған тарихи талдау //Мұхаммед Хайдар Дулати: Ойшыл. Тарихшы. Жазушы. Қолбасшы: // Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы. 1999. –200-201 бб.