Дипломная работа: О.Бөкеев шығармаларындағы бейвербалды амалдар


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
70

Мазмұны

 

 КІРІСПЕ. 3

 

1. БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.. 5

1.1 Бейвербалды амалдардың зерттелу жайы.. 5

1.2 Бейвербалды амалдың сипаттамасы және көркем шығарма тілі 8

1.3. О.Бөкеев шығармаларындағы кинесикалық амалдардың классификациясы   15

1.4. Бейвербалды амалдардың ұлттық-мәдени негізі және оның О.Бөкеев шығармаларындағы көрінісі 28

1.5. О.Бөкеев прозасындағы бейвербалды амалдардың мағыналық өрісі.  Бейвербалды синонимдер. 36

1.6. Бейвербалды омонимдер. 43

1.7.  Бейвербалды антонимдер. 48

1.8.  Сәлемдесу және қоштасу рәсімінде қолданылатын бейвербалды амалдар  50

1.9. Тыйым ретінде кездесетін бейвербалды амалдар. 56

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 62

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

 

1.2 Бейвербалды амалдың сипаттамасы және көркем шығарма тілі

 

... Жеңілудің белгісін – бас ию, қол қусыру, аяғына жығылу, қос қолын көтеру арқылы білдіреді. Қабылдаушының арқасынан қағу арқылы – құптаудың, қолпаштаудың, қоштаудың, ризалықтың нышанын байқауға болады. Қарсылықтың нышанын – орнынан үнсіз тұрып кету, бас шайқау, қол сермеу сияқты кинемалар атқарады. Қорлау, масқаралау кинемалары да кездесіп отырады. Мұндай жағдайды есекке, сиырға теріс мінгізу, бетке түкіру, бетке күйе жағу, әйелдердің шашын кесу сияқты масқаралау жазаларын қолдану арқылы елге жария еткен. Араздасу белгісі ретінде – ат құйрығын кесу, әбден көңілі қалған адамға бір уыс топырақ шашу сияқты бейвербалды амалдар бар. Қазақ халқында қолын теріс жайып бата беру, бетке түкіру, топырақ шашу, омырауын көкке сауу сияқты кинемалар жазаның ауыр түрі болып саналады.

 

Айтып кетер бір жайт: топырақ шашу, ат құйрығын кесу, үйін, отының басын сабалау, туырлығын тілу, есекке, сиырға теріс мінгізу, бетіне күйе жағу, шашын жұлу, бетін тырнау сияқты бейвербалды амалдар қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған архаизм-бейвербалды амалдар болып есептеледі. Мұндай амалдар қазақ халқына ғана тән ұлттық-мәдени негіздегі кинемалар. Әр кинеманы өз ыңғайына қарай әр жағдайда қолдана білу – тапқырлықтың, сезімталдықтың, ұғымдылықтың белгісі.  ...

1.6. Бейвербалды омонимдер

 

... Қарым-қатынас барысында семантикасы жағынан кең қолданылатын кинеманың бірі – түкіру. Бұл кинеманың беретін мағынасы әр түрлі. О.Бөкеев шығармаларында “түкіру” әр түрлі жағдайларда қолданылады. Қазақ халқының салт-дәстүрінде, сана-сезімінде, жалпы күнделікті қарым-қатынасында “түкіру” кинамасының бірнеше түрі қалыптасқан. Мысалы, біріншіден – жұмысқа құлшына кірісу үшін жасалатын кинема. Ауыр жұмысты істер алдында, алдымен құралды қолына алардан бұрын, алақынына түкіріп алатын әдет бар. Бұл әдетті көбіне, ер адамдар қолданады. Сонымен қатар бұл кинеманы ер адамдар күреске шығар алдында да жиі пайдаланады. Екіншісі – ашуланған, ыза болған кезде қолданылатын кинема. Салт-дәстүр, наным-сенімдермен байланысты “түкіру” кинемасы күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылады. Бұл әйел адамдар қолданысында кең жайылған – жақсы затқа, жақсы адамға көз тимес үшін жасалатын ырым.

 

түкіру  І  құлшыну

 

Қара жұмыс адамды адам атып жатқан соғыс емес қой, жігіттер ал дегенде-ақ қолдарына түкіріп,  үлкен жігермен кірісіп-ақ кеткен (“Бәрі де майдан”).

 

түкіру  ІІ  күреске дайындық

 

Шыдай алмадым. “Жығылсам жер көтерер”, деген тәуекелмен ортаға атып шығып,  алақаныма түкіріп ұстаса кеттім (“Бәрі де майдан”).

 

түкіру ІІІ ыза болу

 

Бірақ тұлан тұтып, шарқая қатындарша бетін тырнап шаптықпай, сол міз бақпаған қалпында тісінің арасынан темір пешке шырт еткізіп түкірді; түкіріп алды да, тістене зілмен сөйледі (“Сайтан көпір”).

 

түкіру  ІV   көз тимес үшін жасалатын ырым

 

Шешемнің “елден аулақ қара тасқа көрінсін” деп күніне үш уақ тәубасын айтып, тфәлайтыны осыдан да (“Үркер”).

 

түкіру V қорлау, масқаралау

 

Өзім тауып алсам деп қызғанып тұрсың-ау.

 

Тфу!

Тфу!

Тфу!

 

Кім-кімнің түкіргенін білмеймін, есімде жоқ, әйтеуір, апай төс Мұхтар ағам көз алдымда өз-өзінен кішірейіп бара жатты (“Іздегенін тапты ма?”).

 

О.Бөкеевтің сан алуан жағдайларды әсерлі бейнелеу мақсатында бейвер-балды омонимдер қорын асқан шеберлікпен пайдаланғанына дау айта алмай-мыз. Қаламгер біліктілігі шығармаларының көркемдік дәрежесін биікке көтер-ген. Әдетте, бейвербалды омонимдердің қандай мағына беретіндігі вербалды амалдар арқылы айқындалады. О.Бөкеев шығармаларында адамның қасиетін, іс-әрекетін суреттеуде бейвербалды омонимдердің алатын орны ерекше. ...

 

1.9. Тыйым ретінде кездесетін бейвербалды амалдар

 

... Үлкеннің жолын кеспе, бетіне тура қарама.

 

Қазақ халқының ата дәстүрінде  жасы үлкендерге деген құрмет ерекше. Үлкендер отырған жерге кіші ұрпақ рұқсатсыз баса көктеп кірмеген. Қазақ келіндері үлкендердің жолын ешқашан кеспеген, бетіне тура қарамаған.

 

Олар ақылды, үлкендердің алдынан көлденең кесіп өтпейтін ізгілікті, көреген жан болу керек дейтін (“Мұзтау”). Немесе:

 

Ата, дедім мен иіле төмен қарап. (Қанша арып-шаршап қиындық көріп жүрсем де ол кісінің жүзіне тура қарамаған инабатты келіні едім ғой, қайтейін) (“Бәрі де майдан”).

 

Бұндай бейвербалды амалдар (үлкен адамның алдынан кесе көлденең өтпеу, бетіне тура қарамау) ізеттіліктің, инабаттылықтың, сыйласымдылықтың шынайы белгісі. О.Бөкеев өз туындыларында бейвербалды амалдардың сан-салалы көріністерін қолдану арқылы қазақ келіндеріне тән инабаттылықты, әдептілікті көркем тілмен жетік бейнелеп, оқырманына ұсынған.

 

Ата-бабаларымыз тіл қатпай-ақ, әр қилы дене қозғалысы, дене қалыбы, ишаралармен көп нәрсенің мән-жайын жеткізе білген. О.Бөкеев өз шығармаларында осындай тыйым-бейвербалды амалдарды кеңінен пайдалана отырып, шығармаларының әдеби құнын жоғары деңгейге жеткізген. Сонымен бірге тыйым-бейвербалды амалдармен арқылы жас ұрпақ, оқырман қауым санасына үлгі-өнеге, мол тәлім-тәрбие құюды көздейді. ...

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 1.   Оралхан. Құрастырушы – Р. Мәженқызы, -Алматы: “Өнер”, 2000. -320 б.

 

2.   Сембаева А. Көркем шығармадағы эмоционалды-экспрессивті лексика (О.Бөкеев шығ. бойынша): ф.ғ.к. дисс: -Алматы, әл-Фараби ат.ҚазҰУ, 2002.    

 

3.   Дарвин Ч. О выражении эмоций у человека и животных. -Спб.: Питер, 2001. (пер. с англ. яз.). -Нижний Новгород: “Ай Кью”, 1992.  -262 с.

 

4. Татубаев С.С. Жесты как компонент искусства. -Алма-Ата: “Казахстан”, 1979. -108 с.  ...