Мазмұны
КІРІСПЕ. 3
І АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨЛШЕМДЕРІ ТҮСІНІКТЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ.. 9
1.1 Адам құқықтары және негізгі бостандықтары түсініктерінің даму тарихы.. 9
1.2 «Адам өлшемдері» түсінігінің қалыптасуы және ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі саласындағы міндеттемелері 15
ІІ ЕҚЫҰ-НЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ИНСТИТУТТАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ 19
2.1 Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюроның қызметі 19
2.2 Ұлттық азшылықтар жөніндегі Жоғары комиссар мен бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі жөніндегі Өкілдің өкілеттіктері 25
2.3 ЕҚЫҰ аймағындағы құқық бұзушылықтарды бақылау механизмдері 31
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ.. 34
3.1 ЕҚЫҰ-ның Қазақстан Республикасындағы адам өлшемі саласындағы қызметі 34
3.2 Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығы.. 41
3.3 ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссияларының Қазақстандағы 2004 жылғы 19 қыркүйектегі жəне 3 қазандағы парламенттік сайлау мен 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен Президенттік сайлауға қатысты берген есептемесі 45
ҚОРЫТЫНДЫ.. 50
СІЛТЕМЕЛЕР. 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 57
І АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨЛШЕМДЕРІ ТҮСІНІКТЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ
1.2 «Адам өлшемдері» түсінігінің қалыптасуы және ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі саласындағы міндеттемелері
... Хельсинки Қорытынды актінде қарастырылған міндеттемелер мен басшылық қағидалар ары қарайғы қадамдарға қатысты ЕҚЫҚ-нің кездесулерінде талқыланып, нақтылана берді. Адам өлшемі жағынан ерекше маңызға Мадрид және Вена кездесулері ие болды. Қазіргі кезде ары қарайғы қадамдар шеңберіндегі кездесулерге жоғары деңгейдегі кездесулердің алдында шақырылатын шолу конференциялары мен адам өлшемдеріне арналған екі апталық кеңестер келді. Олар Варшавада ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейінде кездесулер болмаған жылдары шақырылады.
Ары қарайғы қадамдар бойынша Вена кездесуінде (1986ж. 4 қараша – 1989ж. 19 қаңтар) осы саладағы істерді талқылау мақсатымен «ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі жөнінде конференция»/24/ шақыруға шешім қабылданды.
Конференция үш кезеңде өтті – Парижде (1989ж. 30 мамыр – 23 маусым), Копенгагенде (1990ж. 5-29 маусым) және Мәскеуде (1991ж. 10 қыркүйек – 4 қазан). Копенгагендік және мәскеулік кезеңдер Адам өлшемі бойынша жаңа міндеттемелерді қамтыған құжаттарды қабылдаумен аяқталды.
1990 жылғы Копенгаген құжаты адам өлшемі мәселелері тиянақты қарастырылған алғашқы құжат болды. Ол қазір де ЕҚЫҰ-ның шеңберінде қабылданған адам өлшемі бойынша міндеттемелердің ең маңыздысы болып табылады. Оның жариялағаны бойынша, адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету үкіметтік құрылымдардың ең басты мақсаттарының бірі болып табылады және оларды тану бостандық, әділеттілік пен бейбітшіліктің негізінде жатыр/25/. Құжатта ЕҚЫҰ-ның негізінде бұрын-соңды ешқашан ресми түрде бекітілмеген адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының тізімі (мысалы, бейбіт жиналыстар мен демонстрацияларға құқық, өз меншігін бейбіт мақсатта қолдануға құқық, балалардың құқықтары) бекітілді, ұлттық азшылықтар туралы жағдайлар орын алды; сонымен бірге осы құжатпен сайлауға қатысты міндеттемелер енгізіле отырып, адам өлшемі саласы кеңейтілді. ...
ІІ ЕҚЫҰ-НЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ИНСТИТУТТАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ
2.3 ЕҚЫҰ аймағындағы құқық бұзушылықтарды бақылау механизмдері
... Баяндамашылар миссияларының осылайша жасақталуының себебі – осындай миссиялар сұралатын мемелкеттің еркінсіз жасақталуы ықтимал.
Баяндамашылар миссиясы мына жағдайда құрылуы мүмкін: егер қандай да болмасын мемлекет ЕҚЫҰ-ның адам өлшеміне қатысты ережелерге ерекше қауіп төніп тұр деп, миссияның жасақталуын талап етсе және басқа да бес елдің қолдауын тапса. Осындай процедура осы кезге дейін тек бір рет қана орын алған: Басқа тоғыз мемлекет тарапынан қолдау тапқан Ұлыбританияның талабы бойынша 1992 жылы қыркүйек-қазанда Хорватияға баяндамашылар миссиясы жіберілген болатын. Мандатқа сәйкес баяндамашылар миссиясы қарусыз азаматтық тұлғаларға қатысты қатал қатынас фактілерін зерттеп, осындай әрекеттерді қалай тоқтатуға болатындығы жөнінде ұсыныстар жасауы керек болды. Сонымен қатар баяндамашыларға этникалық тазартулар болған аудандар мен сербтер мен хорваттардың өзіндік абақтыға жабу мәселелері бойынша аудандарға бару міндеттелді.
Сонымен бірге 1993 жылы жоғары лауазымды тұлғалар Комитетінің Сербия мен Черногорияда адам құқықтары жөніндегі жағдаймен танысуды мақсат еткен баяндамашылардың миссиясын жіберуге қатысты шешіміне қарамай, билік органдары миссия өкілдеріне елге кіру визаларына рұқсат бермеді.
Сарапшылар миссияларының мандаттары өздерінің мазмұны бойынша кеңірек болып табылады: оның мақсаты болып ЕҚЫҰ-ның адам өлшеміне байланысты нақты мәселенің немесе проблеманың шешілуіне ықпалдастық табылады. Осы мақсатпен олар ақпаратты жинауға құықылы және қажет болған жағдайда мүдделі тараптар арасында диалог пен ынтымақтастық қа ықпалдастық ету үшін мейірімді және делдалдық қызметтерді пайдалануға құқылы болып табылады. Келесі әрекеттер бойынша шешімдер тек Басқармашы кеңеспен ғана қабылданады, алайда осы жағдайда консенсус қағидасы қолданылады. ...
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ
3.1 ЕҚЫҰ-ның Қазақстан Республикасындағы адам өлшемі саласындағы қызметі
... Ұлыбритания мен АҚШ және басқа да бірқатар елдер Қазақстанның инициативасын қолдағанымен, нақты 2009 жылы төрағалық етуге сын көзбен қарайды. АҚШ пен Ұлыбританияның Қазақстанға қоятын дау-дамайлары «гуманитарлық өлшем» шеңберінде міндеттемелерді жеткілікті орындамаумен байланысты. Негізінен, Қазақстанға барлық деңгейде тепе-тең сайлау жүйесін қалыптастыру мен шерулер, жиналыстар, демонстрацияларға тыйым салуды алып тастайтын заңдарды; жергілікті билік органдарын тікелей сайлауды қарастыратын жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды; ЕҚЫҰ стандарттарына сәйкес келетін және тәуелсіз баспаханаларға тіркелуге жіне мемлекеттің қол сұғуынсыз қызмет етуге болатын БАҚ туралы заң қабылдау ұсынылған. Қазақстанға парламенттің өкілеттіктерін кеңейтуге, соттадың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мен саяси партияларды тіркеуге қажетті жағдай жасауға кеңес берілуде.
2006 жылдың маусымында ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі жөніндегі Өкілі Қазақстан үкіметін парламенттен «БАҚ еркіндігін ұстап тұратын» бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамаға қатысты түзетулерді алып тастауға шақырды. «Халықаралық стандарттар үкіметтерге халықтың қай бұқаралық ақпарат құралдарына сенім білдіре алатындығына және олардың шығарылу мерзімділігін орнатуға рұқсат бермейді»,- деп Миклош Харашти айтты.
2006 жылдың маусымының аяғында Интерфакс-Қазақстан ақпараттық агенттігі ЕҚЫҰ-ның төрағасы, Бельгияның сыртқы істер министрі К. де Гухттың Қазақстанның ЕҚЫҰ-да мүмкін болатын төрағалығы жөнінде сһйлеген сөзін таратты. Интерфаксқа жүгінетін болсақ, Астанаға келіп, сонда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізген К. де Гухттың айтуынша, «ЕҚЫҰ үшін Венадан шығысқа қарай орналасқан елдердің бірі болашақта осы ұйымда төрағалық етуі өте маңызды болып табылады. Осыған орай орталық-азиялық аймақ өте маңызды. Біздің есептеуімізше, аталған лауазымға осы аймақта Қазақстан ең лайық, ең мүмкін кандидат болып табылады»/46/. Ол сонымен бірге елдегі саяси реформалардың маңыздылығын атап өтіп, төрағасы Президент болып табылатын осы мақсаттарға қалыптастырылған мемлекеттік комиссия алдағы уақытта Қазақстандағы саяси реформалар жағдайын жақсарта алатын һте маңызды ұзақ мерзімді ұсыныстар жасайды деген үмітін білдірді. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Құжаттар:
1. Документ копенгагенского совещания Конференции по человеческому измерению СБСЕ (Копенгаген 1990г.)
2. Документ московского совещания Конференции по человеческому измерению СБСЕ (Москва 1991г.)
3. Заключительный акт Совещания по безопасности и сотрудничеству в Европе (Хельсинки 1975г.)
4. Итоговый документ венской встречи 1986г. (Вена 1989г.) ...