Мазмұны
КІРІСПЕ. 3
I. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ. 6
1.1 Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы. 6
1.2 Қылмыстық іс жүргізуге өкілеттілігі бар субъектілер. 8
1.3 Қылмыстық іс жүргізу сатылары. 15
ІІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ САТЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ. 24
2.1 Қылмыстық іс қозғау сатысының ұғымы, істі қозғау себептерінің маңызы, тәртібі, бас тарту негіздері. 24
2.2 Жеке және жеке жариялы айыптау бойынша іс қозғау. 41
ІІІ. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЖАРИЯЛЫ АЙЫПТАУ ІСТЕРІН СОТТА ҚАРАУ. 45
3.1 Сотқа дейінгі дайындық. 45
3.2. Сотта қарау тәртібі 48
3.3. Жеке және жеке жариялы айыптау істері бойынша сот шешімі. 50
ҚОРЫТЫНДЫ.. 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57
I. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.3 Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
... Қылымыстық іс қозғау туралы тұпкілікті шешім қабылдау үшін қылымыстық іс қозғау себебінің болуы жеткіліксіз. Заңда қылымыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыстың белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуын негіз болып табылады деп айтылған.
Бұл жағдайда әңгіме қылмыстық іс қозғау туралы мәселені дәледі шешу үшін қажетті нақты мәліметтердің болуы мен қылмыстың белгілері болып отыр. ҚІЖК-нің 177-бабында қылмыстық іс қозғау үшін қылмыс құрамының болуы қажеттігі туралы айтылмайды, тек қылмыстың белгілері туралы сөз болады.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау үшін қылмыстың барлық белгілі емес, бір немесе бірнеше белгісінің болуы жеткілікті. әдетте, тергеуге дейінгі тексеру барысында бірден қылмыс құрамының екі элементі – объективтік тараппен объект анықталады. Олар қылмыс болдыма деген сұраққа жауап береді, өйткені бұлар жасалған қылмыстың көптеген мән-жайларын қамтиды. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге мағлұматтардың жеткіліктілігі тұрғысынан қарай отырып, тергеу органдары қылмыстың кімнің жасағанын және кінәнің қандай нысанда екенін үнемі біле бермейді. Қылмыс құрамының қалған элементтерін - қылмыстың субъектімен субъективтік жағын анықтау алдын ала тергеу сатысының міндеттіне кіреді. ...
ІІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ САТЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ.
2.1 Қылмыстық іс қозғау сатысының ұғымы, істі қозғау себептерінің маңызы, тәртібі, бас тарту негіздері.
... Тергеуші қылмыстық іс қозғаған соң алдын ала тергеу ісін жүргізуге кіріседі, бұнда ол жеке айыптау сипатындағы қылмыстар туралы және алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті болып табылмайтын қылмыстар туралы істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу ісін жүргізудің міндеттілігін көздейтін ҚІЖК-нің 191-баын басшылыққа алады.
Тергеуші қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдағанда оны қозғау және істі өзінің жүргізуіне қабылдайтыны туралы қаулы шығарады. Прокурордың немесе тергеу бөлімінің бастығынан жүргізетін істі қабылдап алғаны туралы қаулы шығарады және дереу тергеуге кіріседі. Тергеуші көрсетілген қаулылар көшірмесін 24-сағаттан кешіктірмей прокурорға жібереді.
Алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын істермен айналысатын анықтау органы қылмыстық іс қозғағаннан кейін қылмыстың ізін анықтау және сақтау жөнінде төмендегідей кезек кұтірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуге міндетті: олар – оқиға орнын тергеу, тінту, затты алу, куәландыру, сезіктілерді ұстау және олардан жауап алу, жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алу. Анықтау органы қабылданған шешім туралы прокурорды хабардар етеді. Кезек кұтірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуден кейін қылмыстық істі қозғағанан бастап 5-тәуліктен кешіктірмей анықтау органы істі тергеушіге беруге міндетті, ол туралы 24-сағат ішінде прокурорды жазбаша хабардар етеді.
Алдын ала тергеу міндетті болып табылмайтын істер бойынша анықтау органы қылмыстық іс қозғағанан кейін анықтау ісін жүргізуге кірісуге міндетті және қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шыққаннан кейінзаңда белгіленген 10-күн ішінде оны сотқа беруге тиіс. Анықтау органының бастығы бұл мерзімді 30-тәулікке дейін ұзарта алады. ...
ІІІ. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЖАРИЯЛЫ АЙЫПТАУ ІСТЕРІН СОТТА ҚАРАУ.
3.2. Сотта қарау тәртібі
... Сот тергеуі басталудан бұрын төрағалық етуші тараптарды бітімге келтіруге шара қолдануға міндетті. Тараптардың бітімге келуі соттың кеңесу бөлмесіне кетуіне дейін бола алады.
Сот тергеуі жеке айыптаушының немесе оның өкілінің шағымын баяндаумен басталады. Жеке айыптау ісі бойынша қарсы шағымды бір мезгілде қарау кезінде, оның дәлелдері негізгі шағымның дәлелдері баяндалғаннан кейін, нақ сол ретпен баяндалады. Айыптаушы дәлелдерін ұсынады, ол оларды зерттеуге қатысуға, сотқа айыптаудың мәні бойынша сотталушыға қылмыстық заңды қолдану және оған жаза тағайындау туралы, сондай-ақ сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің пікірін білдіруге құқылы. Айыптаушы сот мәжілісінде, егер мұнымен сотталушының жағдайы нашарламайтын және оның қорғауға деген құқығы бұзылмайтын болса, айыптауды өзгерте алады.
Жеке айыптаушының немесе оның өкілінің осы Кодекстің 208-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген дәлелді себептерсіз сот отырысына келмей қалуы істің тоқтатылуына әкеп соғады, алайда сотталушының өтініші бойынша іс мәні бойынша олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкін. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нормативтік құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жылы. (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 1998 жылы 17 қазанда, 2003 жылы 1 қаңтарда) Алматы: ЮРИСТ, 2003.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. Ерекше бөлім. Оқулық/ Төлеубекова Б.Қ., Қапсәләмов Қ.Ж., Шынарбаев Б.Қ., Бекішев Д.Қ. – Алматы: ҚазГЗУ,2002.
3. Қазақстан Республикасының Жоғапғы Сотының мәжілісінің нормативтік қаулысы “Сот үкімдері туралы” 2002ж. 15 тамыз. Заң анықтамасы. – Алматы, ЮРИСТ.; 2003. ...