<...> Сыртқы саудаға импортпен экспорт кіреді. Қазақстанның экспорттағы үлесі: минералды өнімдер 55%, металл мен оның өнімдері 25%, химиялық өнеркәсіп 5 %, сатуға арналған тауарлар мен шикізаттар 7%. Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық негізі болып тері, бидай, мақта қалды.
Импорттың негізгі баптары: машина, құрал-жабдықтар, көлік құралдары, приборлар 41%, химиялық өнім, пластмасса, сағыз 15%, минералды өнімдер 13%, металл және оның өнімдері 11%, сатуға арналған тауарлар мен оларды дайындауға қажет шикізат 9%, басқалары 11% .
<...> Оларға салықтар, сондай-ақ валюталық бағам, әлемдік баға, сыртқы несиедегі пайыз қойылымы, облигация бағамы, басқа да төлемдер мен бағалы қағаздар, кедендік баж жатады.
Валюталық бағам немесе басқа елдің валюталық бірлігінде айқындалған ұлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырады. Валюталық бағамның бір қалыпты болмауы отандық тұтынушылар үшін басқа елдің тауар бағасын өзгертеді.
Мемлекеттің валюталық бағамының жүйесі икемді және тіркелген түрде құрылуы мүмкін.
<...> Төлем балансының ерекшелігі оның құрамында қаражат құрылуымен, оның кезең ішінде өзгеруімен сипатталады Мұнда ағымдағы операциялар шотының оң сальдосы экспорттағы тауар мен қызметтерді көрсетеді және трансферт пен табыстың түсуін көрсетеді. Теріс тауар мен қызметтің импортын, трансферт пен табысты төлеуді көрсетеді. Капитал шотындағы оң өсу берілген елдің резидент еместердің алдында міндеттерінің өсуін және резиденттің резидент еместің алдындағы міндетінің азаюын көрсетеді, кері өсу резидент еместердің резидент алдындағы міндеттерінің төмендеуін, резиденттің резидент емеске міндетінің өсуін білдіреді.