Жоспар
КІРІСПЕ. 3
I БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ. 8
1.1 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. 8
1.2 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің модельдері. Мемлекеттік реттеу әдісінің әлемдік тәжірибесі 15
1.3 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жағадайлары. 23
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫН БЕЛСЕНДІРУДЕГІ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІНІҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ СИПАТЫ.. 31
2.1 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мен нақты сектордың өзара байланысы және нақты секторды қаржыландырудың мүмкіншіліктері. 31
2.2 Қазақстан Республикасының нақты секторымен байланыста қызмет ететін бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының бүгінгі таңдағы жағдайы және олардың қызметтерін реттеу заңнамасы. 34
2.3 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, екінші деңгейлі банктер және басқа бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының экономиканың нақты секторын дамытудағы ролі. 43
ІІІ БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. 53
3.1 Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын дамыту мақсатында бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары. 53
3.2 Нақты сектормен байланыста қызмет ететін бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының іс-әрекеттерін реттеудің заңнамалық жетілдірілуі 62
ҚОРЫТЫНДЫ.. 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 70
I БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ.
1.3 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жағадайлары.
... Депратаменттің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру және зейнетақы жүйесінің, банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мен банк салымшыларының мүдделерін қорғау болып табылады.
Департаменттің құрылымы:
1. Лицензиялау басқармасы;
2. Мониторинг және пруденциалдық реттеу басқармасы;
3. Қаржы топтарын қадағалау басқармасы;
4. Инспекциялау басқармасы;
5. Қаржылық есеп беру басқармасы;
6. Эмиссионды бағалы қағаздардың шығарылымын және айналысын реттеу бөлімі;
7. Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы;
8. Қадағалаудың әдістемелік басқармасы;
9. Нормативтік реттеу бөлімі.
Қаржылық қадағалау департаментін құру, қаржы топтарына қадағалауды және олардың қызметтерін реттеуді бір органға бекіту, кейіннен қаржы нарығын қадағалауды жеке органға беруге бағытталған алғашқы қадам болып табылады. Бұл әлем бойынша өзін-өзі тиімді және оң жағынан көрсеткен бірден-бір даму жолы болып табылады. Бұл дегеніміз – Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында болып жатқан өзгерістер орынды екенін көрсетеді. ...
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫН БЕЛСЕНДІРУДЕГІ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІНІҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ СИПАТЫ
2.2 Қазақстан Республикасының нақты секторымен байланыста қызмет ететін бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының бүгінгі таңдағы жағдайы және олардың қызметтерін реттеу заңнамасы.
... Бағалы қағаздар нарығында инвестор ретінде инвестициялық қорлар есептеледі. Қазақстан Республикасының 1997 жылығы 06 наурызда қабылданған “Инвестициялық қорлар туралы” заңында инвестициялық қолардың екі түрі қаратсырылады: өзара қорлар (акционерлерден өз акцияларын сатып алуға міндеттенеді) және инвестициялық компаниялар (ондай міндеттеме алмайтын қорлар).
“Инвестициялық қорлар туралы” заңды құрастыру кезінде 1997 жылғы жекешелендіру қорлары өз салымшыларының жалпы жиналысын өткізіп, өз ұйымдарын инвестициялық қорларға немесе басқа акционерлік қоғамдарға қайта құрылуға байданысты мәселелерді талқылайды деп күтілген еді. Бірақ заңнамамен акциоенрлерді шақыру және жиналысты өткізу жолдары қарастырылмаған еді, ал кейбір қорлардың акционерлерінің саны миллионнан асатын болғандықтан, бұл жағдай қиындықтар туғызды. Осы мәселені шешу мақсатында 1997 жылы 01 тамызда Қазақстан Республикасының үкіметі №1208 қаулысын қабылдады, онда жекешелендіру инвестициялық қорларының акционерлерінің жиналысының кеейбір ерекшеліктері қарастырылды, айтар болсақ жалпы жиналысты сырттай жүргізуге құқық берілді. Алайда бұл шара да күтілген нәтижелерге қол жеткіздірмеді. Бұған қоса біраз инвестициялық жекешелендіру компанияларында орындалмаған жекешелендіру инвестициялық купондары қалып қойды. ...
ІІІ БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
3.1 Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын дамыту мақсатында бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары.
... Ұлттық банк тарапынан үкіметің қарауына “Қаржы қызметтерін мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы” және “Қаржы нарығының мемлекеттік бірегей реттеудің жүйесін ұйымдастыру мәселелеріндегі кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобалары берілген. Қазақстан Республикасының үкіметінің шешімі бойынша қызығушылық білдірген ведомствалардың ұсынуларын ескере отырып, аталмыш заң жобаларының қаралуы 2003 жылдың бірінші жартысына бекітілген. Ол заң жобаларының қабылдануы орын алса, қаржылық қадағалаудың тәуелсіз органы құрылады.
Жоғарыда аталған тәуелсіз органның қызметінің негізгі мақсаты қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайына қадағалауды жүргізу, сол арқылы олардың өзіне алған қызметтерін тұтынушылардың алдындағы міндеттемелерін уақытымен және толық көлемде орындау болып табылады. Яғни, қаржылық қызметті тұтынушы қаржы нарығындағы қаржы мекемесін таңдау мүмкіншілігіне, толық әрбір қатысушы бойынша ақпарат алу мүмкіншілігіне, көрсететін қызметтер туралы толық ақпарат алу мүмкіншілігіне және тағы басқа мүмкіншіліктерге ие болады. Бұл дегеніміз қаржы қызметін әрбір тұтынушы өзінің сатып алу мүмкіншіліктерімен сәйкестендіре алады. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Акционерлік қоғамдар туралы 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы.
2. Бағалы қағаздар нарығы туралы 1997 жылғы 05 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңы.
3. Бағалы қағаздармен жасалған мәмлелерді тіркеу туралы 1997 жылғы 05 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңы.
4. Банктер және банктік қызмет туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңы.