МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
1. АДАМЗАТ ДАМУ ТАРИХЫНДАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ СТАТУСЫ. 6
1.1. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар тәрбиесінің тарихи-мәдени ерекшеліктері. 6
1.2 Қазіргі қоғам дамуындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік-мәдени статусы. 15
2. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРМЕН ОҢАЛТУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. 21
2.1. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек Балаларды оңалту кезіндегі әлеуметтік педагогикалық жұмыстардың жетістіктері. 21
2.2. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтік педагогикалық бағыттаудағы бағдарламасы мен әдістемелері. 26
ҚОРЫТЫНДЫ.. 33
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34
Қосымша. 36
1. АДАМЗАТ ДАМУ ТАРИХЫНДАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ СТАТУСЫ.
1.2 Қазіргі қоғам дамуындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік-мәдени статусы.
... Оның үстіне, Қазақстан Республикасында 2004 жылдан бастап амбулаторлық деңгейден табылған бір жасқа дейінгі балалар дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етіледі, ал 2005 жылдан бастап амбулаторлық деңгейде 5 жасқа дейінгі балалардың арасында кеңінен тараған ауруды емдеу барысында осы жастағы балаларды дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз ету қарастырылған болатын.
2006 жылдан бастап Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесіне амбулаторлық деңгейіндегі диспансерлік есепте тұрған балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары қосылды. Ауру-сырқаттар мен дәрі-дәрмектер тізбесі Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған бала жаста кездесетін ауруларды бірлесіп емдеу стратегиясы аясында жасалды.
Балалар құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясында балалар қоғамының айрықша бөлімі ретінде табылған болатын. Олар қосымша қорғау шараларына мұқтаж және қатысушы мемлекет балаларының өзін толғандырған мәселеге қатысты пікірін еркін білдіру құқығын қамтамасыз етуге міндетті.
Баяндамада балалармен жұмыс істейтін мамандардың, қоғамның, балалар мен ата-аналарының, Конвенцияда айтылған негізгі ережелермен таныстығын кеңейту, оны насихаттау әрі түсіндіру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінген. ...
2. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРМЕН ОҢАЛТУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек Балаларды оңалту кезіндегі әлеуметтік педагогикалық жұмыстардың жетістіктері.
... Егер отбасында дені сау балалар болса, олардың кейбір қылықтары ауру балаға кері әсер етеді. Мұндай жағдайдаотбасында тепе- теңділіктің болуы маңызды рөл атқарады.Көп жағдайда дені сау балалар дімкәс балаға қарап, қамқор болып, оның өз бетінше дамуына кедергі жасайды әрі шеттетеді. Бұған қоса жарымжандыларға кәдімгідей талаптар қойылады. Ата-аналар көп жағдайда себепсіз көңілдерін мүгедек балаға бөліп, дені сау балалар назардан тыс қалады. Осынау жағдай сау балалардың психологиясына кері ықпал етеді. Мұндай жағдайда сау балалардың өзіне психологиялық көмек қажет. Өйткені олар өсе келе ауру баладан бойын алыс ұстауға тырысады. Мамандардың айтуына қарағанда, егер отбасына дені сау, кемінде екі бала болса, онда жағдай қалыпты деңгейде болады екен.
Баланың өсіп-өнуінеотбасындағы қалыпты жағдайдың әсері мол. Сондай-ақ, олардың достарымен араласуының пайдасы да шаш етектен. Ата-аналар тағдырдың осынау бақытсыз сыйына қарап, құр қол жайып отырып алмауы керек. Қандай жағдайда да мүгедек балаға қол ұшын беруге дайын болулары қажет. Отандық және әлемдік тәжрибе корсеткендей, мүгедек балалардың тәрбиесі ата-аналармен мамандардың бірге байланыта болып тәрбиелеуі баланың жетіліп дамуына ықпалды келеді. Отбасы мүгедек баланың қалыптасуына, алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Оның ер жетуі жан-жақты ықпал ететін әлеуметтік топ мүгедек бала дүниеге келе қалған жағдайда оның тәрбиесіне отбасының әрбір мүшесі жауапты. Өйткені, мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Алғаш рет ата-ана қорқынышты диагнозды естігенде оларды қорқыныш билейді. Одан кейін өздерін кінәлі санау басталады. ...
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
2.Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, Дарын-2004.
3.Педагогика. Оқулық/ Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы-Алматы: Print-S, 2005
4. Бегалиев Т. Педагогика. Тараз. 2001.