Реферат: Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
10

Жоспар

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

 

1 Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары  

2 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен

құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық  

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

... Cыбайлас жемқорлық мемлекеттiк билiк органдарында қауiптi. Бұл жағдайда ол мемлекеттiк қызметшiлердiң шешiм қабылдауда беделiн түсiретiн өкiлеттiлiгiнiң және қатаң құқықтық есеп берудiң, шенеунiктердi қадағалаудың жоқтығынан билiктiң монополияға айналуына әкелiп соқтырады. Ол елiмiздiң, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделерiне көп зиян келтiредi.

 

ҚР-ның  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңға сәкес сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектiлерi болып келесілер табылады:

 

1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жауапты болады.

 

2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

 

1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар;

 

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.

 

3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

 

1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;

 

2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелерi;

 

3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;

 

4) мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бec процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi (кемiнде отыз бес процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берiлген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестiрiледi.

 

4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.

 

Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің беделін түсіреді, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді, құқықтық мемлекет құру қағидаларын бұзады. Сыбайлас   жемқорлық  мемлекетіміздің саяси  экономикасына,  саясатына зиян келтіреді. Сонымен қатар үкіметтің даму бағдарламаларын жоққа шығарады. Сыбайлас  жемқорлық  туралы ұғым 1979 жылы БҰҰ 34 отырысында  бірінші рет қарастырылған. Бұл ұғым лауазымды-мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның, өзi немесе делдал арқылы пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде пара алуы, егер, мұндай iс-әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса не ол қызметтiк жағдайына байланысты осындай iс-әрекетке (әрекетсiздiкке) мүмкiндiк жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметi бойынша жол берсе.  ...