Реферат: Өлім және өлік құбылыстары жөніндегі сот-медициналық ілім (сот-медициналық танатология)


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, Сот медицинасы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
22

Жоспар

 

 

Кіріспе. 3

1. Өлім және терминалды жағдайлар туралы ілім. 3

2. Өлімнен кейін туындаған өліктегі өзгерістер және олардың сот-медициналық маңызы   7

3. Өлімнің уақытын анықтаудың негізгі әдістері 20

Қорытынды.. 22

 

 

1. Өлім және терминалды жағдайлар туралы ілім

 

 

Танатология (грекше, іһапаіоз - өлім) - өлім туралы ғылым. Қазіргі кездегі танатология терминалды жағдайды, өлімнің қозғалысының үрдісін, өлімнің туындауына әкеліп соғатын ағзадағы патологиялық қызметті және анатомиялық ығысуларды оқытады.

 

Танатология жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Жалпы танатология - өлімнің себебін анықтау үшін өлім басталуының диагностикасын және даму динамикасын, өліктегі өзгерістер және өлікті зерттеу ерекшеліктерін оқытады. Жеке танатология - осы мәселелерді әр түрлі аурулар кезінде, механикалық зақымдану және басқа жағдайларда қарастырады.

 

Сот-медициналық танатология - зорлықтан және кенеттен болған өлім себебін зерттейді. Сот-медицина танатологиясының негізгі міндеті бірнеше арнайы сұрақтарды шешу үшін сот-тергеу органдарына көмектесу (өлімнің себебі, ұзақтығы және т.б.). ...

 

... 

 

Өлімнің сот-медициналық жіктелінуі. Сот медицинасында өлімді екі санатқа бөлу қалыптасқан - зорлықтан болған өлім және зорлықсыз болған өлім. Зорлықтан болған өлімге - сыртқы орта әсерінен болған өлім жатады. Зорлықпен өлген адамдардың өліктері міндетті түрде сот-медициналық сараптамаға жіберіледі.

 

Өз кезегінде зорлықтан болған өлімді, біреудің әсерінен болған өлім (кісі өлтіру), өзін-өзі өлтіру немесе оқыс жағдайдан болған өлім деп бөледі. Одан басқа сот медицинасында өлімнің басқа да түрін ажырату қалыптасқан (мысалы, механикалық зақымданудан, жоғары немесе төменгі температура әсерінен).

 

Зорлықсыз өлім - ауру әсерінен болған өлім (патологиялық өлім), кәріліктен болған өлім немесе физикалық не физиологиялық жетіспеушіліктен болған өлім (физиологиялық өлім). Зорлықсыз өлім — адамды өлімге әкелген себеп арқылы анықталады. Бұл жағдайлардың көбісі, зорлықтан өлді деп күмән тудырғаннан басқалары, патологоанатомиялық тексеруге жатады (жедел өлім, жаңа туылған бала өлімі).

 

Осылайша, біздің тарапымыздан өлімнің негізгі санаттары мен түрлері және терминалдық жағдайы қарастырылды. Сот-тергеу тәжірибесінде өліктегі өзгерістерді және адамды зорлықпен өлтірген жағдайда өлімнің уақытын анықтау қажет. ...

 

 

 

3. Өлімнің уақытын анықтаудың негізгі әдістері

 

 

Сот-медицинасында өлім уақытын анықтау әр мүшенің және дене ұлпаларының өмір сүруінің ұзақтығына негізделген. Өлім уақытын анықтау үшін осы ұлпаларға тітіргендіргіштермен әсер ету әдісін пайдаланады. Ол электрлік немесе механикалық тітіркендіргіштерге, ал, кейбір ұлпалар химиялық заттарға жауап береді. Ұлпалардың осындай реакциясын — суправитальді деп атайды.

 

Бұлшық еттің электрлік әсерге жауап беруі. Ине тәрізді электродты кез келген бұлшық еттің соңына қадап (мыс: бицепс) ток беретін болсақ, ол белгілі дәрежеде тырысады. Тырысу күші үш баллды көрсеткіште бағаланады. Қатты жиырылу өлгеннен кейін 2-2,5 сағатқа дейін пайда болады, орташа - 2-4 сағат, әлсіз - 4-6 сағат арасында байқалады. Әдіс белгілі ток күшін қажет етеді. Әдістің артықшылығы сол, оның нәтижесіне сыртқы фактор өте аз әсер етеді.

 

Бұлшық еттің механикалық әсерге жауап беруі. Ол беті шектелген қатты затпен бұлшық етті ұру (мысалы, бицепстің ортасын темірмен). Ол жерде ісіну пайда болады. Бұлшық еттің бұл реакциясын өлгеннен кейін 6 сағатқа дейін қарап анықтауға болады. 6-11 сағат аралығында осындай реакцияны ұрған жерді тек қолмен қысып қарау арқылы анықтауға болады. Кеш мерзімде ұрған жерде езілу пайда болады. Бұл реакцияға өлімнің сыртқы ортасы мен себебі елеулі әсер етпейді. Жаңа өлген өлікте бұлшық ет сіңірдің механикалық әсеріне де жауап береді. Сіңірді ұрған кезде тиісті бұлшық еттің жиырылуы болады (бұл невропотолог дәрігермен, аурулардың сіңірлік рефлекстерін тексеру тәрізді тізе, ахилл сіңірлерін ұра отырып қарауы). Сіңірдің барлық бойына ұрғанда жағымды реакция өлгеннен кейін 1,5-2 сағат уақыттың өткенін көрсетеді. Егер кейбір бұлшық еттерге ғана жағымды әсер етсе 6-8 сағат өткенін білдіреді.

 

Қарашықтың атропин және пилокарпинге әсері. Адам өлгеннен кейін ішкі биомеханизмдердің әсерінен қарашық кеңейеді, кейін 2 сағат өткеннен соң тарылады, сосын тағы кеңейеді. Атропин және пилокарпинді тамызғанда қарашық кеңейеді немесе тарылады, реакция күші өлім дамуының ұзақтығына пропорционалды және өлім уақытын анықтауға қолданады. 11 сағатқа дейін атропин енгізгеннен қарашық кеңейеді, пилокарпиннен кейін тарылады. Өлгеннен кейін 24 сағаттан соң қарашық атропин және пилокарпинге әсер етпейді.

 

Тері бездерінің реакциясы. Тері бездері адам терісінің барлық бөлігінде орналасады. Өлгеннен кейін бірнеше уақытта оған тер бөліп шығаратын химиялық затты енгізу арқылы өлім уақытын анықтайды. Әдістің маңызы келесідей. Тері бетіне химиялық зат жағылады, ол терімен араласқанда түсі өзгереді. Осы жердің астына адреналин енгізеді, ол тер бездерінің жиырылуын шақырады және тер бөлінуін азайтады. Тер бездерінің реакциясы өлгеннен кейін алғашқыда 1-1,5 сағаттан кейін айқын көрінеді де, әсері 30 сағатқа дейін сақталады. Бұл әдіс адам денесінің жекелеген бөліктерін тапқанда қолданады. ...