Жоспар
1. 1970—1990 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы
2. 1970-1990 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылық жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы
3. 1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономиялық жағдай. Невада-Семей қозғалысы
4. Қазақстандағы демографиялық процестер және 1986 жылы желтоқсанда қорлық көргендер мен жәбірленгендер
Әдебиеттер
2. 1970-1990 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылық жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы
... Колхоздардың өлшемі ерікті түрде құралды, оларды орналастыруда табиғи өндіріс орыңдары мен басқа да фактілер есепке алынбады. Бұның нәтижесінде бірнеше тұрғындар пункттері басқарусыз қалды.
Жалпы істің нәтижесінде 1956-1965 жыддармен салыстырғанда 1966-1975 жылдардағы дәнді дақылдар түсімі әр гектарға шаққаңда орта есеппен 1,9 центнерге артты. Осы мерзімде Қазақстан одаққа үш мәрте 16,4 миллион тоннадан асырып астық тапсырды. Бұл көрсеткіш оныншы бесжылдықта маусым сайынғы сипат алды. Жан басына шаққанда 1986-1990 жыддары Қазақстанда 1556 килограмм астық өндіріледі. Орталық басшылык болса республика алар межені қол жеткен табыстардан жоспарлай отырып, бүрынғыдан бетер биіктетті. Он бірінші бесжылдықта астықтың жалпы түсімін 28-29 миллион тоннаға, он екінші бесжылдықта 31,5 миллон тоннаға жеткізуді талап етті.
Жөнсіз қабылданған шешімдер мен нұсқаулар егіншілік шаруашылығының қайтарым заңын бүзды. Сол кездің өзінде егіншілікте топырақ өңдейтін тиімді машиналар ықпал жасайтын тыңайтқыштар жүйесі қайтадан ойластырылмады. Жер қыртысына органикалық заттарды енгізу, арамшептермен, өсімдік ауруларымен күрес ісі жеріне жете шешілмей қалды. ...
3. 1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономиялық жағдай. Невада-Семей қозғалысы
... Дереу қазақ мектептерін құру, дәлірек айтсақ, қайта құру, орыс мектептерінде қазақ тілінде оқытатын сыныптар ашу қолға алынды. Ақыры қисынсыздыққа ұрынған көздер бар. Аралас оқыту делінетін (оқушылардың бір бөлігі тек орыс тілінде, келесі бөлігі тек қазақ тілінде оқытылатын) қолға алынған Алматы мектептерінің бірінде күллі қаланы абыржытқан жарылыс болды. Бақытымызға қарай, зардап шеккендер болған жоқ, бірақ, қара ниеттілер де сол бетінде таптырмай кетті. Оқиғаны бажайлай келгенде, бұған кінәлі жағдай болып шықты. Олар мектепті ұлттық белгісіне қарай екі "егемен" — қазақ жөне орыс аймағына бөлген екен. Сөйтіп екі директор, екі оқшау ұжым пайда болады. Мұны, сірә, ақымақшылықтың шегі деу керек шығар, дәлізге білеудей металл тор қойылады. Сол торды жарған екен. Осындай әрекет жасаған бір-бірінен бөліп оқытуды қаламаған оқушылардың өздері болса керек.
Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана елімізде қазақ халқының тілін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін шындап қалпына келтіруді мақсат еткен рухани өрлеу басталды. Сонымен тоталитарлық тыйылды. Мәңгіге тыйылды деп сенемін'деді.
Қорыта айтсақ Социализмнің "гүлденуі" мен лениндік ұлт саясатының "салтанатының" мысалдары Қазақстан тұрғындарының көп ұлттары болуынан, түрлі ұлт өкіддерінің арасындағы аралас некенің көбеюінен, қазақ жастарының орыс тіліне, өзге мәдениетке көбірек ден қоюынан ізделініп, насихатталып жатты. Қоғамдық ой тұтасымен әміршіл өкімшіліктің кездеген саяси мақсаттарын діттеу жолына түсті. Үстемдік етіп отырған коммунистік идеологияның талаптарына қарай бейімделу, қоғамдық ғылымдарды сыңаржақ, насихатгың құралына айналдырьш жіберді. ...
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. "Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын". "Егемен Қазақстан". 1998, 16 қаңтар.
2.Қазақстан агроөнеркәсібі. 1990, №4.
3.Ақиқат. 1994, №5. ...