Жоспар
1 Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы. Нарық – тауарлы –ақша қатынасының түрі ретінде. 3
2 Нарықтық экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы.. 9
3 Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметі 13
4 Нарықты реттеу тәсілдері 15
5 Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі 20
6 Мемлекет пен заң шығарушы билік. 20
7 Мемлекет және дағдарысқа қарсы шаралар. 25
8 Мемлекеттік кәсіпкерлік. 26
9 Шетелдік инвестициялар мен мемлекеттік реттеу. 28
10 Рыноктық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері 29
11 Өтпелі кезеңнің негізгі мәселелері мен сипаты. Рыноктық құрылымды қалыптастыру 29
Пайдаланылған әдебиеттер. 32
4 Нарықты реттеу тәсілдері
... Сондай-ақ банк-несие мекемелері қызметтерін реттеудің әртүрлі басқада түрлері қолданылады.
3.Баға мен табыстарды реттеу саясаты. Фискальды және несие саясаты тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады.Сондықтан мемлекет көбірек иіскелей құралға жүгінеді.
4. Әлеуметтік саясат өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады. Оларды қарқынды инфляция салдарынан қорғауға көмектеседі. Әлеуметтік саясат мынандай салаларды қамтиды: білім, медицина, мәдениет, көп балалыларға көмектесу, тұрғыдардың жұмыспен қамтылуы.
5.Сыртқы экономикалық реттеуге мыналар енді:мемлекеттің сауда саясаты, валюталық курсты басқару, сыртқы сауда тарифтер жүйесі, квота, лицензия. Осы мақсатқа мемлекет баға мен табыстың өсуіне максимальды шектеуді белгілеп, кейде оның уақытша ұлғаюын тоқтатады. Себебі кез келген баға мен жалақыны көтеру мемлекеттік органдардың алдын ала санкциясын алуы қажет. Табыс көзінің пайда, дивидент ж.т.б. түрлеріне тікелей шектеу жүргізілмейді.
6. Әкімшілік реттеу әртүрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады. Мысалы, қоғамдық, қолдану салаларын реттеу, қор биржасы мен несие банк мекемелеріне әкімшілік бақылау, жеке бәсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау. Мұнда жұмыс күші нарығын реттеу қызметі,нақтыласақ – жұмысталық мекемесі.
7.Қысқа мерзімді реттеу ұдайы өндіріске сондай мақсатпен әсер етеді, себебі бірнеше айдың ішінде нәтиже алуы керек. Алдына қойған мақсаты экономикалық циклдық ағымдағы фазасының іс-әрекетін өзгертуге әрекет өзгертуге әрекет жасау. Мысалы, экономикалық дағдарыстың ауқымын бәсеңдетіп шектеу, қозғалыс фазасының жүзеге асуын тездету , өнеркәсіп өрлеу фазасын тоқтата тұру немесе соза тұру және т.б. осы себептерге байланысты қысқа мерзімді реттеуді көбінесе конъюктуралық немесе антициклдық саясат деп атайды. ...
9 Шетелдік инвестициялар мен мемлекеттік реттеу
... Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден,мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден,мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасау керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.
Ал әлемдік тәжірибе болса, дамыған рыноктық экономикалардың шетелдік инвестицияларды молынан сіңіріп алып жатқанын көрсетеді,ХХ ғасырдың соңына қарай шетелдіктер АҚШ-та жалпы сомасы 329 млрд.доллар. тең өндірістік қорларды иемденді. Бұл соманы көзге елестету үшін Австралия сияқты дамыған елдің жалпыұлттық өнімнің құнымен тең десек те жеткілікті. Бұл, әрине, қарапайым американдықтарды мазасыздандыруда, бірақ Америка бизнесмендері 80%-тік шетел капиталының ел экономикасына құйылуын белсенді түрде қолдайды және үкімет тарапынан да бұл жағдай толық қолдау табуда. ...
11 Өтпелі кезеңнің негізгі мәселелері мен сипаты. Рыноктық құрылымды қалыптастыру
... Екінші мақсат – финанс-қаржы рыногын қалыптастыру. Әңгіме, бұрын болмысымызға таныс емес, ерекше бағалы қағаздар рыногы туралы болып отыр. Батыс елдеріндегі маңызды орын алып отырған осындай бағалы қағаз рыногының мәніне, сол елдердің тәжірибесіне сүйенбей баға беру қиын. Негізінде финанс рыногы – бұл рынок құрылымының биік деңгейі, оны реттеп әрі қалыпқа келтірудің күрделі де нәзік механизмі. Өтпелі кезең осындай рыноктықалыптастыру және сынақтан өткізу үшін керек, өйткені акция, облигация мен басқадай бағалы қағаздарсызрыноктық экономиканың болуы мүмкін де емес. Бағалы қағаздардың шығарылуы мен еркін айналысқа жіберілуі, оның иелерінің капитал иесі екенін куәландырып,олардың табысқа құқығын көрсету – зауыт, фабрикаларға, материалдық иеліктерге мемлекеттік меншік монополиясын жоюдың қажетті шарттары. Басқаша айтқанда, бағалы қағаз иесі қосымша табыс көздеріне ие болып қана қоймай, меншік иесі де болып табылады. Бұл әлеуметтік шиеленісті күрт төмендетіп қана қоймай, қоғамдағы әртүрлі топтарының жақындастырылыуына себеп болады. Сондай-ақ бағалы қағаздар тауар эквиваленті ретінде ақшаны қамтамасыз етуде қосымша қызмет атқарады.
Үшінші мақсат – жұмы күші еңбек рыногын қалыптастыру мен оны реттеу. Біздің жағдайымызда, бұл ең қиын және өте нәзік мәселе. Шыныда, ондаған жылдар бойы бұрынғы КСРО-да еңбек рыногы жоқ және болуы мүмкін емес деп уағыздалып келген еді, өйткені жұмыс күші өндіріс құралдарынан бөліп қаралмады, енді еңбек рыногын құру сөзсіз қажет болды. Бұл мәселе жақын болашақта өте актуальды болмақ. Еңбекпен қамтамасыз ету саласы мен жалпы рынок қатынастарын жете бағаламау, жұмыссыздықтың әлеуметтік құрылымы негіздерін жан-жақты зерттемеу, нарық жағдайында еңбекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік саясаты өлшемдерінің болмауы елді қиын жағдайға әкеп тіреді. ...