Реферат: Ортағасырлык, батысеуропалық философия


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Философия
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
12

... Философия дамуындағы рационалистік бағыт әл-Фараби, ибн Сина, Баласағүн есімдерімен қатар, мұсылмандық Шығыстың мынадай танымал ғалымдары мен философтары арқылы сипат-талады: Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдал-лах, ар-Раванди. Бүлардың соңғы екеуі туралы замандастары қалдырған кейбір естеліктерінен өзге мәліметтер өте аз. Алайда олардың өмірінің трагедиялық жағдайда аяқталуы ибн Абдал-лах пен ар-Раванди өз идеяларын қорғау жолындағы олардың батылдығынан, рухы мен еркінің жоғары күш-жігерінен хабар береді. Бұлар 760 жылы халиф әл-Мансұрдың бұйрығы бойын-ша еркін ойлары үшін жазаланып, бастары кесілген. Ибн Аб-даллах (724—760) және Ибн ар-Раванди Әбу-л-Хусейн Ахмед ибн Яхия (827—864) ежелгі грек тілін білген білімпаздар еді, соны-мен қатар олар ертегрек, ертеүнді, ертеиран және еврей фило-софияларын меңгеріп, антик және шығыс философтарының шығармаларын араб тіліне аударды. Мысалы, әл-Мукаффа Аб-даллах Аристотельдің «Категориялары» мен «Аналитикасын» араб тіліне аударды. Ибн әл-Мукаффа Абдаллах пен ибн ар-Раванди бастапқыда мутазилиттер идеялары мен көзқарастарын мойындаса, кейінірек ар-Раванди шиизмге қызығушылық та-нытып, ақырында мүлдем діннен алшақтайды, ал ибн Абдаллах исламнан бірте-бірте түңіліп, зороастризмге ден қояды. Бұл екі философ та исламға күмәнмен қарап, Құранның қасиеттілігіне күдік   келтіріп, оның кейбір жағдайларының қайшылықтары мен әдеби тұрғыда жетілмегендігіне назар аударады.

 

Ибн Абдаллахтың қаламынан мынадай шығармалар туды: «Әл-Адаб әл-Кабир» («Үлы істер үшін насихат»), «әл-Адаб ал-Сагир» («Кіші істер үшін насихат»). Ибн Абдаллахпен салыс-тырғанда ар-Раванди өзінің радикалды көзқарастары, идеяла-рымен ерекшеленді, ол оның мынадай жұмыстарынан көрінеді: «Китаб ат-тадж» («Тәж кітабы»), Аз-Зумурдат» («Маржан тас»), «Ад-Дами» («Төгілген жастар»), «Албасирет» («Алғырлық»).

 

Әл-Разидің еңбектері біршама көп мөлшерде сақталған және біздің заманымызға дейін жеткен.

 

Әбу-Бекр Мұхаммед ибн За-кария әл-Рази (латынша аты Разес, 865-925/934) Тегеран ма-ңындағы Рея қаласынан шыққан. Оны замандастары ғалым энциклопедист ретінде бағалайды. Жалпы көлемі 184 жұмыс жазды, біздің заманымызға дейін жеткені 61. Әл-Разидің шы-ғармашылық мұрасы философия, этика, теология, логика, ас-трономия, физика, алхимия, медицина мәселелеріне қатысты туындылармен айқындалады. Оның онтология мен гносеоло-гая мәселелері бойынша идеялары ерекше қызығушылық тудырады. Мысалы, ол онтологияда бес мәңгі бастау туралы идея-ны негіздейді: жаратушы, жалпы рух, праматерия, абсолюттік кеңістік және абсолюттік уақыт, міне, осылар әлем өмір сүруінің қажетті алғышарттары болып табылады. Әл-Разидің пікірінше жан мен тән бір-бірімен ажырамас байланыста. Және адам ақыл-ойға ие болғандықтан табиғи құбылыстарды танып-білуге қабілетті. Адам тірі мақұлық ретінде білімнің қуанышын сезінуге құштар. Адамдар арасында ақиқатқа жетуге қабілеттілері фи-лософтар болып табылады. Разидің ойынша философ жарату-шыға ұқсас болуға тиіс, ол адамдарға әділетті және олардың қателіктеріне кешірімді болуы тиіс, себебі әркім ақиқатқа әр түрлі жолмен жетеді және шамасы келгенше жақындауға тыры-сады. Әл-Рази өзінің пайымдау үдерісінде Алланың рөлін тек бастапқы түпнегізге ғана теліп, оның функциясын барынша азайтады, ал материалдық әлем өзінің қозғалысында салыстыр-малы түрде жаратушыдан тәуелсіз және дербес. Әл-Рази өз он-тологиясының кейбір жағдайларында материяны өзінің атри-буттарымен қоса (кеңістік пен уақыт) жаратушымен тең бір қатарға қояды. Әл-Рази ғылымның жақтаушысы болып, дінді сынайды. Ойшылдың пайымдауынша, дін дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар арқасында өмір сүреді, алдауға негізделеді, шыдам-сыздық пен мағынасыз соғыстарға әкеледі. Дінмен осы поле-миканы тағы бір философ өл-Маари жалғастырды. ...