Мазмұны
КІРІСПЕ. 3
1 ТӘУЕКЕЛ МӘНІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ 4
1.1 Тәуекел мәні және функциялары.. 4
1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі 5
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛІН БАҒАЛАУ.. 12
2.1. Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау 12
2.2 Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау. 14
3. ТӘУЕКЕЛДІКТІ ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫ.. 22
ҚОРЫТЫНДЫ.. 30
1 ТӘУЕКЕЛ МӘНІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі
... Валюталық тәуекелдер – сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізгенде бір шетелдік валютаның басқа валютаға қатысты курсының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалтулар қаупімен байланысты тәуекелдер.
Өтімділік тәуекелдері –құнды қағаздарды немесе басқа да тауарларды сатқанда оның сапасы және тұтынушылық құнын бағалаудың өзгергені үшін болатын мүмкін жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.
Инвестициялық тәуекелдерге кіреді: табыстан айырылу тәуекелі, пайдалылықтың төмендеу тәуекелі және тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.
Табыстан айырылу тәуекелі –қандай да бір шараны (мысалы, сақтандыру, инвестициялау және тағы басқа) іске асырмау нәтижесінде жанама қаржылық жоғалтулардың жақындауы тәуекелі.
Пайдалылықтың төмендеу тәуекелі несиелер, салымдар және портфельдік инвестициялар бойынша дивидендтер және пайыздардың азаюы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Портфельдік инвестициялар құнды қағазға және басқа да активтерге ие болу арқылы инвестициялық портфельді қалыптастырумен байланысты.
Пайдалылықтың төмендеуі тәуекеліне пайыздар мен несиелік тәуекелдер кіреді.
Пайыздық тәуекелдерге инвесторлардың акция бойынша дивидендтердің, облигация, сертификаттардың және басқа да құнды қағаздар бойынша нарықтағы пайыздық ставкалардың өзгеруімен байланысты мойнына алатын жоғалтулар тәуекелі жатады.
Несиелік тәуекел- қарыз алушының кредиторға тиесілі пайызбен негізгі қарызды төлемеу қаупі.
Несиелік тәуекел сондай-ақ тікелей қаржылық тәуекелдердің бір түрі болып табылады және тікелей қаржылық тәуекелдерге мыналар кіреді: биржалық тәуекел, селестивті тәуекел, банкротқа ұшырау тәуекелі.
Биржалық тәуекел биржалық келісімдерден болатын жоғалтулар қаупін білдіреді. Бұл категорияға коммерциялық келісімдер бойынша төлемдер тәуеклі, брокерлік фирманың комиссиондық сый беруді төлемеу тәуекелі кіреді.
Селективті тәуекелдер – капитал салудың түрлерін, инвестициялық портфельді қалыптастыру кезінде құнды қағаздардың басқа түрімен салыстырғанда инвестициялау үшін құнды қағаздың түрін дұрыс емес таңдаудың тәуекелдері. ...
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛІН БАҒАЛАУ
2.1. Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
... 6-көрсеткіш - негізгі емес қызметтен түскен табыс 2004 жылы 1296 мың теңге болса, 2005 жылы 1353 мың теңге, екі жылдағы ауытқу 57 мыңға тең.
7-көрсеткіш – салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс 2004 жылы 47877 мың теңге болса, 2005 жылы 61338 мың теңгеге өсті, себебі негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс өсті.
8-көрсеткіш – таза табыс 2004 жылы 28605 мың теңге болса, 2005 жылы 41348 мың теңгеге өсті, өнімді өткізуде түскен табыс өсті.
9-көрсеткіш - өткізілген өнімнің 1 теңгесіне келетін шығындар 2004 жылығы 0,9 теңге болған қалпында қалған.
10-көрсеткіш - өнім рентабельділігі 2004 жылы 6,2 пайыз болса, 2005 жылы 5,6 пайызға төмендеген.
11-көрсеткіш – сату рентабельділігі 2004 жылы 5,6 пайыз болса, 2005 жылы 5,2 пайыз болған.
12-көрсеткіш - өндіріс рентебельділігі 2004 жылы 1,9 пайыз болса, 2005 жылы 2,2 пайызға артқан.
13-көрсеткіш – негізгі қордың орташа жылдық құны 2004 жылы 575172 мың теңге болса, 2005 жылы 640508 мың теңгеге өсті, себебі осы жылы кәсіпорын жаңа техникамен қаруланды.
14-көрсеткіш – қор қайтарымдылығы 2004 жылы 0,9 теңге болса, 2005 жылы 1,2 теңгеге өсті.
15-көрсеткіш – қор сиымдылығы 2004 жылы 1,13 теңге болса, 2005 жылы 0,8 теңгеге төмендеді. Бұл көрсеткішке негізгі қорлардың орташа құны мен өткізілген өнімнен түскен табыс әсер етті. ...
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысымды қорытындылай келе кәсіпкерлік қызметте тәуекелді бағалаудың маңыздылығын нақты көрсетуге болады.
Кәсіпорын құрудың әр қадамында тәуекелдік болады, себебі ешешім қабылдауда әрдайым тәуекел ықтималдығы, тәуекелдің деңгейі, шығындар көлемі ескеріледі және оның көлемін азайту, тәуекел деңгейін төмендету жолдары міндетті түрде қарастырылады.
Тәуекел деңгейі тек қаржыға ғана байланысты емес, оған бәсекелестер де әсер етеді. Сондықтан тәуекелдікті бағалау кезінде олардың да алдағы қадамдарын мүмкіндігінше болжай білу қажет.
Тәуекелдікті бағалаудың көп мәліметтерді қажет ететіні белгілі. Мәлімет жеткіліксіз болған жағдайда тәжірибелі мамандардың болжамына сүйену қажет. Бұл деген кәсіпорында білімді мамандардың жұмысының күрделілігін көрсетеді.
Кәсіпорын стратегиясын жасауда да тәуекелді бағалау маңызды болып табылады. Себебі стратегияны таңдау кезінде тәуекелдіктің деңгейінің жоғарылығы анықталса, баламалы стратегияны таңдауға болады.
Кәсіпорын қызметінің тәуекелдігіне сол сияқты кәсіпорын орналасқан елдің саяси жағдайы да тікелей әсер етеді. Инвесторларды тарту кезінде де елде белгілі бір толқулар болып жатса, инвесторларды тарту да қиындайды. ...