Жоспары
КІРІСПЕ. 3
1 МЕНШІК: МӘНІ, ҚАТЫНАСТАРЫ, МАҒЫНАСЫ ИЕСІ 5
1.1 Меншік құқығы, субъектілері және объектілері 6
1.2 Меншік формалары және оларды өзгерту әдістері 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕНШІКТІҢ ӘР ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.. 12
2.1 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі. 13
2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесінің ерекшеліктері. 16
3 МЕНШІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ. 19
3.1 Меншік – экномикалық категория. 19
3.2 Меншік және иемдену заңдары.. 21
3.3 Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізудің формалары.. 23
3.4 Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілері 26
ҚОРЫТЫНДЫ.. 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
1 МЕНШІК: МӘНІ, ҚАТЫНАСТАРЫ, МАҒЫНАСЫ ИЕСІ
1.2 Меншік формалары және оларды өзгерту әдістері
... Меншіктің келесі түрі – мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді.
Енді бүгінгі өтпелі кезеңдегі жаңа меншік формаларын қалыптастыруға көшу болып отыр. Ол үшін әлемдік тәжірибеде бар өзгерту әдістерін қолданады. Ондай өзгерту әдістеріне ұсттандыру, жекешелендіру, денационализация жатады.
Ұлттандыру (наңлонализация) – бұл шаруашылықтың негізгі нысандарына (жер, өнеркәсіп, көлік, банктер) жеке меншіктің мемлекет меншігіне көшірілуі. Ұлттандыру кімнің мүддесін көздеп және қандай тарихи кезеңде жүргізілуіне байланысты әр түрлі әлеуметтік – экономикалық және саяси мәнге ие болады. Ұлттандыруға қарама – қарасы процес жекешелендіру болып табылады.
Жекешелендіру (лат, privates - жеке) – бұл мемлекеттік немесе муниципалды меншікті ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру жасырын сипатта болуы мүмкін, мәселен мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен компанияларға жалға беру, болшектеп, мысалы акциялардың тек бір бөлігінің сатылу мүмкіндігі, денационализация мен реприватизация түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Денационализация – ұлттандырылған мүліктерді бұрынғы иелеріне қайтаруда білдіреді. Қазіргі кезде бұл процесс Балттық елдері – Эстония, Латвия, Литвада кеңінен іске асырылуда.
Реприватизация – бұл жеке меншік иелерінен бастапқы кезде сатылып алынған кеісіпорындар, жер банктер, акциялар және тағы басқа сияқты мемлекеттік меншікті жеке еншікке қайтару. Реприватизацияның денационализациядан айырмашылығы, әдетте ол мемлекеттік билік актілерімен жүргізіледі.
Жекешелендіру экономикадағы мемлекет билігін шектеу сияқты анағұрлым ірі процестің бір бөлігі болып табылады. Мемлекет иелігінен алу, оның билігін шектеу – бұл өндірісті тікелей мемлекеттік - әкімшілік реттеуден басым түрде нарықтық механизмдер негізінде реттеуге көму. ...
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕНШІКТІҢ ӘР ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі.
... Бұл болмайтын нәрсе еді. өз еңбегімен адал тұратын 100 отбасын алып қарасақ, солардың әрқайсысы еңбегіне, қабілетіне, ұмтылысына қарай әрқалай тұрады. Бірінші кезеңде істелген жұмыстар мен жиналған тәжірибелер біздің кең ауқымды жекешелендіруге кірісуімізге мүмкіндік береді. Сындарлы элемент ретінде жекешелендіру бірқатар маңызды әлеуметтік экономикалық міндеттерді шешуге тиіс. Сондықтан да екінші кезеңде мемлекет меншікті ауыстырудың бірыңғай саясатын жүргізуді алға қойды. Мемлекет тарапынан нені жекешелендіру керек, нені мемлекеттен сатуға, сатып алуға болады, осы мәселелерді реттейтін әділ экономикалық тетік қажет болатын. Бұл үшін әрбір адамға сыбағайлы акцияларын үлестіруді белгілі бір тәртіппен анықтау қажет еді. Жеке меншік иесі болу әркімді де еңбек өнімділігін арттыруға, өнімді көп шығаруға жетелесе керек. Бұған дәлел ретінде осы жекешеленген кәсіпорындар мен ұйымдардың жекелеген шарушылықтардың даму қарқынын айтуымызға болады. Мысалы, жекешелендірудің нәтижесінде 482 кәсіпорында 59 миллиард сомның өнімі өнділген. Агроөнеркәсіп кешенінде 553 шаруашылық республика бойынша жалпы өнім көлемінің 38,7 проценті мөлшерінде өнім өндірген. Міне, бұл жетістіктердің арқасында республикалық арнаулы есепшотқа 3,3 миллиард сом және жергілікті есепшоттарға 850 миллион сом түсті. Жекешеленген кәсіпорындардың жалпы саны 1993 ж-7 мыңнан асты, шамамен 68 процент –сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыс қажетін өтеу, коммуналдық шаруашылық объектілері. Бұл процентермен бір мезгілде бір сыпыра орта және ірі кәсіпорындарда акционерлік қоғамдар етіп қайта құру жұмысы да жүргізілді. Жарғылық қоры 23 миллиард сом болатын 522 кәсіпорын қайта құрылды. Жекешеленген объектілердің 32 проценті бұрынғысынан тәуір, тиімді істесе, 29 проценті сол деңгейде қалған, өкінішке орай 25 процентке өнім шығару кеміткен, ал 14 проценті тоқтап қалған енмесе жұмыс істейтін адамдар санын қысқартуға мәжбүр болған. Қазақстан республикасының ерекше меншігі болып табылатын жер, оның қойнауы, су және кеңістіктегі, тарихи ескеркіштерден басқа да кәзіргі меншіктің 51 проценті қалады деп есептелінеді. Осы жерде бір айта кететін мәселе бұл оқу, мәдениет, деңсаулық сақтау жүйелерін жекешелендіру мәселелері болып отыр. Жекешелендірудің басты мақсаты- өнім өндіруді, қызмет көрсетуді және оның сапасын жақсартуға бұрынғыдан арттыра түсу, қоғамдық байлық молшылдығын жасау, халықтың тұрмыс дәрежесін жаңа сатыға көтеру. ...
3 МЕНШІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ
3.4 Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілері
... Батыста аралас экономика таза капитализмді ыгыстыра бастады. Бір шектен екінші шекке ұрыну, жоғарыда аталған екі үлгілерге тон болады, ал аралас экономикаға тон емес. Батыста өнімді өндірушілер және өндіріс шарттарын сатып алушылар - ірі корпорациялар. Сондықтан экономикалық үстемдік (өкімет) ыдыратылмаған. Сонымен қатар, аралас экономикадағы экономикалық окімет тоталитарлық сипаттамада болмайды, ол әкімшіл-бюрократтық әдіспен жүргізілмейді, сондықтан осы жағдайда болатын қатынастар айырбас қатынастарына үстемдік жүргізбейді, оларды толықтыра түседі; материалдық ресурстарға меншік халықтық, мемлекеттік, жеке меншік түрлерінде болады; әр субъектінің іс-әрекеті өзінің мүдделерімен сәйкес жүргізіледі, бірақ қоғам көлеміндегі ұнамды мақсаттар белгіленген болады. Мемлекет экономикада белсенді қызмет атқарады, мемлекеттік және жеке секторлардың іс-әрекеттерін болжайтын, жоспарлайтын және сәйкестендіріп отыратын жүйе болады.
Технократиялық өркениет тұрғысына қарағанда, дәстүрлі экономика даму дәрежесі төмен елдерге тон болады. Ол шынында экономикалық жүйенің бастапқы, тұңғыш типіне жатады, оның әр алуан түрі бар, өйткені салтқа, дәстүрге, ұлттық, мәдени, рухани тамырларға негізделеді. Бұнда меншіктің бірнеше түрлері мен формалары пайдаланылады. Осындай экономикаға тән бірнеше қасиеттерді атап өтейік: экономикалық іс-қимылдар бастапқы, ең жоғарғы байлық дегі есептелмейді; индивид алдымен өзінің бастапқы қауымдасының мүшесі болып саналады; экономикалық өкімет саяси өкімет пен қосылған, бірге жүргізіледі.
Дәстүрлі экономика өте тұрақты келеді. Оны реформалау оңай шаруа емес. Бұған дәлел, осы қоғамның табиғаты. Жеке адам әлеуметтік бірлестіктен бөлініп шықпаған жағдайда және экономикалық әрекеттер алғашқы нақты байлық деп мойындалмаған жағдайда, қоғамның тұрақтылығын сақтап қалу индиізидті қорғау арқылы және оның осы статусын ұдайы өндіріп отыру арқылы жүзеге асырылады. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Баққұлақов С. «Құқық негіздері».Алматы2004.
2. КР Конституциясы. Алматы 2004.
3. Сапатғалиев Ғ. « Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері» Алматы 1996 ...