Реферат: Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
16

Жоспар

 

 Кіріспе. 3

1 Экономикалық өсу: мәні, мазмұны.. 4

2 Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері) 6

3 Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері 12

Қорытынды.. 15

Қолданылған  әдебиеттер. 16

 

 

3 Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері

 

 

... Мемлекет басшысы жаңа стратегиялық бағыттарды айқындап берді. Олардың өрлеу деңгейі өте жоғары және елбасының түбірлі экономикалық өзгерістер енгізуге деген, ұлттық экономиканы дамытудың сапалық жаңа көрсеткіштеріне жету деген саяси күш-жігерін айқын көрсетеді. Қазіргі экономиканы пәрменді де тиімді дамытудың, Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауға ресурстардың барлық түрлерін ұмтылдырудың уақыты жетті деп ойлаймын.

 

Біріншіден, экономиканы ырықтандырудың жоғары ережесі мемлекеттік реттеудің пәрменді әдістерімен, сан түрлі экономикалық құралдармен сүйемелденуі керек. Елімізде қызмет атқарып жатқан коммерциялық банктер өздерінің прузенциялық нормативтер тізіміне аграрлық секторды ұзақ мерзімді “жұмсақ” кредитпен қаржыландыруды енгізу керек.

 

Екіншіден, елімізде әлдеқашан толыққанда қорлар рыногын құратын уақыт жетті. Қазіргі айналымда квази опоративтік және мемлекеттік құнды қағаздар жүр. Сондықтан да қор рыногын құру Жолдауда атап корсетілгендей, инвестициялық саясаттың айрықша маңыздылығын танытады.

 

Қаржылық айналымға жіберілгелі отырған ұлттық бюджеттік инвестициялық ресурстардың көлемі - 7 млрд. тенге, оны қалай есептесек те салықтандырылған ақшалай қаржының жетімсіздігін корсетеді. Мұндай жағдайда ұлттық экономиканы капиталдандыру деңгейін арттыру бірден-бір дұрыс жол болып табылады. Ал бұл көрсеткіш бойынша біздің экономиканың ең соңында келеді.

 

Үшіншіден, озық индустриялық даму мемлекеттік қамқорлықпен сүйемелдену керек. Әлемдік тәржібиеде мемлекеттік қолдаудың инфляциялық емес әдістері мәлім. Олардың ішінде салықтық “демалыстар”, салықтан босатылған амортизациялық төлемдердің  нормасын көбейту, заңды және жеке тұлғалар салған инвестициялар мен тура салымдардың табыс салығын реттеу сияқты әдістер де бар.        

 

  Жаңа ұйымдық формалар - технопарктер мен технополистерді пайдалануға ерекше назар аудару керек. Қазақстандық бизнес-элитаның ақыл-ойын “технопарктік безгек” көптен бері қобалжытып жүргені белгілі. Әсіресе, оларды кедендік және салықтық жеңілдіктер қызықтырады, ал оларсыз шетелдік жоғары технологиялы өнімдерді қажет ететін рыноктарға шығу мүкін емес.

 

  Реиндустрияландыру бағдарламаларын оңтайлы жүзеге асырсақ, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері артады, өлі капиталды іскерлікпен пайдалансақ, экономикамызды өркендету үшін инвестициялық ресурстарымызды молынан таратуға қолайлы жағдай туады. ...

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер

 

 

 

1. Шеденов Ө.Қ, Байжомартов Ү.С, Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. “Жалпы экономикалық теория”

2. Мамыров .Н.Қ, Акчура Ф. “Қазақстандағы адам дамуы” ...