Реферат: Орыс геосаясат мектебі және евразиялық идея


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Политология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
12

Жоспар

 

1 Геосаясат түсінігі, пәні, объектілері. 3

2 Геосаясат классиктерінің негізгі идеялары мен принциптері 4

3 Қазіргі заманғы Батыстың геосаяси теориялары мен мектептері. 7

4 Орыс геосаясат мектебі және евразиялық идея. 10

 

 

2 Геосаясат классиктерінің негізгі идеялары мен принциптері

 

 ... Ал тағы бір геосаясат теоретиктерінің бірі американдық ғалым Николас Спайкмэн Т.Мэхенннің теориясын жалғастырушылардың бірі болды. Ол геосаясатқа ғылым ретінде емес, тиімді халықаралық саясат жасап беретіндей аналитикалық тәсіл ретінде қарады. Ол мемлекеттің геосаяси күш-қуатын көрсететін он критерий болады деді. Олар: жер бедері, табиғи шекаралар, халық көлемі, жазба байлықтары, экономикалық және техноололгиялық даму, қаржылық жағдайы, этникалық біртектілік, әлеуметтік интеграцияның деңгейі, саяси тұрақтылық, ұлттық рух. Егер аталғандардың көбісі мемлекеттен табылмаса, онда ол мемлекет өз тәуелсіздігінің бір бөлігін құрбандыққа шалып отырады дейді Спайкмэн. Спайкмэн өз геосаяси концепциясында әлемді екіге Хартлэнд және Римлэндке бөліп, тарихтағы Римлэндтің рөлін жоғары бағалады. Ол әлемдік үстемдікке жетудің кілті Римлэндте дей келіп, Макиндердің формуласын өзінде былай өзгертеді. «Егер кімде-кім Римлэндтті билесе, онда ол Евразияны да билейді, ал Евразияны билеген дүние жүзінің тағдырын өз қолына алады».

 

Ал Ратцель мен Челленнің көзқарастарын жалғастырушылардың бірі Карл Хаусхофер (1869-1946) тарихта Үшінші Рейх идеологиясын жасаушылардың бірі болып есептелінеді. Хаусхофер өз еңбектерін негізінен Германияның геосаяси дамуы жөнінде жазып, онда Германияның реваншистік, агрессиялық саясатына негіз салады. Өз идеяларын жүзеге асыру мақсатында ол Герман фашистерімен байланыс орнатып, кейіннен Үшінші Рейхтің басты идеологтарының біріне айналды. Сонымен, Хаусхофердің басты идеясы Германияның көршілес кіші мемлекеттерге үстемдік орнатуын дәлелдеуге негізделді. ...

 

4 Орыс геосаясат мектебі және евразиялық идея

 

 

... Осы кемшіліктің орнын толтыру мақсатында ол Ресейдің орталығын Екатеринбургқа көшіруді немесе Ресейдің Азиялық бөлігінде бірнеше орталықтан басқарып  отыруға ыңғайлы мәдени-экономикалық отар базаларын ашуды ұсынды. Жалпы П.П. Семенов-Тянь-Шаньский геосаясаттың тұтас ғаламдық концепциясын жасап, оны территориялық және рухани үстемдік орнатқан адамзат қауымының географиясы ретінде таныды. Сондай-ақ орыс геосаяси ойының дамуына өзіндік үлес қоқандардың бірі философ Иван Ильин болып есептеледі. Ол әсіресе, Р. Челленнің «Органикалық теориясын» дамыта келіп,  Ресейді ғасырлар бойы қалыптасқан «Органикалық бірлікке» теңейді. Ол да өзге орыс геосаясаттанушылары тәрізді Ресейдің теңіздерге шығуының маңыздылығын атайды. Ол Батыс елдері тарапынан Ресейді бөлшектеу қаупі бар екендігін айтқан геосаясаттанушылардың бірі болды.

 

Орыс геосаяси мектептерінің ішіндегі ең мықтысы Евразиялық мектеп болды. Евразиялықтардың концепциясындағы Ресей Батыс пен Шығыстың дәл ортасында орналасқан ерекше этнографиялық және мәдени әлем болды. Евразияшылдардың қозғаған басты тақырыбы Ресей тарихы мен мәдениетінің өзіне тән негіздерін анықтау болды. Евразияшылдар қозғалысын тарихшылар әдетте, Н.С. Трубецкой мен П.М. Савицкийден және т б-лардан бастайды. 20 ғасырдың 20-шы жылдары осы және т.б орыс ғалымдары арасында пайда болған қозалыстың концепциясы негізінен славянофилдер мен Достоевскийдің идеяларынан құралды. Евразияшылдардың негізгі ұстанымы «Орыс мәдениеті Батыс және Шығыс мәдениетінің синтезінен құралған, сондықтан орыстарды тек тілдік ұқсастықтары бар славяндармен ғана туыстыру аз, оның мәдениеті евразиялық мәдениет» дегенге саяды. Ал евразияшылдардың бірі К.Леонтьев орыс мәдениетінің түп-тамыры мүлде Шығыстан басталады деді. ...