Жоспар
КІРІСПЕ.. 3
І ТАРАУ ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.. 4
1.1 Қаржы ұғымы, мәні, қажеттілігі, функциялары мен рөлі 4
1.2 Инфляция ұғымы, түрлері, теориялары.. 8
1.3 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.. 11
ІІ ТАРАУ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫ ТЕЖЕУ ШАРАЛАРЫ... 16
2.1 Ақша › тауар = инфляция. 16
2.2 Инфляцияға қарсы саясат шаралары.. 19
ІІІ ТАРАУ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫҢ ТҰРАҚТАНДЫРЫЛУ ЖОЛДАРЫ. 23
ҚОРЫТЫНДЫ... 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 29
ІІ ТАРАУ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫ ТЕЖЕУ ШАРАЛАРЫ
2.1 Ақша › тауар = инфляция
... Ел экономикасы даңғыл жолға түсіп кетті деуге әлі ерте. өнім өндірудің тұрғын халық кірісінің өсу деңгейіне ілесе алмай отырғаны да осының айқын дәлелі. Мұнай бағасының экономикаға қолайлы болып қалыптасуы, соңғы үш жылдан қай ісіміздің де алға басуына себепші болды. Бірақ, экономикамыздың бұдан да гөрі нығая түсуі қажет еді. өйткені, тәуір өзгерістердің нышаны байқалды. Технологиялық жобаларға құйылатын инвестицияның ауқымы артты. Дегенмен, мұның өзі лезде қайтарымға жеткізеді деу күпірлік болар еді. Шикізаттан түскен кірісті тиімді жұмсауға тиесілі уақытты уыстан шығарып алдық. Мұнай бағасының жоғары болуы жайбарақаттыққа үндеді, құрылымдық реформалар соңына дейін жеткізімеді, салық-бюджет саясатында жеңілдіктер жасау бағытындағы қысым күшейді.
Экономиканың қиын кезеңдерінен шығудың амалдары да қарастырылуда. Банктерге, зейнетақы қорларына және жеке инвесторларға қаржыландыру үшін сапалы бизнес-жобаларды ұсынуға әлі жете бермейтін экономикалық әлеуеттіңорнын толтыру мақсатында сыртқы рыноктың да бұған белсене араласуы мақұлданып отыр. Ресейліктердің бағалы қағаз рыногының енуі мәселені шешіп тастамайды. Бұдан да гөрі отандық қор рыногының әлеуетін арттыруға бағытталған шаруалардың жасалғаны жөн. Қаржы арнасынан асып жатқанымен, өндірістік кәсіпорындар қаншама сөз болса да қор рыногы мұны өзі дербес шешуге тиіс. Халықтың қаржылай кірісі молая түскен тұтасмұны тиімді пайдаланудың тетіктері іске қосылуы керек. Қазақ елінің қаржылық мүмкіндіктерін тиімді арнаға бұрып, аймақтағы технологиялық орталыққа айналдыру \\ға әбден болар еді. Бұған дейін венчурлық және инновациялық қорлар білек сыбана кіріскені жөн. Аталмыш бағытта тиісті талпыныстар жасалуда. Инвестициялық қорлар бұған қатысты шаруаларын жандандыра түсті. Қаржыны кең көлемде игеруге шағын кәсіпкерлік те қол ұшын берер еді. Демек, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың нарықтық тетіктері соны сипат алуы керек. ...
ІІІ ТАРАУ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫҢ ТҰРАҚТАНДЫРЫЛУ ЖОЛДАРЫ.
... 2004 жылы инфляция динамикасына тән ерекшеліктердің ішінде барлық тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағаның өткен жылдардағыдай ерекшеленген “лидерлерсіз” іс жүзінде біркелкі өсуін атап айтуға болады.бұдан басқа, теңге енгізілген сәттен бастап барлық жылдарда болған инфляцияның күтілетін маусымдық төмендеуінің орнына есептік жылдың жазғы айларында оның көтерілгендігі байқалды.
2004 жылы инфляция орташа алғанда 6,9%-ды құрады(2003 жылы 6,4%). Оның деңгейі Ақша-кредит саясатының 2004-2006 жылдарға арналған негізгі бағыттарында (2004 жылы орташа алғанда 5-7%) және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (2004 жылы орташа алғанда 5,6-7%) айқындалған болжам бағдарларының шегінде қалды.
2004 жылдан бастап Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцияның көрсеткіштерін бағдарға алады. Қазақстан Республикасының Ұлиттық Банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық инфляция есебінң бірнеше әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен(ТБИ) көкөністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен 5 компонентті және бағаның неғұрлым төмендеуін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді.
2004 жылғы 11 айдың қорытындылары бойынша базалық инфляция екі әдістеме бойынша 5,8%-ды және 5,4%-ды, ал 2004 жылғы қаңтар-қарашада 2003 жылдың тиісті көрсеткіштерімен салыстырғанда тиісінше 6,5%-ды және 5,9%-ды құрады. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Көшенова Б “ Ақша, Несие, Банктер, валюта қатынастары” – Алматы, 2000ж
2.Қожаниязов Т.Қ., Қожаниязова Ж.Т “Қазіргі экономика”-Тараз,2001ж
3. Құлпыбаев С, Ілиясов Қ.Қ “ Қаржы” – Алматы,2003ж ...