Реферат: Жеке кәсіпкерлік тірлік, табыс, тәуекел


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
22

Жоспар

 

 

1 Жеке кәсіпкерлік: тірлік, табыс, тәуекел. 3

2 Қор дамуы мен қызметінің кезеңдері 6

3 Екінші кезең. 10

4 Үшінші кезең. 13

5 Қаржы  лизингі 15

6 Төртінші кезең. 18

 

 

3 Екінші кезең

 

 

... Шағын қалалардағы өнеркәсіпті өндіріс бір-екі саладағы көрсетілген мамандандырумен сипатталады. Өзге салалар шамалы дамыған немесе өнеркәсіпті кәсіпорындары мүлде жоқ.. Өндіріс көлемінің төмендеуі немесе қала құрылысымен айналысатын кәсіпорындардың тоқтап қалуы қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жалпы құлдырауына алып келеді.

 

Шағын қалалардың  әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдайлар жасау мақсатында,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шағын қалаларды 2004-2006 жж.дамыту Бағдарламасы қа-былданды, оның міндеті шағын қалаларды олардың функционалдық топологисына сәйкес дамы-тудың негізгі бағыттарын анықтау, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды да-мыту, шағын қалалардағы халықты жұмыспен қамтамасыз етуді күшейту болып табылады.

 

Шағын қалалардағы инвестициялық жобаларды кредиттеу және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жарғылық капиталды толықтыруға республикалық бюджеттен Қорға 1 500 млн. теңге бөлінген.

 

 Қор Бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында, ШКС үшін  бағдарламада белгіленген барлық қалаларда ақпаратты-консультациялық семинарлар өткізді. Бұл шараға шағын қалалар әкімдіктері үлкен көмек көрсетті. 2007 ж. 1 қаңтарға шаққанда, осы бағдарлама бойынша жалпы сомасы 1 484,4 млн. теңгеге 281 жоба қаржыландырылды.  2 935 жұмыс орындары ашылып, мақұлданды.2006 ж. бағдарлама толықтай орындалып, жұмысын аяқтады. ...

 

 

 

5 Қаржы  лизингі

 

 

... Осы Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде, Қор жұмыс жасап жатқан МКҰ кредит ресурстарын толықтыру үшін жеңілдікпен қаржыландыруды жүзеге асырады. 2007 ж 1 қаңтарға шаққанда, Қазақстанда  микрокредиттеу секторын дамыту бағдарламасы бойынша,жалпы сомасы 5 500,0 млн. асатын теңгеге 174 жоба қаржыландырылды..Екінші деңгейдегі банктерден алынатын ШКС кредитіне кепілдік беру Қор ШКС екінші деңгейдегі банктерден кредит алған кезде оларға Қор кепілдігін сақтандыруды пайдалана отырып, кепілдік береді. Бұл Қазақстан нарығы үшін жаңа өнім болып табылады. Қордың кепілдік беру механизмі «банк – кәсіпкер – сақтандыру компаниясы» сияқты қаржы қатынастарын құру үшін негіз болатын кредит тәуекелдерін сақтандыруды қарастырады. Қор екінші деңгейдегі банктер беретін ШКС кредиттері бойынша тәуекелді төмендету үшін, өздері беретін кепілдікті сақтандыру үшін сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру туралы шарт жасасады.

 

Кепілдік беру бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде кепілдік беру механизмінің барлық ТМД елдеріндегі сияқты іс жүзінде Қазақстанда да игерілмегені және енгізілмегендігі Қорға біраз қиындықтар туғызды.

 

Қордың ЕДБ алдында ШКС кредиттеріне кепілдік беру сияқты өнімі банк желісі мейлінше дамыған аудандарда ғана қол жеткізілуі мүмкін, себебі  Қор кепілдік берген кезде ШКС жобаларын қаржыландыруға тек ЕДБ қаражаты ғана дереккөз болып табылады. Бұдан бөлек, Қордың беретін кепілдіктері шалғай аудандардағы ШКС тәуекелдерімен әзірше жұмыс істемейтін сақтандыру компанияларында сақтандырылуы қажет. Осылайша, ШКС-ң осындай өнімді пайдалануы шалғай аудандар мен шағын қалалар үшін біраз қолайсыздау болады.  ...