Курсовая работа: Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Экономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
26

Жоспар

КІРІСПЕ. 3

 

I.  АҚШАНЫҢ МӘНІ, ҚЫЗМЕТТЕРІ, РӨЛІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ. 4

1.1.  Ақшаның пайда болуы және оның мәні. 4

1.2.  Ақшаның қызметтері және экономикадағы ролі. 5

1.3.  Ақша теориясы.. 9

 

ІІ.  АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСІ. 14

2.1  Ақша айналысының сипаттамасы. 14

2.2.  Ақша жүйесінің ұғымы, элементі және типтері. 15

 

ІІІ.  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ АҚША ЖҮЙЕСІ. 22

3.1.  Қазақстанның осы заманғы ақша жүйесі. 22

3.2.  Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі. 23

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 25

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 26

 

 

I.  АҚШАНЫҢ МӘНІ, ҚЫЗМЕТТЕРІ, РӨЛІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ.

 

1.3.  Ақша теориясы

 

 

... Трансакциондық ақшаның сандық теориясының негізін американдық ғалым М. Фишер қалады. Оның теориясында белгілі бір мерзімді тауар айналымының саны – орта жылдамдықта ақша санының өндірілуі және сатылған тауарлардың аны орта бағамен аңықталады делінген. Сонымен қоса, осы тұрғыда олар екі элементтің: ақша айналымының жылдамдығы сатылған тауарлардың санына әсер етпейді деп есептелген. Ол қысқа мерзім ішінде аталған шамалар өзгеріссіө қалады деп болжады: ақша айналымының жылдамдығы несие дамуының деңгейі, байланыс құралының күйі сияқты ресурстардың жетімсіздігімен шектеледі. Сонымен, М. Фишер, «Ақшаның саны – баға деңгейі» - жалғыз себепті байланыс болып табылады – деп қарастырады, яғни айналымдағы ақшаның саны баға деңгейіне тікелей әсер етеді.

 

Алдымен баға өзгерісінің бірінші себебі ақша салмағы (ақша саны) болып табылады. Ақша салмағының өзгерісі бағалардың өзгерісіне сәйкес келеді. Оның негізгі сандық теориясының формуласы MV=PQ теңдеу болып көрсетіледі,

 

Мұнда, Q – тауарлық мәмілелердің саны,

 

              V – ақша айналымының жылдамдығы,

 

              M – ақша салмағы, P – баға.

 

Бұл теңдеу ауыстыру теңдеуі деп аталады. Ол ақша айналымында маңызды өзара қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, М (ақша салмағы) мен Р (баға деңгейі) көрсеткіштерінің арақатынасын нақтылап берді.

 

Ақшаның сандық теориясының кембридждік бағытын ағылшын экономистері Кембридж университетінің профессорлары А. Маршалл, А. Пигу, Д. Робертсондар дамытты, оларды монетаристер деп атады. М. Фишерден бір айырмашылығы, олардың теориясының негізіне ақша айналымы емес, шаруашылық субъектілердегі қаржылардың ахуалы алынды.

 

Кембридждік бағыт тауар айналымы мәмілелерінің сомасы М. Фишердің есептеуі сияқты сатылған тауарлар санын орташа бағаға көбейтіліп, анықталады. Бірақ , сонымен қоса, егер М. Фишер айналым  жылдамдығын константа ретінде қабылдаса, Кембридждік бағыт бұл жағдайды психологиямен, яғни айналым   қатысушылардың әдетімен байланыстырады.

 

Кембридж мектебінің формуласы мынадай:

 

                        PV – TV + DV*,

 

мұнда, P – бағалардың жалпы деңгейі;

 

            V – өндірістің көлемі;

            T – ақша белгілерінің саны;

            D – депозиттер;

V және V* акша мен депозиттердің айналым жылдамдығы;

 

Бірақ, екі бағыттың соңғы қорытындысы бірдей. Ақша санының өзгерісі тауар бағасы өзгерісінің жалғасы емес, себебі болып табылады. ...

 

 

 

ІІІ.  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ АҚША ЖҮЙЕСІ.

 

 

 

3.1.  Қазақстанның осы заманғы ақша жүйесі.

 

 

... Мынаны айта кету керек, 1994-1998 жылдары теңге көп құнсызданды, осының нәтижесінде ұсақ монеталар айналымнан мүлдем шығып қалады әрі олар айналымда жоқ .

 

ҚР Ұлттық банк банкноттар мен металл монеталардың үлгілерін, олардың номиналдық құрамын, өрнектің сызбасының формаларын бекітті. Банкноттар мен монеталардың аталмыш сипаттамалары баспасөзде жарияланды.

 

Ұлттық банк айналымға шығарған банкноттар мен монеталар барлық төлем түрлері бойынша ҚР бүкіл аумағында олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті түрде қабылданды, сондай-ақ банк шоттарына оларды аудару үшін және ақша аударымдары үшін олардың көрсетулі құны бойынша мңдетті түрде қабылданады, шектеусіз айырбасталады және ҚР барлық банктерінде айырбасталады.

 

Ұлттық банк банктер мен олардың клиенттеріне жаппай қызмет көрсетулерді ұйымдастыру бойынша негізгі талаптарды, сондай-ақ банктердің қолма-қол ақшаның есебін жүргізу, оларды сақтау, тасымалдау талаптарын белгілейді. ...

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

1. Ақша несие банк, Оқулық  Ғ.С. Сейітқасымов. А.2001 ж.

2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы «Ақша айналысы және несие» А. 2000 ж. Қазақ университеті.

3. Б. Көшенова , Оқу құралы «Ақша несие банк, валюта қатынастары» А. 2000 ж. Экономика.

4. «ҚР-ның ақша жүйесі туралы» ҚР-ның Заңы 13.12.1996. ...