Дипломная работа: Қылмыстық іс жүргізудегі апелляция


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Право, Құқық, криминалистика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
51

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ. 3

 

І-ТАРАУ. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ. 5

1.1 Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулары. 5

1.2. Занды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудыц түсінігі, мәні және маңызы. 19

1.3 Аппеляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы және тәртібі. 21

 

II - ТАРАУ. АППЕЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІСТЕРДІ КАРАУ. 27

2.1.   Аппеляциялық өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні және шектері. 27

2.2.   Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі. 34

 

ІІІ-ТАРАУ. ҮКІМНІҢ КҮШІН ЖОЮ НЕМЕСЕ ОНЫ ӨЗГЕРТУ НЕГІЗДЕРІ 40

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 48

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 51

 

 

І-ТАРАУ. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ.

 

 

1.3 Аппеляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы және тәртібі.

 

 

... ҚР ҚІЖК-нің 402-бабында шағым берудің және наразылық білдірудің салдары көрсетілген:

 

1. Уақытылы берілген шағым немесе нарзылық үкімнің орындалуын тоқтата тұрады.  Мерзімі кешіктіріліп, бірақ мерзімнің сотпен қалпына келтіріліп берілген шағым мен наразылық та үкімнІң орындалуын тоқтата тұрады. Үкімнің орындалуы тоқтатылған қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған сотталушыны және камауда отырған тұлғаны жазасын өтеуге жіберуге, басқа да негізгі және қосымша жазаларды атқаруға жіберуге, сондай-ақ үкімнің азаматтық талап бөлігін және сот шығындарын өтеттіруге болмайды.  Үкімнің орындалуының тоқтатылуы шағым берілмеген сотталушыларға да қатысты, барлық сотталушыларға қатысты жүргізіледі.

 

2. Бірінші сатыдағы сот үкімге (қаулыға) шағымдану, наразылық келтіру үшін белгіленген мерзім біткеннен кейін кешіктірмей, мүдделі тұлғаларға шағым беру және наразылық білдіру туралы хабардар етеді, содан кейін істі келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса аппеляциялық сатыға жібереді және процеске қатысушыларға істің аппеляциялық сатыда каралатын уакыты мен орнын хабарлайды.      

 

3. Үкімге шағымданған, наразылық білдірген адам өзінің шағымын, наразылығын   аппеляциялық  сатыларда   сот   отырысы   басталғанға  дейін

қайтарып   алуға   кұқылы.   Прокурордың   наразылығын   жоғары   тұрған

прокурор да кері қайтарып алуы мүмкін.

 

4.Үкімге шағымданған, наразылық білдірген адам сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдемелермен  толықтыруға құкылы. Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында немесе   оның    наразылықты   туралы    мәлімдемесінде,    сол   сияқты жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің үкімге шағымдану және наразылық білдіру мерзімі өткеннен соң берілген қосымша шағымында, егер мұндай талап бастапкы наразылықта немесе шағымда болмаса, сотталушының жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылмауға тиіс.  ...

 

 

 

ІІІ-ТАРАУ. ҮКІМНІҢ КҮШІН ЖОЮ НЕМЕСЕ ОНЫ ӨЗГЕРТУ НЕГІЗДЕРІ

 

 

... Көп мөлшерде арақ ішкен сотталғандар Қарабасовтың орынсыз, ретсіз жәбірленушіге тиісіп, ақыры пышақ жұмсауына жол берген. Оның тірі жатқанын біле тұра, оның өмірін сақтап қалуға шара жасаудың орнына, адам көрмейтін жерге апарған. Р.Орынбасаров алқасын шешіп алып, екеуі де Қарабасовтың әрі қарай кылмыс жасауына тікелей жағдай тудырып, соған байланысты ол қылмысын одан әрі жалғастырып Күзденбаевтың өмірін қиған.

 

Сондықтан сотталғандар Р.Орынбасаров, Қазизовтың әрекеттері ҚК-нің 28 -бабы 5-бөлігінің, 96-баптың 2-бөлігінің "ж, и" тармақтарымен дәрежеленуге жатады.

 

Сотталған Қарабасов пен Қазизов әрекеттері ҚР ҚК-нің 185-бабының 2-бөлігінің "а" тармағымен дұрыс дәрежеленген. Себебі олар Күзденбаевтың көлігін алып, кейін бірнеше күн заңсыз пайдаланып жүргендерін теріске шығармайды.

 

Осы айтылғандардың нсгізінде және ҚР ҚІЖК-нің 411-бабының 3-бөлігін, 421-бабы 1-бөлігінің 2-тармағын басшылыққа алып Жоғарғы Соттың алқасы Ақтөбе облыстық сотының 2003 жылғы 23 маусымдағы үкіміне өзгерістер енгізіп, сотталғандар: А.Қарабасовтың әрекеттерін ҚК-нің 96-бабының І-бөлігінен сол баптың 2-бөлігінің "ж, п'1 тармақтарым қайта дәрежелеп, 11 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сай қылмыстардың жиынтығы бойынша 12 жыл бас бостаңдығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге соттады. ...

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

I. Қазакстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995.

 

1.        Қазакстан Республиксынық Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 1997 жылы қабылданған.  2003  жылдың   15  мамырына дейінгі толықтырулар мен

өзгертулерімен.

 

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 1997 жыл.

 

3. Қазакстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы. ҚР 25.12.2000 жылғы №132-11 конституциялық заңы.

 

4. ҚР  Президентінің  "Прокуратура туралы"  заң  күші  бар Жарлығы. 21.12.1995. №2709 заңы. ...