Дипломная работа: Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Право, Құқық, криминалистика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
48

Мазмұны

 

КІРІСПЕ. 3

 

I ТАРАУ.  ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ӨНДІРІСТІ ҚЫСҚАРТУДЫҢ ТҮСІНІГІ, МАҢЫЗЫ. 4

1.1 Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі. 4

1.2 Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.. 9

 

II ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУДЫҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ. 11

2.1 Қылмыстық істі қысқартудың негіздері,  жағдайы.. 11

2.2 Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту. 13

2.3 Ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту. 19

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 42

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ   ТІЗІМІ 46

 

 

I ТАРАУ.  ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ӨНДІРІСТІ ҚЫСҚАРТУДЫҢ ТҮСІНІГІ, МАҢЫЗЫ.

 

1.2 Қылмыстық істі қысқартудың маңызы

 

...   Бұндай көзқарас тәжірибеде көптеген істер заңсыз қозғалып, қысқартылумен түсіндіріледі. Бірақ барлық қылмыстық істердің қысқаруы оның заңсыз қозғалуынан жүзеге аспайды.

 

  С.А.Шейфер азаматты қылмыстық жауаптылыққа негізсіз тартпаудың  процессуалдық кепілі қылмыстық істі қысқарту болып табылады. Сот өндірісінің мақсаты болып тек қана қылмыскерді жауапкершілікке тарту мен соттау емес, сонымен қатар сезікті айыпталушы  ретінде ұсталған тұлғаларды уақытылы ақтау қажет.

 

  Егер қылмыстық іс уақытылы және негізді қозғалса да, бірақ тергеу барысында қылмысты дәлелдейтін ақпараттар болмаса, қылмыс дәлелденбесе , онда уақытында қылмыстық іті қысқарту маңызды болып табылады, заңсыз және негізсіз қозғалған қылмыстық істі қысқартумен бірдей.

 

  Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқартудың да маңызы төмен  емес. Біріншіден, қылмыстық жауаптылықтан босатылған азаматтар өзінің әрекеттермен болашақта жақсы ниеттерін дәлелдей алады.

 

Екіншіден, алдын ала органдары өздерінің назарларын тұтас қоғаммен азамат мүдделеріне ауыр зиян келтірілген қоғамдық қауыптілігі өте жоғары қылмыстарды тергеуге жұмсай алады.

 

  Қылмыстық істі қысқарту жәбірленушінің де құқықтарын бұзбайды. Біріншіден, қылмыстық істі қаулыны жәбірленуші шағымдай алады. Екіншіден, қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша белгілі бір тұрғыдан алғанда оң сипаттамасы бар тұлғаға қатысты қысқартылады.Бұл жағдайға сәйкес қылмыстық іс қысқартылғанға дейін ол тұлға жәбірленушімен барлық мәселені шешіп, оған келтірілген залады    өтеген болса, ал басқа жағдайда тергеуші немесе анықтама органдары қылмыстық істі қысқартуға құқығы жоқ . Өйткені қанағаттанбаған жәбірленуші  бұл шығарылған шешімді сотта шағымдай алады. ...

 

II ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУДЫҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ.

 

 

 

2.1 Қылмыстық істі қысқартудың негіздері,  жағдайы

 

... Әдебиеттерде ең көп тараған топтастыруды П.М. Давыдов пен Д.Я. Мирский ұсынды. Материалдық құқықтық және процессуалдық негіздер .

 

Материалдық құқықтық негіздерге қарағанда процессуалдық негіздер іс жүргізушілік заңда арнайы бекітілген негіздерді жатқызады. Оларға қылмыстық өндірісті жүргізуді жоятын   негіздер жатқызылады.

 

Соңғы көзқарасты ұсынтын авторлар материалдық – процессуалдық негіздерге жатқызады:

 

- қылмыс оқиғасының   болмауы  

 

- қылмыс құрамының болмауы

 

- ескіру мерзімінің өтуі

 

- рақымшылық актісінің негізінде, егер жасалған әрекет үшін жазаны жоятын болса

 

- қоғамға қауіпті әрекет жасаған кезде қылмыстық жауаптылық жасына толмауы қылмыс жасаған немесе кінәлі тұлғаның өлімі

 

- қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін жағдайлардың болуы;

 

Қылмыстық істі қысқартудың процессуалдық негіздеріне мына төмендегілер жатқызылады:

 

- сол айыптау ісі бойынша заңды күшіне енген шешімнің болуы, сол негіз бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы соттың ұйғарымы немесе қаулысының болуы;

 

- анықтама, тергеу прокурордың сол іс айыптау қаулысының болуы;

 

- жәбірленушінің шағымының болмауы,егер қылмыстық іс оның шағымы бойынша қозғалуы қажет болса;

 

- жәбірленуші мен айыпталушының бітімгершілікке келуі, егер істің қозғалуы жәбірленушінің шағымы бойынша жүзеге асырылған болса;

 

Тәжірибелік маңызы жағынан, процессуалдық тәртіпке сәйкес қылмыстық істі қысқартудың маңыздылығы басқа жүйелеудің негізіне ие. ...

 

2.3 Ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту

 

 

... Сонымен қатар қылмыстық істі шын өкінуге байланысты қысқарту мүмкіндігі қарастырылған. Шын өкіну алғаш рет ауырнылығы онша емес қылмыс жасаған тұлғаның өзін кінәлі деп есептейді және ол үшін өкініп, жасалғанның құқыққа қайшы сипатын сезінеді.

 

Қылмыстық заң шынайы өкінудің белгілері ретінде ерікті түрде кінәсін мойындап келуі, қылмысты ашуға әрекеттесуді, келтірілген зардаптың орнын толтыру немесе өзге де түрде қылмыс нәтижесінде келтірілген зиянды өтеуді атайды.

 

Бұл жағдайлар қылмыстық істі тек қана сотпен емес, сонымен бірге құқық қорғау органымен алдын ала тергеу стадиясында қысқартуды мүмкін етеді.  Қылмыстық істі қысқартуға дейін тұлғаға істерді қысқарту негіздері және осы негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіру құқығы түсіндірілуі тиіс. ...

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ   ТІЗІМІ

 

 

   1. Д.В. Синёв Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы. 2003 г.

 

2. Б.Қ. Төлеубекова Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы Алматы 2000, 235-238-бет.

 

3.А.А. Рзаев Прекращение уголовного дела по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования: Уч.Пос.;Караганда, 1982, 75 с.

 

4. С.А. Голунский. О прекращении уголовных дел 1937. ...