Жоспар
Кіріспе. 3
1 Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті 4
2 Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің рөлі 9
3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат. 15
Қорытынды.. 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 19
1 Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті
... Әлеуметтік сферада басты орынды мемлекеттік сектор алады (басты функцияларды нарықтық құрылымдар орындайтын экономикадан басқа). Елдегі мемлекеттік сектор көлеміне тәуелді әлеуметтік саясаттың өз ерекшеліктері бар. Тәжірбиеде бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатының әртүрлі көлемінде көрініс береді. Кеңейтілген әлеуметтік саясат әлеуметтік бағдарламалардың қолжетерлігін, әлеуметтік төлемдердің жан – жақтылығын мемлекеттің қайта үлестірілген қызметінің жалпы қамтитын сипатын білдіреді.
Шектеулі әлеуметтік саясат оның минимумға әлеуметтік сфераның дәстүрлі институттарын толықтыру функциясына жинақтауын білдіреді.
Әлеуметтік саясат минималды кіріс кепілдігін беруге халықты аурудан, мүгедектіктен, жұмыссыздықтан, қарттықтан әлеуметтік қорғауға негізделген. Осыған байланысты мемлекеттің минималды өмір жағдайларын қамтамасыз етуі тек қана өз бетімен жасай алмайтын халық тобына арналады.
Қазақстанның әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты болып әлеуметтік бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Экономиканың әлеуметтік бағдары ең алдымен (тұтынушының) өндірістің тұтынушыға бағынуын, халықтың көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз етуді білдіреді, дәл осы дамыған нарықтық механизмі бар экономикаға тән. Сондықтан адам үшін экономиканы құрудың қажетті шарты нарықтық реформаны жалғастыру болып табылады. Мемлекет халықтың материалды жағдайы үшін жүргізілген реформалардың кері әсерлерін азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге ұмтылуы керек, ал бұл үшін реформалар жүйелі, әрбір кезеңнің жүзеге асырылуынан алдын – ала саналған нәтижемен жүргізілуі қажет. ...
3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат.
... ҚР «Күнкөріс минимумы туралы» Заңында «кедейшілік шегі» ұғымына анықтама беріледі, ол халықтың ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет табыстың шегі ретінде түсіндіріледі. Осы «кедейшілік шегі» аз қамтамасыздандырғандарға яғни табысы аздарға мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін көрсетудің критерийі болып табылады және ол мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.
Нарыққа көшу үрдістері бірқатар мемлекеттік кәсіпорындардың тоқтауы мен жабылуы сияқты құбылыстармен қатар жүрді және соның нәтижесі ретінде – жұмыссыздықтың күрделі ауқымдары пайда болды. Жұмыстың болмауы Қазақстандағы кедейшіліктің негізгі себептерінің біріне айналды. Әсіресе ауылдық жердегі жұмыссыздық проблемасы шиелене түсті.
Қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі туралы айғақтайтын көптеген әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер, өтпелі кезеңнің адамдардың әл – ауқатына ықпалын жеңілдету бойынша Үкіметтің тұрақтандыру саясатын жүргізгеніне қарамастан, күрделі өзгерістерге ұшырады. Жұмыссыздық едәуір өсіп, халықтың нақты табыстары төмендеді, өмір сүру ұзақтығы кеміп, денсаулық көрсеткіштері нашарлады және транзитті елдердегі сияқты өткір де өзекті мәселеге айналды. Инфляцияның елеулі қарқындары жағдайында алдыңғы жылдарда кедей тұрмысты халық жіктерінің әлеуметтік жағдайын шиеленістірген мәселе жалақы, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың төлемі бойынша берешектер болды. ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- 1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
- 2. «Қазақстан – 2030» Президенттің Қазақстан халқына жолдауы.
- 3. Президенттің Қазақстан Республикасының азаматтарына жолдауы 2005 жыл. ...