МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ 5
1.1. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны 5
1.2. Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері 6
2 МҮЛІКТІК ИГІЛІКТЕР МЕН ҚҰҚЫҚТАР АЗАМАТТЫҚ–ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ОБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 9
2.1. Мүліктік игіліктер мен құқықтар 9
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастар ретіндегі мүліктік емес игіліктер мен құқықтар 16
3. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ, ӨЗГЕРУ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУ НЕГІЗДЕРІ 19
3.1. Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы 19
3.2. Азаматтық-құқықтық қатынастарды өзгерту және тоқтату негіздері 22
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
1 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.2. Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері
... Азаматтық-құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық-құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады ("өзі әрекет ету" құқығы). Заттық құқықтық субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Атап айтқанда, меншік құқықтық қатынастары заттық құқықтық қатынастар болып табылады. Меншік иесі өзіне тиесілі затты иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы, ал міндетті субъектілер — қандай да бір әрекеттер жасамауы тиіс, оларға меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндет жүктеледі. Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы ("бөгде әрекет" құқығы). Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті.
Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі — зат болмауы мүмкін. ...
2 МҮЛІКТІК ИГІЛІКТЕР МЕН ҚҰҚЫҚТАР АЗАМАТЫҚ–ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ОБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ
2.1. Мүліктік игіліктер мен құқықтар
... Ол белгіленген және міндетті өлшемдерді (реквизитті) сақтай отырып жасалады.Мәселен ,жалпы ережеге сәйкес коносамент жарамды болуы үшін оның белгіленген өлшемі болуы шарт.Онда коносаменттің атауы, белгілі бір соманы төлеуге деген ұсыныс,оны кімнің төлейтіндегі,атауы,төлемді төлеу мерзімі мен орны,кімге немесе тапсырыс бойынша кімнің төлем жасайтындығы,коносементтің жасалған уақыты мен орыны көрсету,коносементті берушінің қолы тәрізді талаптар қамтылады.Осылардың біреуі болмаған жағыдайда коносемент жарамсыз болып танылады.
Құнды қағаздарды бір тұлғада екіншісіне беруге болады.Бұл орайда құнды қағазға қамтылған құқықтарды бәрі соның қарауына өтеді.
Қазіргі кезде құнды қақаздарды негізгі түрлерді деп кеңінен қолданылып жүрген облигация акцяны,жинақ және депозитивті сертификттарды айтамыз.
Құнды қағаз ретінде облигация оны шығарушы (көбіне көп мемлекет) мен сатып алушының иесі белгілі бір тәрттіппен есептелінген оның номиналды бағасы мен пайызының сомасын ала алады (мысалы, ұтыс жолмен).Акция оны иеленушінің (акцонердің) акционерлік қоғам түсірген пайданың бөлігін дивидент ретінде алу құқығын бекітеді, сондай-ақ оған бұл қоғамның басқару ісіне қатысу құқығы беріледі, алакционерлік қоғам таратылған кезде оның пайдасының бір бөлігін меншіктен құқығына ие болады. Банктің жинақ және депозитивтік сертификаты банкке ақша салуыныың белгілі бір мерім өткен соң оны пайызбен алуына құқық береді.
Құнды қағаздар мынадай үш түрге бөлінеді: атаулы, орерлік және ұсынбалы. Оның атаулысы белгілі бір адамға беріледі әрі ондағы құқықты тек өзі ғана жүзеге асырады. Оған мәселен, жинақ және депозитивті серификаттар жатады. Ордерлік түрі де белігілі бір тұлғаға берледі, бірақ ол бұл қағаздарды басқа біреуге бергенде туралы оған жазады (индосамент). Ал ол өз кезегінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады. Т.с.с. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оган облигация және акция жатқызылады. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нормативтік әдебиеттер:
30 тамыз 1995 жылы Республикалық Референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конститутциясы, (7 қазан 1998 жылғы өзгерістер және толықтыруларымен).- Алматы: Қазақстан, 1998. - 96 б.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.- Алматы: ЖШС «Баспа», 2001.- 400 б.
Негізгі әдебиеттер:
“Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығы” Төлеуғалиев Ғ.И., Алматы 2001 жыл
“Азаматтық құқық” Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2003 жыл
“Субекты гражданского права” М.К. Сулейменов., Алматы, 2004 год.
“Субекты гражданского права” Грешников ., Алматы 2003 год ...