Курсовая работа: Ыбырай Алтынсарин еңбектеріндегі әр түрлі жастағы адамдарға білім беру мен тәрбие мәселелер.


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Филология
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
28

ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ. 2

1.   Ыбырай Алтынсарин және дәуір. 5

2.   Ыбырай  Алтынсарин  қазақ  педагогикасының негізін  қалаушы. 10

3.   Ыбырай  Алтынсарин – қазақ  балалар  әдебиетінің  атасы. 16

4.   Ыбырай  мұраларына  көбірек  көңіл  бөлінсе. 23

Қорытынды. 26

Қолданылған  әдебиеттер. 28

 

 

1.     Ыбырай Алтынсарин және дәуір.

 

 

...    Оның  ауруы  күн  өткен  сайын  асқына  берді.  Біраз  күндер  қоныс  аударып,  қымыз  ішіп,   таза  ауа  жұтып  дегендей  табиғат  аясына  шығып  та  көрді,  бірақ  көмек  болмады.  Ұлы  педагогтың  қатты  науқас  екенін  бүкіл  Торғай  даласына  тарады.  Онымен  кездесуге  көңіл  білдіріп,  денаулық  тілеуге  жер – жерден  дос – жарандары,  ұстаздары,  шәкірттері  келіп  жатты...

 

      1889  жылғы  шілде  айының  17 – күні,  күндізгі  сағат  11 – де,  48  жасына  үш  ай үш  қалғанда  Ыбырай   Алтынсарин  Тобы  өзенінің  жағасына  жерленді.

 

      Алтынсарин  баларға  өнегелі  тәрбие  беру  аса  маңызды  іс  деп  білді.  Ол  шәкірттерді  адамгершілікке,  адал  еңбекке,  Отанды  сүюге  тәрбиелейтін.  «Барлық  күш – жігерімді  олардың  мінез – құлқына  ықпал  етуіне  жұмсаймын,  кейін  парақор  болып  шықпауы үшін» - деп  жазды.

 

       Ыбырай  Алтынсарин  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқыту  ісін  заңды  түрде  алғаш  бастаушы,  ревалюцияға  дейінгі  Қазақстанда  педагогикалық  ой – пікірдің  негізін  қалаушысы  болып  табылады. ...

 

 

 

4.     Ыбырай  мұраларына  көбірек  көңіл  бөлінсе.

 

 

...       Ататап  айтатын  жайт – газет  текстсінің  лексикалық  жағынан  тазалылығы.  Мұнда  оқымаған  қазақ  түсінбейтіндей  сөздер  жоқ  деуге  болады.  Әкімшілік  хабарлары  жазылған  ресми  бөлімінде  ғана  бірен – саран  орыс  әкімшілік  терминдері  кездеседі,  олар  да,  көбінесе,  қазақтың  байырғы  айту  формасында   жазылып  берілген.  Ыбырайдың  жалпы  басқа  тілдерден  сөз  алуға  қалай  қарағанын  байқауға  мына  жағдайға  көңіл  аударуға  болады.  Ол  Ильминскийге  бір  хатында  өзінің  табиғи  қазақ  тілін  бұзатын  татаризмге  о  бастан  қарсы  екенін  айта  келіп,  «Алайда,  қазақ  тілінде  қажетті  сөздерді  таба  алмағанда,   қазақ  жазбаларында  кейбір  парсы  немесе  араб  сөздерін  қабылдау  бөтен  болмайды.  Менің  өзім  қазақша  жазбаларымда  оларды  осындай  ретте  қолданамын»  деп  жазды.  Газет  материалдарының  грамматикалық  құрылысынан  қазіргі  әдеби  тілімізден  бөлек  тұрған  ерекшелік  таба  алмаймыз.   Сол  дәуірдегі  қазақ  жазбаларында  кездесетін  өзге  тілдік  жалғау   жұрнақ,  көмекші  сөздер  мұнда  атымен  жоқ.   Қазақ  тілінің  өзіндік  жалғау  жұрнақтары  да,  көбінше,  ауызша  сөйлеу  тілінде  кездесетін  формада  ұшырайды.  Мәселен,  ыңғайластық  жалғаулық  және  көмектес  септігі  қосымшасы  қызметін  атқаратын  мен /бен/,  пен  формасы  газетте  дәл  осы  варианттарда  және  бұған  қосымша  менен  тұлғасында  кездеседі.  Қазаргі  тілімізде  сондықтан  себеп – салдар  жалғаулығыы  газетте  соның  үшін  түрінде,  сияқты  көмекші  сөзі  реуішті  түрінде  ұшырайды.  Бұл  да – жергілікті сөз  қолданыспен  байланысты  қаралса  керек.

 

      Ыбырай  жасаған  бұл  газет  үлгісі – қазақ  баспасөз  тарихынан  белгілі  орын  алатын,  сонымен  қатар  ұлттық  жазба  әдеби  тіліміздің  19  ғасырдың  екінші  жартысындағы  жай – күйін  танытатын  бағалы  документ. ...

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер.

 

 

1. «Ыбырай  Алтынсарин»  (семеннарий).  Әсет  Ламашев.  Алматы:  «Ана  тілі»,  1991ж

 

2. «Ыбырай  Алтынсарин  және  оның  достары  мен  ізбасарлары». (Тарихи  очерктер).  Әсет  Ламашев.  Алматы:  «Қазақстан»,  1998

 

 3. «Кел,  балар,  оқылық».  Ыбырай  Алтынсарин.   Алматы: «Атамұра», 2006 ...