Курсовая работа: Мемлекеттік басқарудың теориялық астары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Государственное и муниципальное управление (ГиМУ)
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
26

Мазмұны

 

Кіріспе. 3

1. Мемлекеттік басқарудың теориялық астары.. 6

2. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі 8

3.  Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізі 11

4. Мемлекеттік басқарудың негізгі әдістері 16

Қорытынды.. 20

Пайдаланылған әдебиеттер. 25

 

 

2. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі

 

... Өкілетті органдардың заңдарды әзірлеуі мен қабылдауы мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі функциялардың бірі. Заң мемлекеттік билік құралы және қоғамдық қызметпен қоғам мүшелерінің арасындағы, олардың мемлекетпен өзара қарым –қатынастарын формальді реттеуші. Заңдардың әрекеттілігі оның орындалуында. Атқарушы билік субъектісі билік жүргізу функциясын басқарушылық іс-әрекетпен үйлестіреді.

 

Мысалы: Үкімет  заңдарды орындауға, сонымен қатар нақты, қоғамдық маңызды қызмет түрлерін жоспарлауға, шешімдерді жүзеге асыруға, олардың орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға міндетті. Оның құрамына билік құрылымдары мен қатар шаруашылық қызметті, халыққа білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті және т. б. салаларға әкімшілік басқару мен саяси жетекшілік ететін органдар кіреді.

 

Сот билігі субъектісі басқару процесінің ажырамас элементі болып табылатын сотта іс жүргізу арқылы әділ сот функциясын жүзеге асырады.

 

Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай: оталық, аймақтық және жергілікті басқару органдары болып бөлінеді. ...

 

4. Мемлекеттік басқарудың негізгі әдістері

 

... Саяси-әлеуметтік әдістер адамдардың еңбек, тұрмыс жағдайларымен, оларға әлеуметтік қызмет көрсету, қоғамдық және саяси белсенділіктерін дамытумен, билік процестеріне қатысуымен байланысты.

 

Бұл әдістер адамдардың саяси-әлеуметтік мүдделеріне, олардың қоғамдағы мәртебесіне, өзін-өзі еркін көрсету мүмкіндігіне әсер етеді. Мемлекеттегі демократизмнің дамуы көрсетілген әдістер рөлінің объективті түрде артуына әкеледі.

 

Әлеуметтік әдістер басқару жүйесі мен  қоғамның өзара іс-әрекетіндегі кері байланысты оқып-үйренудің негізгі құралы бола отырып, көбінесе мемлекеттік институттардың қандай да бір шешімдеріне деген халықтың жеке әлеуметтік топтарының  көзқарастарында көрініс табады. Әлеуметтік, оның ішінде эмпирикалық әдістердің көмегімен экономикалық, құқықтық жүйенің, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік тиімділігі анықталады.  Сонымен қатар бұл әдістер мемлекеттік басқару аясындағы жеке адамдардың тәртібін, іс-әрекеттерін және саяси бағдарын талдауға мүмкіндік береді.

 

Моральдық-этикалық әдістер адамдардың абыройы мен қадір-қасиетіне, ар-ұятына бағытталған. Оларға тәрбие жұмыстары, басқарудың мақсаттары мен мазмұнын түсіндіру жұмыстары, моральдық ынталандыру   құралдары  мен жаза қолдану, адам мінезінің психологиялық ерекшеліктерін  ескеру  тәсілдері жатады.

 

Олардың мәні басқару және оны жүзеге асыру үшін қажет әрекеттерге қатысты белгілі бір сенімділікті, рухани құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді, психологиялық ұстанымдарды қалыптастыру мен қолдау. ...

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

1. Мемлекеттік басқару жүйесін  жетілдіруге бағытталған     шараларды          іске   асыру жөніндегі іс-шаралар жасрапы туралы // Егемен  Қазақстан.- 2006. 13 қыркүйек;

 

2. “Теория  государственного управления” Атаманчук Г. В. // Москва, 2004; ...