Жоспар
Кіріспе. 2
1. Дипломатиялық және консулдық құқықтың тарихы.. 5
2. Сыртқы қатынас органдары.. 6
3. Шетелдердегі Қазақстанның консулдық қызметі 13
Қорытынды.. 15
1. Дипломатиялық және консулдық құқықтың тарихы
... Қазақ хандығы өзге мемлекеттермен қарым-қатынас барысында дипломатиялық құқық нормаларын белсенді түрде қолданды. Сыртқы саясатты тиімді жүргізудің нәтижесінде бүгінгі ұрпақтың игілігіне айналып отырған осынау ұлан-байтақ жерді жау шапқыншылытарынан аман алып қалған. Егеменді мемлекет ретінде қалыптасқан Қазақстан Республикасы БҰҰ тәріздес ірі халықаралық ұйымдардың мүшелігін қабылдады. Артыншаоның алдында өзіндік сыртқы саясатты қалыптастыру, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету тәрізді күрделі мәселелер пайда болды. Осы тұста Қазақстан үшін өзге мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтуда дипломатиялық құқықтың маңызы өсті. Тәуелсіздік алған осы бір уақыт аралығында Қазақстан дипломатия мәселесіне қатысты көптеген екі жақты халықаралық шарттарға отырды. Дипломатия саласының жалпы сипатын иеленуші халықаралық кенлісімдерге қосылды, сол арқылы өзіндік құқықтық база қалыптастыру арқылы дипломатиялық қатынастың дамуына үлес қосты. ...
3. Шетелдердегі Қазақстанның консулдық қызметі
... Консулдық орналасқан мемлекет тиім салмаса консул Қазақстан республикасы соты және тергеу органдарының белгілі тапсырмаларын орындайды.
Қазақстан Республикасынан тыс өмір сүріп жатқан Қазақстан азаматтарының бала асырап алу мәселесі бойынша қызметті жүзеге асырады. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының кәмелетке толмай әке-шешесінен айырылған болса, оған қамқоршы тағайындауға қатысты мәселені қарайды.
Егер азамат өлген жағдайда оның мүлкінің сақталып, оның Қазақстандағы мұрагеріне табысталуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы консулы Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаларын, құжаттарын, бағалы қағаздарын т.б. қымбат заттарын сақтауға алады. Сондай-ақ, консулдың міндеттеріне Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты қандайда бір қылмысқа қатысты сезікті ретінде қамауға алынған немесе жазасын өтеу орындарында отырғандардың немесе әкімшілік жазаға тартылғандардың сол мемлекеттің заңдары мен халықаралық шарттарын орындауын бақылау және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету.
Консулға Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорт беру және олардың мерзімін ұзартуға, визаларды жасауға, беруге, тоқтатуға құқық берілген. Сонымен қатар консул әр түрлі нотариалдық қызмет атқарады. ...