МАЗМҰНЫ.
Кіріспе
І тарау. Мектепке дейінге щақта ойын – баланың басты іс-әрекеті.
1.1. Ойын іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы.
1.2. Ойын мақсатын талдау және оның мәні.
1.3. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тілін дамытудағы
ойынның маңызы.
ІІ тарау. Баланың мінез-құлқындағы еріктік әрекеттердің алатын
орны.
2.1. Еріктің сипаттамасы.
2.2. Ерік және оқушыда моральдық істің қалыптасуы.
2.3. Ерік әрекеттерінің дамудағы бағыттар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
ІІ тарау. Баланың мінез-құлқындағы еріктік әрекеттердің алатын орны.
2.2. Ерік және оқушыда моральдық істің қалыптасуы
... Моральдық істерді меңгеруде ерік процессінің әр түрлі іс-әрекетінде, айталық, мақсатқа талпынушылықты, өз беттілікті, табандылықты, т.б. тәрбиеледің үлке маңызы бар. Еріктің осы қасиеттерін тәрбиелеу өзінше бөлек жұмыс деп түсінбей, оны оқу-тәрбие жұмысының әр түлі салаларын жүргізу үстінде қалыптасады деп қараған дұрыс. Бірақ еріктің бұл қасиеттерін тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктері кездеседі. Мысалы, баланың мақсатына, пайдасыз істермен шұғылдануын болдырмау үшін, әр істі оған мерзімінде орындатып, сонымен бірге тек не істеу керек екенін айтып қоймай, әр істің қандай жолмен, қандай амалмен орындалатыны жөнінде нұсқаулар беріліп отыруы тиіс. Мақсатқа талпынушылық тек іспен шұғылдану, бір нәрсемен әуре болу емес, осыны орындауға терең берілу деп түсіну керек. Мұндай қасиетке ие болу оқушыны берілген тапсырманы қалай орындау жөнінде терең ойландырып, іске пассивті түрде кірісуге жол бермей, мұны белгілі бір мақсатпен орындауға талпындыру керек.
Ерікті тәрбиелеудің осы қасиетіне, оның өз беттілік қасиетін тәрбиелеу тығыз байланысты. Өз беттілік деп оқушының тапсырмаларды басқа кісілердің көмегінсіз, өз бетімен орындай алуын атайды. Мысалы, оқушы оның алдына қойылған мақсат бойынша, әр тапсырманы өз бетімен орындауға тырысуы керек. Мұндай дәрежеге жету оқушының жасынан үй жұмысын, тапсырмаларын өзгелердің көмегінсіз өз бетімен орындауға жаттықтырудан басталады. Сонымен қатар өз беттілікті тәрбиелеуде сабақтың көпшлігін оқушыларды қатысты жүргізіп және мазмұндардың кейбір қиын жерлерін жаттығу арқылы өздерінің күшімен өткізу ерекше орын алады.
Ал, еріктің табандылық қасиетіне келсек, бұл үнемі режим сақтап, қиыншылықтың қай-қайсысын да жеңуге жаттығудың нәтижесінде қалыптасады. Қиыншылықты жеңу оқушының әдетіне айналып, мұқтаждығының бірі болып кетсе, онда ол осыдан қашудың орнына, мұны меңгеруге, ұмтыла түсетін болады. мысалы, 6-класстың бір оқушысы мектептен келіп ас ішкеннен кейін кешкі сағат 8-ден 9-ға дейін шаңғы тебуге үйреніпті. Кейін салқын тиіп жөтелгенде, оған анасы бүгін шаңғы тебуге бармай-аққой, ауырып қаларсың дегенде, ол оған: «Егер солдат жөтелсе, онда оны осы үшін ауруханаға бірден салмайды ғой» деп сұранып, шаңғы тебуге кетіпті. ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Е.И.Рогов. «Общая психология» (Курс лекций)
2. Л.Д.Столяренко «Основы психологии» Ростов-на-Дону, Феникс, 2005.
3. Р.С.Немов «Общая психология» Москва, 2001.
4. И.Ж.Намазбаева «Психология» Алматы, 2005.
5. В.С.Мухина «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы» Алматы, 1986. ...