Курсовая работа: Мектепке дейінгі балалардың дамуы және оқытуы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Психология
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
42

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

1.1. Бала дамуындағы тұқым қуалаушылықтың ролі.

1.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі.

1.3. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай бөлу.

ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің даму

2.2. Ойын – балаларды дамыту және тәрбиелеу құралы.

2.3. Психологиялық ойын-жаттығуларды іс-тәжірибеде қолдану.

2.4. Буденнов орта мектебінің шағын-орталығында балаларды дамыту үшін жүргізілген жұмыс.

Әдебиеттер

 

 

1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

 

1.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі.

 

 

 

... Кейбір талант ерте танылады. Мысалы: Австрия композиторы В. А. Моцарттың (1756 – 1791) музыкаға қабілеті 3 жасында көрініс тауып, 7 жасында Европаны таңдандырған. Поляк композиторы Ф. Шопеннің анасы (музыкант) баласының талантын 2 – 3 жасында байқаған. Музыка естісе, көзіне жас келеді екен, оны арнаулы мұғалім оқытып, тәрбиелеген.

 

Кейбір баланың қабілеттілігі өте кеш көрініс табады. Мысалы, неміс халқынын көрнекті географы, геофизигі, гидрографы, табиғат зерттеушісі Вильгелм Гумбольт жас кезінде ойға шорқақ, ағылшынның данышпан физигі, астрономы, математигі, ұлы ғалымы Исаак Ньютонның оқуға қабілеті төмен, ағылшынның ұлы физигі Майкл Фарадейдің есте сақтау қабілетін өте нашар болған.

 

Баланың дұрыс дамуына қоғамдағы халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруы, хал-ахуалы мен мәдени дәрежесінің артуы жеткіліксіз, оған мақсатқа бағытталған педагогикалық байыпты басшылық қажет. Педагог баланың бейімділігінтанып, оған сүйене отырып, қызыушылығының, ынтасының нақты қабілеттілікке айналуына, ан-жақты дамуына жағдай жасайды. Дарынды балаларға жеке әдіс-тәсіл қолдана отырып, дамуы уақытша кешеуілдеген балалардың дамуына толық жағдай тудыру абзал.

 

Қорыта келгенде, тұқым қуалаушылық жолымен ауысқан биологиялық ерекшеліктер адамның дүниеге көзқарасын, сенімін қалыптастыруға ықпал ете алмайды. Айналадағы орта мен мақсатқа бағытталған тәрбие, баланың жүйелі әрекетін ұйымдастыру, оған дұрыс басшылық ету ғана бала дамуында шешуші роль атқарады. ...

 

 

 

ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

 

2. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің даму

 

 

 

... Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян «...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін» деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.

 

Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі.

 

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

 

Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады. ...

 

 

 

 

Әдебиеттер:

 

 

1. Ә. Меңжанова «Мектепке дейінгі педагогика» - Алматы «РАУАН» 1992

 

20 – 46 беті

 

2.  Ф. Н. Жумабекова «Мектепке дейінгі педагогика» Астана «ФОЛИАНТ» 2008 55 – 78 беті.

 

3.  «Мектепалды даярлық» журналы № 6 2009жылы 19 – 20 беті.

 

4. «Мектепалды даярлық» журналы № 4 2009 жылы 11 – 12 беті. ...