Реферат: Тауардың өмірлік циклдері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Маркетинг
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
18

ЖОСПАР

 

 

1.   Тауардың, өмірлік циклдері 1

2.   Тауардың өмірлік циклі бірнеше кезеңдерге бөлінуі мүмкін. 4

3.   Тауардың   өмірлік   циклінің   жетілу   кезеңі 9

 

 

2.     Тауардың өмірлік циклі бірнеше кезеңдерге бөлінуі мүмкін.

 

 

... Сөйтіп тауардың сатып алу ауқымы кеңейе келе, оның нарықтағы   беделі   өсіп,   тұтынушылар  оның,   сапасының   әр түрлілігіне онша көңіл аудармай, ала береді. Тауарды бөлу жаппай тауар өткізу жүйелері бойынша жүргізіліп жатады да, оның  қозғалысы   күннен-күнге  жеделдеп,  көлемі  өсе  түседі Осылайша,   тауар   бағасы   өзінің   жеткілікті   деп   танылған деңгейіне жетіп, тауардың өндіріске жаңадан енген кезінен біршама төмендеу болады. Өндіріс жоғары бағаның есебінен елеулі пайда түсіре отырып, оның мөлшері өсу сатысының соңына қарай ең жоғары деңгейге жетеді. 

 

Тауардың өмірлік циклінің алғашқы кезеңінде оны жарнамалауға жұмсалатын қаржы қомақты болады. Бірақ тауар дамуының келесі кезеңдеріндегі жарнамалауға жұмсалатын қаржы көлемі азая түседі және бұл жарнамалардың мазмұны: тауардың кұндылығы мен қасиеттеріне, оның нарықта алатын жетекші орнына, саудалық таңбасына, бәсеке жағдайындағы беделіне ерекше көңіл аударуға қарай ойысады. Міне, жарнамалаудың осы үлгідегі әрекеті тауар саудасында аса маңызды рөл атқарады.

 

Осы    орайда    маркетингтік    қызметтен:   тауар   түрлерін жетілдіру мен сапасын жоғарылату есебінен тікелей бәсекеден құтылу, тауарға ең жақсы сұраныс іздестіру және оның көлемін өсіру жолдарын қарастыру, тұтынушылардың қажеттеріне сай тауар өндіруді қамтамасыз ету, тауар өткізуді ынталандыруды жоғары деңгейге көтеру, тауар бағасының құралу жүйесі мен факторларын жетілдіру және баға деңгейін тутынушылардың төлеу қабілетіне жақындату проблемаларын шешу талап етіледі.  ...

 

3.     Тауардың   өмірлік   циклінің   жетілу   кезеңі

 

 

... Тауар өндіруші өз тұтынушыларына баса көңіл бөле отырып, олардың тапсырыста көрсетілген талап-тілегіне сәйкес тауар өндіруге, онық жаңа түрлерін ұсынуға және тауар сатылғаннан кейін де соңғы қызмет түрлерін көрсетуге әзір тұруы кажет. Бұл арада жарнама, т. б. шаралардың ішінен, әсіресе, тауарды жеке сату техникасынық маңызы ерекше.

 

Қосалқы құрал-жабдыктар қозғалыстағы зауыттық және кеңселік құрал-саймандарды камтығанымен, өндіріс процесінде катыспайды. Сол себепті де дайын өнімдердің құнына әсерін тигізбейді және тек өндіріске көмегін тигізумен ғана шектеледі Кейбір косалқы құрал-жабдықтар өндірушілер өз өнімдерін тұтынушыларға тікелей сатқанымен, олардың негізгі көлемі — тұтынушылардың географиялық тұрғыдан орналасуы шашырандылау және сатып алушылары көп болуына байланысты делдалдар көмегімен сатылады. Мұндай тауарлардың колданудағы өмірлік циклі стационарлық құрал-жабдықтардан қысқалығы себепті жиі жаңартылып отырумен қатар, ұзаққа созылмай сатылып алынады. Бұл тәрізді тауарлардың өндірушілерін таңдап алуда ең алдымен тауардың сапасы, қасиеті және бағасы есепке алынады, оған қоса, тағы да сервистік қызмет көрсетуге баса назар аударылады. ...